"ТҮРКІСТАНЫМ - ТҰРАНЫМ" АҚЫНДАР АЙТЫСЫ ӨТТІ

"Ұлы дала елі" орталығында ақын Сырбай Мәуленовтың 100 жылдығына орай «Түркістаным - Тұраным» қалалық ақындар айтысы өтті. Түркістан қалалық әкімдігінің қолдауымен, Түркістан қалалық "Мәдениет үйінің" ұйымдастыруымен өткен жыр додасына 10 айтыскер ақын 5 жұпты құрап қатысты.

Жас ақындардың өнерін бағалап, әділ төрелігін танытар қазылар алқасының құрамында айтыскер ақын, «Алтын домбыра» иегері Бекарыс Шойбеков, Түркістан қаласының Құрметті азаматы, «Профессор Құлбек Ергөбек зияткерлік бастауыш мектебінің» құрылтайшыларының бірі – Баян Адырбек, айтыскер ақын, «Өнер» мектебінің директоры Тұрар Тлеулиев болды.

Дүбірлі айтыста ақындар Сырбай Мәуленовтың 100 жылдығын тақырыпқа арқау етіп, жырдан шашу шашты. Бір-біріне өткір сұрақтар қойып, ұтымды жауаптар қайтарды.

Айтыс нәтижесі бойынша Бас жүлдені "Өнер" мектебінің қатысушысы Мейіржан Жарылқап еншілесе, І орынды Шахмардан Бекарасұлы жеңіп алды. Ал ІІ орынды Исламхан Мұхаметхан иеленсе, ІІІ орынды Ерсайын Диханбай қанжығасына байлады. Жас айтыскерлерге қаржылай сыйақы мен сертификаттар, қала әкімінің Дипломы табыс етілді.

Айтыстың марапаттау рәсімінде Түркістан қалалық Мәдениет үйінің директоры Лиза Төлегенқызы сөз алып, жас ақындардың шығармашылығын шыңдап, рухани шаһар Түркістанды жырға қосатын жас ақындарды әрдайым қолдау керектігін айтты.

Түркістан: "Кітап оқып, озық бол" жылдам оқу байқауы

Түркістан қалалық Балалар кітапханасының ұйымдастыруымен жазушы Мұхтар Әуезовтың 125 жылдығына орай "Кітап оқып, озық бол" атты жылдам оқу байқауы өтті.

Оған кітапхананың оқырмандары мен мектеп оқушылары қатысты.  

