Жексенбі, 23 Маусым 2024 14:43

Түркістан: 2200 оқушы жазғы лагерлерде демалатын болады

Жаз айы – балалар үшін жылдың ең қызықты маусымы, бір жыл бойына күткен демалыс уақыты. Сондықтан да жазғы маусымды асыға күтетін балалардың демалыстарын жоғары дәрежеде ұйымдастыру ата-аналармен қоса Түркістан қалалық білім бөлімінің де басты міндеттерінің бірі. Осы мақсатта бөлім жыл сайын қарқынды жұмыс жүргізіп келеді.

Жылдағы дәстүрге сәйкес биыл да мектеп жанындағы лагерлер ұйымдастырылып, қаламыздағы 32 мектепте осындай лагерлерде демалыстарын қызықты да тиімді өткізу мақсатында қызықты ойындар, саяхаттар және үйірмелер ұйымдастырылды. Ал, бөлімге қарасты жазғы сауықтыру лагерінде 900 бала, Төле би ауданындағы «Эделвейс» лагерінде 1000 бала, «Гавай» лагерінде 300 бала демалысы ұйымдастырылуда. Қазіргі таңда «Гавай» лагерінде 100 бала, «Эделвейс» лагерінде 300 бала демалып үлгерді.

Бөлімге қарасты жазғы сауықтыру лагері де өз жұмысын бастап кетті. Алғашқы маусымда 150 баланы қабылдаған лагерде балалардың жоғары деңгейде демалуларына барлық жағдай жасалған. Маусымның ашылу салтанатында сөз алған қала әкімінің орынбасары Мекенхан Қырықбаев пен білім бөлімінің басшысы Оразкүл Қолдасова балаларды жаңа маусымның ашылуымен құттықтап, жазғы демалыстарын жақсы өткізулеріне тілектестік білдірді. Өз кезегінде оқушылар өз өнерлерін көрсетіп, лагерде тек демалып қана қоймай, өнерге де бейімделгендікдерін байқатты.

Лагер басшысы Бекарыс Шойбеков білім бөлімінің басшысы Оразкүл Шайхықызы мен «AMANAT» партиясы Түркістан қалалық филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссиясы төрағасының орынбасары Бақытжан Әбибуллаұлын лагердің тыныс-тіршілігімен, балаларға жасалған жағдайлармен таныстырып, 900 баланың демалулары үшін барлық жағдайлар жасалғандығын атап өтті.

Жаз мезгілі - мектеп оқушыларының жалпы физиологиялық, сана - сезімдік, дүниетанымдық тұрғыда даму, жетілу кезеңі.Бастауыш және орта буын сыныптарының балалары үшін бұл уақыт - табиғатпен ерекше үндестік тауып, дүниетаным аясы кеңейетін, көзқарас қалыптасып, үйренуге ықыласы артатын жылдың тамаша мезгілі. Жаз мезгілінде оқушылардың өзінің шығармашылығымен айналысуға, қабілеттерін арттыруға мүмкіндік беретін - балалардың күндіз келіп демалатын мектеп жанындағы жазғы лагерь ұйымдастырылуда.

Мектеп жанындағы лагерь – ерекше романтикалық стилі мен сарыны бар өзгеше өмір сүру сатысы, жаңа режим. Балалар бұрынғы өмір салтынан айырмашылығы бар басқа ұжымда өмір сүріп, қызмет жасай бастайды. Әр түрлі ойындар, ойын-сауықтар, сабақтарды таңдау еріктілігі, бір жыл бойы шығындалған күш-қуаттың орнын толтыру, бала денсаулығын қалыпқа келтіру, балалармен еркін қарым-қатынас жасау – мұның барлығы баланың шығармашылық әлеуетін ашуға ықпал етеді.

Жазғы мектеп жанындағы лагерь денсаулықты нығайту, дене күшін дамыту, біліммен және жаңа әсермен толығу үшін оқушылардың жазғы демалысын барынша тиімді пайдалануға септігін тигізеді. Мұндай белсенді демалыс түрі уақытша балалар ұжымының дамып, бірігіп жұмыс жасауына ықпал етіп қана қоймай, оқушының әлеуметтік зиятының дамуы және кез-келген ұжымда алған өзара қарым-қатынас жасау тәжірибесін қолдану, соның ішінде оны келесі оқу жылында қолдану үшін негіз болып табылады. Бейресми қарым-қатынас жасау үшін үлкен мүмкіндіктер пайда болады. Бейресми жағдай балалардың дербестілігін ұйымдастыру мен дамытуға, жеке қабілеттерін тәрбиелеуге, белсенділігін қалыптастыруға, әр түрлі білік, дағдыларды үйренуге мүмкіндік береді.

