Отырар ауданында «Жайлы мектеп» жобасы аясында 600 орындық мектеп пайдалануға беріледі
2024 жылы аудан бойынша 2 мектептің құрылысы аяқталып, ағымдағы жылдың 1 қыркүйегіне дейін пайдалануға беріледі деп күтілуде. Бұл туралы аудан әкімінің міндетін атқарушы Сейтжанов Жансұлтан Әділжанұлы тоғыз жолдың торабы Темір және аудан орталығы Шәуілдір ауыл округтерінің тұрғындарымен кездесу барысында атап өтті. Кездесуде ауданның 2023 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баяндаған соң, алда тұрған міндеттер мен атқарылатын жұмыстарға тоқталды.