Түркістан облысы: Мақтааралда «Балапан» бағдарламасы сәтті жүзеге асуда

Мақтааралда балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен қамтамасыз етуге бағытталған «Балапан» бағдарламасы сәтті жүргізілуде. Бүгінде ауданда мемлекеттік-жекеменшік серіктестік санатында 200-ден астам балабақша жұмыс істейді. Соның бірі Атакент кентіндегі №10 Әсел бөбекжай балабақшасы. Жоба аясында ашылған мекемеде қазіргі таңда 170 бала тәрбиеленуде.

Түркістан облысы: Бәйдібек ауданының мектептері Президент Жолдауын жүзеге асыруда белсенділік танытуда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында білім беру сапасын жақсартуға басымдық берді. Қала мен ауыл мектептері арасындағы орта білім сапасының алшақтығын алға тартып, шалғай аймақтарда оқыту жүйесін жетілдіруді міндеттеді. Бәйдібек ауданындағы «Досан» негізгі орта мектебінің мамандары құнды құжатты жүзеге асыруға атсалысуда. Аз қамтылған және көп балалы отбасыларға қолдау көрсетіп, ауыл жастарын жаңартылған білім мазмұнымен оқытуды қолға алды.

Түркістан облысы: «Дипломмен – ауылға» мемлекеттік бағдарламасын насихаттауға арналған облыстық форум өтті

Түркістан облыстық Қоғамдық даму басқармасының ұйымдастыруымен жас мамандарды ауылдық жерлерге жұмысқа тарту мақсатында іске асырылатын «Дипломмен ауылға» мемлекеттік бағдарламасының облыстық форумы өтті. Басты мақсат - мемлекет ұсынып отырған бағдарламалар аясында жастарды еңбекке ынталандыру және оларды жұмысқа баулу. Атап өтейік, «Дипломмен ауылға» мемлекеттік бағдарламасы Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен ауылдық жерлерде жүзеге асырылып, аталған бағдарлама бойынша жұмыс істейтін мамандарға қолдау көрсетіліп келе жатқанынына биыл он жыл толып отыр. 

Түркістан: Шардаралық жігіт Испанияда ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізіп жатыр

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетiнiң философия және саясаттану факультетiнiң II курс докторанты, шардаралық Серғазы Құдайбергенов Испан елінде шетелдік ғылыми тағылымдамадан өтуде. Шетел университеттері негізінде заманауи зерттеу әдістері мен ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалана отырып, кәсіби салада ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды жүргізуге докторанттардың қабілеттілігін қалыптастыру мақсатындағы 1998 жылғы 27 қазандағы Қазақстан Республикасы мен Испания Корольдігі арасындағы Мәдениет, білім және ғылым салаларындағы ынтымақтастық туралы келісімге сәйкес Серғазы бүгінде Испан елінде шетелдік ғылыми тағылымдамадан өтуде.

Түркістан облысы: Президент Жолдауын насихаттау бойынша мақтааралдық жастармен кездесу өтті

Қазақстан Президенті Қ.Тоқаевтың "Сындарлы қоғамдық диалог - Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі" атты халыққа Жолдауын кеңінен насихаттау бойынша белгілі жазушы, қоғам қайраткері, экономика ғылымдарының докторы Мырзагелді Кемел Мақтаарал ауданының жастарымен кездесті. Аудан әкімінің орынбасары Бейсенбай Төребеков төрағалық еткен жиынға мемлекеттік қызмет, педагогика, медицина, құқық қорғау саласында жұмыс істейтін жастар мен түрлі қоғамдық ұйымдардың белсенді жастары қатысты. 

Түркістан облысы: Созақтық оқушы – жас жыршылар байқауының жеңімпазы

Түркістан қаласында облыстық "Оңтүстік Қазақстан" газетінің жүлдесіне арналған "Жақсылар, дастан айтайын" атты жас жыршылардың облыстық байқауы аяқталды. Байқау қорытындысында Созақ ауданының Сызған ауыл округіне қарасты Қ.Рүстемов атындағы жалпы орта мектебінің оқушысы Өсер Тұран үздік өнер көрсетіп, 1 млн. теңгеге ие болды. 

Түркістан облысы: Созақтық Шадияр "Ел үміті" номинациясымен марапатталды

Алматы қаласындағы «Halyk Arena» кешенінде ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы қорының ұйымдастыруымен «Ел үміті» республикалық жастар марафоны өтті. Марафонда Алматы, Жамбыл, Түркістан облыстары мен Шымкент және Алматы қалаларынан үш мыңға жуық білім және ғылым, бизнес пен медицина, мәдениет және спорт, экономика мен қоғамдық қызметтегі белсенді жастар Елбасы қолдауымен жүзеге асырылған бағдарламалардың арқасында жеткен жетістіктерімен бөлісті. 

«Worldskills Kazakhstan-2019» чемпионатында топ жарған Түркістан облысының жеңімпаздары марапатталды

Нұр-Сұлтан қаласында өткен еліміздің техникалық және кәсіптік білім беру саласының әлеуетін көрсететін «WorldSkills Kazakhstan-2019» V республикалық чемпионатының жеңімпаздарын Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов қабылдады. Облыс басшылығы мен адами әлеуетті дамыту басқармасының басшылығы ойы ұшқыр әрі білімді жастарды жетістіктерімен құттықтап, алғыс хаттар және бағалы сыйлықтармен марапаттады.