Түркістан: бөлім басшысы көшбасшы педагогтарды құттықтады
Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Оқу-ағарту министрлігі Президенттік жастар кадрлық резервінің үлгісінде білім беру саласындағы өзгерістердің көшбасшыларын іріктеу және даярлау тетігін әзірлеу және бекіту бойынша пилоттық жоба бастаған болатын. Бес кезең бойынша жүргізілген жобаға қатысқан түркістандық ұстаздарбарлық кезеңдерден сәтті өтіп, кадрлық резервке алынды.