Super User

Super User

Түркістан облысы: Арыс қаласындағы №14 секторда тұрғын үйлерді қалпына келтіру 97 пайызға жетті

Бүгін Түлкібас ауданының әкімі Нұрбол Тұрашбеков бастаған ауданның бір топ зиялы қауым өкілдері Арыс қаласына арнайы барып, Түлкібас ауданы мен Алматы қаласына бекітілген №14 сектор аумағындағы құрылыс жұмыстары жүріп жатқан әлеуметтік нысандармен тұрғын үйлерді аралап, жаңа қонысқа аяқ басқан тұрғындарға құттықтауларын жеткізіп, бірлік пен татулықтың арқасында іске асып жатқан игі істерге ақ баталарын берді. 

Түркістан облысы: Түлкібас ауданында биыл 502 гектар жерге тамшылатып суғару әдісі енгізілді

Тамшылатып суғару - ең алдымен судың ысырабын азайтып, екіншіден, өнім көлемі арттыратын суғарудың үнемді әдісі. Бүгінгі таңда Түлкібас ауданының бау-бақша өсірумен айналысатын шаруалары алдыңғы қатарлы озық технологияларды қолдана отырып, мол өнім алуда. 

Түркістан облысы: Отырарлық шаруалар тұзданған топырақтан мол өнім алып отыр

Тұзданған топырақтан да мол өнім алуға болады. Ол үшін агротехникалық талаптарды сақтап, диқаншылықты ғылыммен байланыстыру керек. Бүгінде осы талапты Отырар аудандағы 10-нан астам шаруа қожалығы сақтап отыр. Нәтижесі жаман емес. Енді сол тәжірибені аудан аумағында толық қолдану үшін аймақта шаруалардың дала семинары ұйымдастырылды. Оған жер емген жандар мен Алматыдағы топырақ институтының мамандары қатысты. 

Түркістанның бас жоспары таныстырылды

Бүгін облыс орталығы тұрғындарына Түркістан қаласының бас жоспары таныстырылды. Енді қасиетті мекен 3 кезеңмен дамып, сәні мен сәулеті жарасқан шаһарға айналады. Алдағы уақытта тұрғын үйлер мен мектеп, балабақшалардың саны артып, әкімшілік ғимараттар бой көтереді. 

Осы RSS каналға жазылу