Жазғы уақытта қалада қалатын балалардың жұмысбастылығы жасөспірімдердің бақылаусыздығының алдын алу және бейәлеуметтік мінез-құлқының превентивті түрі ретінде үлкен рөл атқарады. Осылайша, жазғы сауықтыру демалысын дұрыс ұйымдастыру өсіп келе жатқан балалардың ағзасын физикалық және психологиялық тұрғыдан нығайтуға, таңдалған қызмет бағыты бойынша үйірмелерде жұмыс жасау нәтижесінде жаңа білік, дағдыларды үйренуге мүмкіндік береді.

Балалардың жазғы сауықтыру демалысын ұйымдастыру мақсаты: балалар мен жасөспірімдердің денсаулығын нығайту, сондай-ақ жеке тұлға шығармашылық тұрғыдан өз болмысын көрсету үшін жағдайлар жасау; әр түрлі қызмет түрлерінің негізінде балалар мен жасөспірімдердің өзіндік дамуы, өзін-өзін тануы үшін жағдайларды қамтамасыз ету; балалар ұжымын қалыптастыру және біріктіру; дербестілікті, белсенділікті, жасаған таңдау үшін жауапкершілікті дамыту; сауықтыру және профилактикалық шараларды іске асыру.

Міндеттер: ойындық жағдайды талдау негізінде табыс жағдайын үлгілеу және жасау; қызмет саласын саналы түрде таңдау, өз мүддесін білдіру, өзінің әрі қарайғы даму перспективаларын белгілеуге үйрету; балалардың шығармашылық әлеуетін ашу; өзара түсінісу, ынтымақтастық, ізгі ниеттілік, қуаныш негізінде қолайлы климатты қалыптастыру; балалардың өз замандастарымен қарым-қатынас жасау мәдениеті мен балалардың, жасөспірімдердің табысты әлеуметтенуіне ықпал ететін толеранттылықты дамыту; өз денсаулығына күтіммен қарауды қалыптастыру; оқушылардың қоршаған орта туралы түсініктерін толықтыру, ой-өрістерін кеңейту.

Жазғы мектеп жанындағы лагерь қызметінің негізгі қағидалары Ұжымда сенімділік, білуге және дамуға талпыну атмосферасын қалыптастыру. Әр тұлғаның ерекшеліктерін есепке алу. Жасөспірімдердің жазғы уақытта барынша бос болмауы. Тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің табысты өзара қарым-қатынасы. Ұжымдық қызмет. Балалар лагері жағдайларында баланы өзін-өзі іске асыруы.

Жалпы, жазғы сауықтыру лагерінің қандай пайдасы бар? Осы туралы кеңірек айта отырсақ. Жаз маусымы басталысымен балаларын түрлі лагерьлерге жібергісі келетін ата-аналардың уайымы көбейеді. Бірі балаларының лагерьге барғанын дұрыс, бірі бұрыс көреді. Шын мәнінде жазғы лагерь қаншалықты қызықты әрі қауіпсіз? Ата-аналардың уайымы орынды ма?

Егер балаңыз жан-жағымен тез тіл табысып кете алатын болса, онда оның лагерьдегі әр күні қызықты өтпек. Әдетте лагерьге әр түрлі қалалардан, әр нәрсеге қабілетті балалар келеді. Олар өз тәжірибелерімен бөлісіп қана қоймай, балаңызбен әңгімелесіп, оның кез келген адаммен сөйлесу қабілетін дамытуына көмектеседі.

Жазғы лагерь – бұл тек демалатын жер емес. Лагерь – әр түрлі жарыстарға қатысып, баланың ашылмай жүрген талантын, белгілі бір қабілетін ашатын орын. Жарыстардан бөлек онда балалар өздері концерттік қойылымдар ұйымдастырып, спорттық ойындар ойнайды. Онымен қоса жазғы сауықтыру лагерьлерінде балалар топпен жұмыс істеуге, көпшіліктің ортасында өзін көрсетуге бейімделеді.

Лагерьде бала өзін еркін сезінеді

Түрлі ойындар, хормен ән айту, кешке би кеші – әрине, мұның бәрі жақсы. Бірақ лагерь баланың тәуелсіз болып жүретін жері. Себебі лагерьде бала ата-анасының қадағалауынсыз қалып, кішігірім шешімдерді өзі қабылдап, жеке жүріп дағдыланады. Демалыс орнында қыздардың шашын тарауға көмектесетін, ұлдардың заттары шашылып жатса жинап қоятын аналары болмайды. Міне, осындай ұсақ-түйек істерді балалар өздері істеп, ересектерше жүруге дағдыланады. Басында мұндай сәттер балаларға ұнамауы мүмкін. Алайда уақыт өте келе мұндай жағдайдың өздеріне пайдасы болады. Ата-аналарға да балаларының есейіп, өз істеріне жауап беруге үйренгені тиімді.

