Super User

Super User

Түркістан қаласы мен Сауран ауданы әкімдігінің әскерге шақыру бекеті ашылды

Бүгін Түркістан қаласы мен Сауран ауданы әкімшілігінің әскерге шақыру бекеті күрделі жөндеуден өтіп, қайта пайдалануға берілді. Әскерге шақыру пунктінің ашылу салтанатына қала әкімі Әзімбек Пазылбекұлы, қалалық мәслихат төрағасы Ғаппар Амантайұлы, зиялы қауым өкілдері мен ардагерлер кеңесінің мүшелері, әскери қызметшілер мен мемлекеттік органдардың өкілдері, сонымен қатар әскерге аттанғалы тұрған сарбаздар мен белсенді жастар қатысты.

Түркістан қаласында толық жаңғыртудан өткізілген жедел медициналық жәрдем бекеті пайдалануға берілді

Бүгін Түркістан қаласындағы күрделі жөндеуден өткен №2 жедел медициналық жәрдем бекетін халық игілігіне табысталды. Бұрын ұзақ уақыт қараусыз тұрған ғимарат толықтай жаңғыртылып, заманауи талаптарға сай медициналық нысан ретінде қайта пайдалануға берілді.

Түркістан қаласы: қоғамдық тәртіп пен «Шарапсыз қала» бастамасын жүзеге асыру бойынша кешенді шаралар күшейтілуде

Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлының төрағалығымен өткен мәжілісте «Шарапсыз қала – киелі Түркістан!» бастамасы аясында қала аумағындағы қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету, заңсыз алкоголь айналымының алдын алу және криминогендік ахуалды төмендету мәселелері қаралды.

Түркістан қаласының әкімі еңбек адамдарын жаңа жыл мерекесімен құттықтады

Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы қаланың коммуналдық-инфрақұрылым саласында еңбек етіп жүрген қызметкерлермен кездесіп, келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтады. Басқосуға қала тазалығын сақтауға күн сайын үлес қосып жүрген коммуналдық мекеме қызметкерлері қатысты.

Осы RSS каналға жазылу