Сейсенбі, 01 Қазан 2024 21:55

Түркістан қаласы: мектеп бітірушілер Президенттік олимпиадада бақтарын сынады

Осымен он жетінші рет өткізіліп отырған жаратылыстану-математика циклы пәндері бойынша Президенттік олимпиада бастау алды. Бүгін мектеп бітіруші 11-сынып оқушылары М.Шоқай атындағы №24 жалпы білім беретін мектепте өткен олимпиаданың қалалық кезеңіне қатысып, білімдерін сынады.

Олимпиада барысында қалалық білім бөлімінің басшысы Оразкүл Шайхықызы оқушылармен тілдесіп, білім бәсекелерінің маңыздылығы туралы айтып өтті. Сонымен қатар, өткен оқу жылында осы олимпиада нәтижесі бойынша жетістікке жеткен оқушыларымыз туралы айта отырып, биылғы жылы да жоғары нәтижелерге жетулеріне тілектестік білдірді.

Айта кетсек, аталған олимпиадада оқушылар жаратылыстану-математикалық бағыттағы төрт пәннен яғни физика, математика, химия және биология пәндерінен тапсырмаларды орындайды. Қалалық кезеңнен үздік шыққан үш оқушы облыстық кезеңге жолдама алады. Бүгінгі білім бәсекесінде қаладағы жалпы білім беретін мектептерден 36 оқушы білім сайыстырып, нәтижесінде №15 М.Жұмабаев, №17 Ататүрік атындағы мектеп-гимназиялары мен Төле би атындағы №19 жалпы білім беретін мектебінің оқушылары Даниал Қалжан, Бегайым Досаева және Нұрқанат Мақсұтовтар қатарластарынан оза шауып, облыстық кезеңге қатысуға мүмкіндік алды.

Қазіргі заманғы білім беру жүйесінде жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерді (ЖМБ) оқыту барысында базалық құндылықтарды қалыптастыру басты рөл атқарады. Бұл процесс тек дағдылар мен қабілеттерді дамытуды ғана емес, сонымен қатар ғылыми әдістер мен әлемге саналы көзқарас негізіндегі құндылықтарды терең түсінуді қамтамасыз етеді. Осы әдістемелік ұсынымдар ЖМБ пәндерін оқыту аясында базалық құндылықтарды қалыптастырудың халықаралық және отандық тәжірибесін талдауды, сондай-ақ оларды оқу процесіне тиімді енгізу үшін практикалық ұсыныстарды қамтиды.

Халықаралық тәжірибені зерттеу барысында ЖМБ пәндерін оқыту кезінде түрлі елдерде қолданылатын негізгі тәсілдер мен әдістер анықталды. Бөлімде ұлттық білім беру жүйесіне бейімдеуге болатын табысты тәжірибелер мен қағидалар берілген. Отандық тәжірибеде де ЖМБ пәндерін оқытуда құндылықтарды қалыптастырудың бай тәжірибесі бар. Бұл тәжірибені талдау еліміздің білім беру жүйесінің мәдени, тарихи және әлеуметтік ерекшеліктерін ескере отырып, арнайы тәсілдерді анықтауға мүмкіндік береді. Химия, физика және биология сияқты пәндерде құндылықтарға бағдарланған оқыту мен тәрбие білім алушылардың жеке тұлғасы мен олардың құндылықтарын қалыптастыруға ерекше назар аударуды талап етеді.

ЖМБ пәндерін оқыту кезінде базалық құндылықтарды қалыптастыру бойынша әдістемелік ұсыныстар бөлімінде халықаралық және отандық тәжірибе негізінде жасалған практикалық ұсыныстар берілген. Мұнда педагогтар білім алушылардың базалық құндылықтарын табысты қалыптастыру үшін қолдана алатын нақты стратегиялар, әдістер мен құралдар ұсынылған. Жалпы орта білім беру мазмұнында базалық құндылықтар ретінде: қазақстандық патриотизм мен азаматтық жауапкершілік; құрмет; ынтымақтастық; еңбек пен шығармашылық; ашықтық; өмір бойы білім алу белгіленген, соның негізінде ЖМБ пәндерінде оқытуға тиіс негізгі құндылықтар: ғылыми этика, интеллектуалдық тұтастық, ынтымақтастық, жаңашылдық және қоғам мен қоршаған орта алдындағы жауапкершілік болып табылады.

ЖМБ пәндері бойынша оқу материалдарын әзірлеу және сабақтарды өткізу барысында білім алушылардың жас ерекшеліктерін, олардың психологиялық даму деңгейін және әлеуметтік-мәдени контекстін ескеру қажет. Мысалы, химия, биология, физика, география және математика пәндерінде білім алушылардың білім деңгейі мен түсінігіне сәйкес келетін мазмұнды таңдап, ғылыми әдістің маңыздылығын түсінуге, зерттеу нәтижелеріне және табиғи ортаға жауапкершілікпен қарауға ықпал ететін құндылықтарға бағытталған мысалдар мен тапсырмаларды енгізу маңызды.

«AQ-QARA.KZ» - ақпарат

Оқылды 58 рет