Шымкентте жұмыссыз азаматтарды кәсіптік оқыту бағдарламасы іске асырылуда
Шымкент қаласында жұмыссыз азаматтарды жұмыспен қамту және олардың кәсіби біліктілігін арттыру мақсатында кәсіптік оқыту бағдарламасы жүзеге асырылуда. 2026 жылы қала бойынша 610 жұмыссыз тұрғынды кәсіптік оқуға жолдау жоспарланған. Бүгінгі таңда арнайы құрылған комиссияның шешімімен 420 жұмыссыз азаматты оқыту үшін 33 мекеме бекітілді.