Түркістан: педагог-психологтарға арналған семинар ұйымдастырылды

Түркістан облысы білім басқармасының бастамасымен орта білім беру ұйымдары директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары мен психологтарына арналған «БҰҰ халықтың қоныстануы саласындағы қордың ұйымдастыруымен» атты 4 күндік оқу курсы өтілген болатын. Оқу курсына Түркістан қаласындағы Т.Бигелдинов атындағы №16 жалпы білім беретін мектептің педагог-психологі Шара Нұрғалиқызы Абдирахманова қатысып, тренерлік курстан өткен-ді.

Түркістан: оқушылардың цифрлық сауаттылығын арттыруға арналған семинар ұйымдастырылды

Түркістан қаласындағы М.Пошанов атындағы №21 жалпы білім беретін мектеп базасында «Химия-биология сабақтарында жаңа әдіс-тәсілдерді пайдалану арқылы, оқушылардың цифрлық сауаттылығын арттыру» тақырыбында қалалық семинары өткізілді.

Түркістанда «Науаи оқулары» қалалық байқауы өтті

Түркістан қаласы білім бөліміне қарасты Хамза атындағы №2 жалпы білім беретін мектебінде Түркістан облысы білім бөлімінің басшысы О.Қолдасованың бұйрығы негізінде «Науаи оқулары» қалалық байқауы білім бөлімінің әдіскері Г.Аметованың ұйымдастыруымен өткізілді.

Түркістан: бөлім басшысы көшбасшы педагогтарды құттықтады

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Оқу-ағарту министрлігі Президенттік жастар кадрлық резервінің үлгісінде білім беру саласындағы өзгерістердің көшбасшыларын іріктеу және даярлау тетігін әзірлеу және бекіту бойынша пилоттық жоба бастаған болатын. Бес кезең бойынша жүргізілген жобаға қатысқан түркістандық ұстаздарбарлық кезеңдерден сәтті өтіп, кадрлық резервке алынды.

Түркістан: инклюзивті білім беру бойынша семинар өтті

Мектептерде инклюзивті білім беру бағдарламаларын енгізуде оқушылардың ата-аналарының ерекше орны мен рөлі, олардың педагогикалық инновация ретінде мүмкіндігі шектеулі балаларға инлюзивті білім беруге қатынастары мәселесі қарастырылған.

Сауран: Ибата ауылының оқушыларына ұлтаралық тұрақтылық және ағымдардың алдын алу тақырыбында түсіндірме жұмыстары жүргізілді

Сауран ауданы, Жаңа Иқан ауылдық округі, Ибата елді мекенінің Жаңа Иқан, Дарын KZ жеке меншік мектебі және Ұлықбек атындағы негізгі білім беретін мектебінің жоғары сынып оқушыларымен «Ұлтаралық тұрақтылық және ағымдардың алдын-алу» тақырыбында кездесу өтті.

Сауран: оқушыларға шетелде діни білім алудың қауіптілігі, діни террорзимнің алдын-алу, этносаралық мәдениетті қалыптастыру мәселелері түсіндірілді

Сауран ауданына қарасты Шорнақ ауылдық округіндегі «А.Байтұрсынұлы» жалпы білім беретін мектебінде «Шетелде діни білім алудың қауіптілігі, діни терроризмнің алдын-алу, этносаралық мәдениетті қалыптастыру және құқық бұзушылықтың алдын-алу» тақырыбы аясында жоғарғы сынып оқушылары арасында кездесу болып өтті.