Лагерьдің тағы бір пайдасы – таза ауасы. Әдетте жазғы лагерьлер тауда, табиғат аясында орналасқан. Сабақтардың, іс-шаралардың табиғат аясында өтуі мектепте ең жетіспейтін нәрсе еді. Таудың ауасымен тыныстап, ағын судың жанында ойнау бала денсаулығына, иммунитетіне, шымыр болуына көп көмектеседі.

Бірақ бұл жағдайлардың барлығы кейбір балалар үшін қолайсыз болуы мүмкін. Мектепте күні бойы өтетін сабақтардан шаршаған кейбір оқушылар демалысты өз үйлерінде ешқандай режимсіз өткізгілері келеді. Лагерьдегі нақты жоспар бойынша өтетін күндер мұндай балаларға ұнамасы анық.

Тағы айта кететін дүние лагерьде баланың өз үйіндегідей жеке бөлмесі болмайды. Жалпы бөлмеден бөлек лагерьдегі барлық орындар топқа, көпшілікке арналған. Бір бөлмеде ұйықтау, бірге тамақтану, ортақ душ – кейбір балаларға ыңғайсыздық тудыруы мүмкін. Алайда лагерьдің бар қызығы сол ортақ болуында емес пе?

Ата-аналар назарына:

Балаңызды жазғы лагерьге жаздырмас бұрын алдымен балаңызбен ақылдасыңыз. Оның қандай демалыс орнына барғысы келетінін сұрауыңыз балаңыздың отбасындағы өз орнын сезінуіне себеп болады.

Лагерьді таңдамас бұрын өзге ата-аналардың пікіріне құлақ түріңіз. Өзіңізге ұнаған лагерь туралы интернетте жазылған комментарийлерді оқуды ұмытпаңыз.

Алдын-ала балаңыздың лагерьге баратын уақытын айқындап алыңыз. Мектептегі сабақтардың, қосымша шаралардың бітуін күтіңіз.

Балаңызбен лагерь туралы сөйлесіп, ішкі ережелерін түсіндіріңіз. Лагерьдегі әр күн таңғы жаттығудан, түскі демалу уақытынан, кешкі би кешінен тұратынын айтыңыз.

Балаңызды жазғы сауықтыру лагеріне жіберуге қорықпаңыз. Қайта балаңыздың лагерьден кейінгі демалып, жақсы жағынан өзгеріп келген сәтін елестетіңіз.

Жаңа жерде бала айналасындағы әлем туралы көбірек білуге мүмкіндік алады. Жазғы балалар лагерлері, әдетте, оның күнделікті тұратын жерінен ерекшеленетін жерлерде орналасқан. Мысалы, лагерь орман аумағында, тауларда, жағалауда және т. б. орналасуы мүмкін. Мұндай саяхат балаға жаңа аймақтың флорасы мен фаунасымен жақынырақ танысуға, жаңа жерлерге барудан көптеген жағымды әсер алуға көмектеседі.Жазғы балалар лагері баланың қарым-қатынас дағдыларын дамытуға көмектеседі. 

Лагерьде демалу тек қарапайым жазғы демалыс емес, ол баланың өсіп-өркендеуі үшін маңызды қадам болып табылады. Лагерь - балаға тәуелсіз және жауапты болуға көмектесетін қандайда да бір еркіндік берудің керемет мүмкіндігі. Лагерьде бала қарым-қатынас дағдыларын меңгеруге, командамен жұмыс істеп үйренуге, достар шеңберін кеңейтуге мүмкіндік алады. Жазғы сауықтыру ұйымдарының негізгі міндеті – балалардың қауіпсіз демалуын және сауықтыруын қамтамасыз ету болып табылады.

 Жазғы сауықтыру лагерьлердің (қала сыртындағы лагерьлер) ашылуы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022  жылғы 10 тамыздағы №78  бұйрығымен бекітілген «Балалардың сауықтыру және санаторий объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларының талаптарына сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды болған жағдайда жүзеге асырылады.

