Түркістан: өзбек тілі және әдебиеті мұғалімдерімен қалалық семинар өткізілді

Түркістан қаласы білім бөлімінің басшысы О.Қолдасованың бұйрығы негізінде өзбек тілі мен әдебиеті пәні әдіскері Г.Әметованың ұйымдастыруымен Ә.Науаи атындағы №13 мектеп-гимназиясында «Өзбек тілі мен әдебиеті пәнін оқытуда заманауи педагогикалық технологияларды тиімді қолданып білім сапасын арттыру» тақырыбында өзбек тілі және әдебиеті мұғалімдерімен қалалық семинар өткізілді.

Түркістан: кітапханашыларға арналған «заманауи әдіс-тәсілдердің тиімділігі» атты тәжірибелік семинар ұйымдастырылды

Түркістан қаласы білім бөлімінің жылдық жоспарына сәйкес бөлім басшысы Оразкүл Шайхықызының қолдауымен Е.Иззатуллаев атындағы жалпы білім беретін мектепте білім беру мекемелерінің кітапханашыларына арналған «Заманауи әдіс-тәсілдердің тиімділігі» тақырыбында тәжірибелік семинар ұйымдастырылды. Семинарды қалалық білім бөлімінің кітапхана қоры әдіскері Ж.Абдухаликова ашып, семинардың мақсаттарымен таныстырды.

Түркістан: көркем еңбек пәні мұғалімдерінің кәсіби біліктілігін шыңдауға арналған семинар ұйымдастырылды

Ұлттық қолөнерді жастарға үйрете отырып дамыту және насихаттау мектеп қабырғасындағы көркем еңбек пәнінен бастау алатындығы белгілі. Оқушы мектеп партасында алған білімін одан әрі жалғастырып, ұлттық қолөнерімізді дамыту бағытын алдына қойса, жәдігерлеріміз жаңғырып, халқымыздың ұлттық қолөнерін әлем танитындығы сөзсіз. Бұл орайда, білім ордаларындағы аталған пән мұғалімдерінің қосар үлесі де зор болмақ.

Түркістан: мектеп кітапханашылары тәжірибе алмасты

Түркістан қаласы білім бөлімінің жылдық жоспарына сәйкес бөлім басшысы Оразкүл Шайхықызының қолдауымен М.Жұмабаев атындағы №15 мектеп-гимназиясында мектеп кітапханашыларына арналған «Кітапхана іс-құжаттары» тақырыбында жас мамандарға шебер сынып ұйымдастырылды.

Түркістан қаласында «құқықтық сауаттылық – заман талабы» тақырыбында пікірсайыс турнирі өтті

Түркістан қаласының білім бөлімі мен облыстық білім беруді дамыту орталығының жоспарына сәйкес, Түркістан қаласы білім бөлімінің басшысы Оразкүл Шайхықызының қолдауымен 9-10 сынып оқушылары арасында «Құқықтық сауаттылық - заман талабы» тақырыбында қалалық пікірсайыс турнирі өтті.

Түркістан қаласында 300 орындық жаңа мектеп ғимараты пайдалануға берілді

Түркістан қаласы білім бөліміне қарасты Әмір Темір атындағы №3 жалпы білім беретін мектебіне 300 орындық жаңа мектеп ғимараты пайдалануға берілді. Ұлы қолбасшы Әмір Темірдің есімін иеленген мектеп Түркістан қаласындағы 60 жылдық тарихы терең алтын ұяларының бірегейі болып саналады.

Түркістан қаласындағы Хамза атындағы №2 мектебінде тәжірибелік семинар өтті

Түркістан қаласы білім бөлімі басшысы Оразкул Шайхықызының қолдауымен әдістемелік кабинеттің жоспарына сәйкес Хамза атындағы №2 жалпы білім беретін мектеп базасында «Тарих-география сабақтарында оқушының логикалық ойлау қабілетін және танымдық-зерттеушілік белсенділігін арттыру» тақырыбында қалалық тәжірибелік семинар өтті.

Түркістанда жасөспірімдердің тәрбиесіне арналған келелі жиын өтті

Тәлім мен тәрбие - жеке тұлғаның адамдық бейнесін, ұнамды мінез-құлқын қалыптастырып, өмірге бейімдеу мақсатында жүргізілетін жүйелі процесс екендігін жақсы білеміз. Әрбір баланы тәрбиелеу отбасынан басталса, бұл орайда педагогтардың атқаратын қызметі де зор. Өскелең ұрпақтың бойына ізгілік, инабаттылық қасиеттерін және тіршілікке қажетті дағдыларын дер кезінде қалыптастырып отыру кезек күттірмейтін шаралардың бірі.