Санитар-эпидемиологтар жазғы лагерьді таңдаған кезде,  төмендегі ұсыныстарды ұсынады:

 - сауықтыру лагерінің қызметі бойынша санитариялық-эпидемиологиялық қорытындысы бар екендігіне көз жеткізу;

 - балалардың жатын бөлмелерінің жағдайына назар аударыңыздар. Балалар бөлмелері кең, жарық, жөндеуден өткен, тұруға жайлы және ойын ойнауға қажеттінің бәрі болуы керек. Бөлмеде қанша бала бар екенін, терезелер ашылатынын, қаншалықты жиі тазаланатыны туралы сұрастыру қажет. Өйткені, бір жатын бөлмедегі орын саны бір балаға 4 м2 есебінен көзделеді. Жақсы көңіл-күй мен әл-ауқат ғана емес, кейде баланың денсаулығы да осы кішкентай нәрселерге байланысты болады;

 - лагерьдегі балалардың тамақтануына назар аударыңыз. Тамақтану арасындағы интервал 3,5 - 4 сағаттан асырмай, қосымша екінші таңғы ас немесе кешкі ас бар кемінде бес реттік тамақтандыру көзделеді. Тамақ арасындағы аралықта ас мәзіріне қымызды немесе қышқыл сүт өнімін енгізу ұсынылады. Объекті басшысы бекіткен перспективтік маусымдық (жаз-күз, қыс-көктем) екі апталық мәзір жасалады. Мәзір жасау кезінде өңірде шығарылатын отандық өнімдер ассортименті ескеріледі. Балаларды тамақтандыру рационында витаминді-минералдық кешенмен байытылған тамақ өнімдері көзделеді (темірмен байытылған ұн, йодталған тұз, йод пен және басқа да микроэлементтермен байытылған қышқыл-сүт өнімдері және т.б). Ата-аналар өнімдердің сапасына сенімді болуы керек, сондықтан ұсынылған мәзірмен алдын ала танысуға болады;

 - Балаларды оңалту кезінде қатайту және қалпына келтіру процедураларына көп көңіл бөлу керек (ваннаға түсу, ауа ванналары, таза ауада таңертеңгілік жаттығулар, аяққа контрастты су құю, қырлы тақтаймен жүру).

Лагерьдің тағы бір пайдасы – таза ауасы. Әдетте жазғы лагерьлер тауда, табиғат аясында орналасқан. Таудың ауасымен тыныстап, ағын судың жанында ойнау бала денсаулығына, иммунитетіне, шымыр болуына көп көмектеседі. Бірақ бұл жағдайлардың барлығы кейбір балалар үшін қолайсыз болуы мүмкін. Мектепте күні бойы өтетін сабақтардан шаршаған кейбір оқушылар демалысты өз үйлерінде ешқандай режимсіз өткізгілері келеді. Лагерьдегі нақты жоспар бойынша өтетін күндер мұндай балаларға ұнамасы анық.

Айта кететін жайт, лагерьде баланың өз үйіндегідей жеке бөлмесі болмайды. Жалпы бөлмеден бөлек лагерьдегі барлық орындар топқа, көпшілікке арналған. Бір бөлмеде ұйықтау, бірге тамақтану кейбір балаларға ыңғайсыздық тудыруы мүмкін. Сондықтан балаңызбен лагерь туралы сөйлесіп, ішкі ережелерін түсіндірген абзал. Лагерьдегі әр күн таңғы жаттығудан, түскі демалу уақытынан, кешкі би кешінен тұра­тынын айтқан дұрыс. Балаңызды жазғы сауықтыру лагеріне жіберуге қорықпаңыз. Қайта балаңыздың лагерьден кейінгі демалып, жақсы жағынан өзгеріп келген сәтін көз алдыңызға елестетіңіз.

Жазғы лагерьге тегін жолдама кімдерге беріледі?

Жазғы демалыс лагерьлеріне тегін бару мүмкіндігін әлеуметтік аз қамтылған отбасы балаларының 61%-ы, ерекше білім қажеттілігіне мұқтаж балалардың 64%-ы, түрлі салада жетістікке жеткен оқушылардың 78% және девиантты тәрбиедегі балалардың 82%-ы алады. Сонымен қатар тегін демалу құқығы:

атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балаларға;

жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейі төмен отбасылардан шыққан балаларға;

жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға;

төтенше жағдайлар салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балаларға;

мектептің қамқоршылық кеңесі анықтайтын өзге де санаттағы білім алушылар мен тәрбиеленушілерге беріледі

Бұл жолдамаға ие болу үшін аталған санаттағылар білім беру ұйымының атына өтініш жазуы керек. Қажетті құжаттар тізімін сол мекемеден білуге болады.

«Балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру әрі жолдама беру жергілікті атқарушы органдар құзыретінде және олардың қаражатына байланысты үлестіріледі.

WWW.AQ-QARA.KZ

Оқылды 143 рет