Айта кетейік, Мұхтар Әуезов – қазақтың ұлы жазушысы, ғұлама ғалым, қоғам қайраткері, филология ғылымдарының докторы, профессор. Қазақстан ғылым академиясының академигі, Қазақ КСР еңбек сіңірген ғылым қайраткері. Мұхтар Әуезов қазіргі Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданындағы Бөрілі деген жерде 1897 жылы 28 қыркүйекте дүниеге келген. Әкесі Омархан мен атасы Әуез екеуі де хат танитын сауатты адам болған. Өз заманында ұлы Абаймен сырлас, ауылдары іргелес, аралас-құралас тіршілік кешкен. Бала Мұхтардың атасы Әуез – Құнанбайдың кіші әйелі Нұрғанымның туған інісі. Абайдың өлеңдерін зор ықыласпен тыңдап, қағаз бетіне түскен тың туындыларымен танысып, пікір алмасатын жақын адамдарының бірі болған. Мұхтардың бала кезінен Абай мұрасына қызығушылығын оятқан да осы атасы еді. Ескіше сауаты бар, араб, парсы, түркі әдебиетімен таныс Әуезді Абай "Әуке аға", "Үлкен қожа" деп атаған. Мұхтар дүние есігін ашқанда,  Абай Әуезовтердің шаңырағына шілдеханаға барған деген де естеліктер бар.Он бір жасында әкесі Омархан қайтыс болады. Осыдан кейін Мұхтар ауылдан қалаға немере ағасы Қасымбектің тәрбиесіне көшеді. Шаһарда оқу-білім жолындағы біршама ұзақ сапары басталады.Өз заманында Әуезов білімдар қазақтардың бірі болды. Алдымен, Семейдегі орыс гимназиясында бес жыл, мұғалімдер даярлайтын семинарияда төрт жыл оқиды.Әуезов Семейде "Алаш жастары" одағын құрып, түрлі үйірмелердің ашылуына ұйытқы болады. 1918 жылы мамырда Омбыда өткен Жалпықазақ жастарының құрылтайына қатысып, оның орталық атқару комитетінің мүшесі болып сайланады. Семейде "Абай" ғылыми-көпшілік журналын, "Қазақ тілі" газетін шығаруға атсалысқан. 1919 жылы семинарияны тәмамдап, қоғамдық-саяси жұмысқа белсене араласады. 1922 жылы күзде Ташкенттегі Орта Азия университетіне оқуға түсіп, "Шолпан" және "Сана" журналдарына жұмысқа орналасады. Жазушының "Қыр суреттері", "Қыр әңгімелері", "Үйлену", "Оқыған азамат", "Кім кінәлі", "Заман еркесі" әңгімелері осы басылымдарда жарық көрген. 1923 жылы маусым айында Ленинград мемлекеттік университетінің тіл-әдебиет бөліміне түседі. 1924-1925 жылдары аралығында Семейдегі мұғалімдер техникумында оқытушы болып істейді. Осы аралықта "Таң" журналын шығарады. 1925 жылы Ленинградқа оралып, оқуын қайта жалғастырады. 1928 жылы Орта Азия мемлекеттік университетінің аспирантурасына қабылданды. Бұдан бөлек Қазақ ағарту институтында сабақ берді. 1934-1961 жылдары әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетінде ұстаздық қызмет атқарды.Замандастары Мұхтар Әуезовті елгезек, бауырмал, ізгілікті, сырбаз адам деп сипаттаған.Қазақтың заңғар жазушысы артына мол әрі бай мұра қалдырды. Елдің оқу-ағарту ісіне, драматургия саласына сіңірген еңбегі ұшан-теңіз.20 жасында Әуезов өзінің тұңғыш көлемді туындысы "Еңлік-Кебекті" жазды. Шекспирдің Ромео мен Джульетта туралы хикаясымен желілес бұл пьеса күні бүгінге дейін қазақ сахнасынан түспей келеді. "Еңлік-Кебек" ең алғаш 1917 жылы Абайдың әйелі Әйгерімнің ауылында сахнаға қойылса, 1922 жылы Орынборда жеке кітап болып басылып шықты.Қаламгердің көптеген көркем әңгімесі, тұңғыш пьесалары Семейде жазылып, Семейде сахналанды.Әуезовтің қаламынан отыздан аса драмалық шығарма туды. Жеке пьесалардың нұсқаларын қосса, елуден асып жығылады. Мұхтар Әуезов драматургиядағы жанрлық формалардың бәрін қамтыған: трагедия, комедия, драма да бар.Аса терең, мәнді шығарманың бірі – "Түнгі сарын".Туындыда таптық тартыс адам тағдырлары арқылы бейнеленеді. "Түнгі сарын" – қазақ драматургиясында жағымды кейіпкерлер проблемасын шешкен туынды. "Октябрь үшін", "Тартыс" пьесаларында Әуезов реалистік драма жасаудың түрлі-түрлі құралдарын пайдаланған.Әуезовтің абақтыға жабылғанға дейінгі шығармашылығына көз жүгіртсек, қаламгердің ұлт-азаттық қозғалыс, әлеуметтік тақырыпқа өте жақын болғанын көреміз. 1928 жылы Әуезов "Хан Кене" драмасын жазып бітірді. Алайда бұл трагедия тек алты жылдан кейін ғана, 1934 жылы театр сахнасында қойылды. Мұнда Кенесарының, Наурызбай батырдың, қазақ, қырғыз билерінің реалистік бейнелері жасалып, тарихи шындық пен көркем шындық табиғи бірлік тапқан. Бұл шығарма қоғамда қызу пікірталас туғызып, оны сахналауға уақытша тыйым салынды. Әуезовтың айтуынша, пьесаны жазбастан бұрын Орынбордан, Омбыдағы Сібір ведомствосынан, қырғыз-қазақ арасынан көп материал жинаған. Оның пікірінше, әрбір тарихи деректі әркім өзінше пайымдауы мүмкін, бірақ өзіндік тарихи тұжырымдамасы жоқ автор тарихи тақырыпқа шығарма жаза алмайды.Мұхтардың атын көпшілікке әйгілі еткен "Абай" журналы еді. Бас редакторы Жүсіпбек Аймауытов болды. Әуезов, көбінесе, журналист, публицист, ойшыл, философ ретінде көрініп, оның негізгі мақалаларын жазып отырды. Бертін келе "Қазақ тілі", "Шолпан", "Таң", "Сана", "Жас Азамат", "Еңбекші қазақ", "Кедей айнасы", "Жаңа мектеп", "Жас қайрат" және тағы басқа газет-журналдарда саяси, мәдени-ағартушылық, дүниетанымдық бағыттағы келелі ойларын алға тартып отырды. Ұлт-азаттық сарындары да осы кезеңде қалыптаса бастады. Алғашқы жылдары жазылған көркем шығармаларында елдің тұрмыс-тіршілігі, әлеуметтік жағдайы суреттелсе, 20-шы жылдардың ортасына қарай ұлт тағдырына деген алаңдаушылығы шығармаларында жиі көрініс тапты."Әдебиет тарихы" зерттеу еңбегін де жазды."Қазақ жазушыларынан, әрине, Абайды сүйемін. Менің бала күнімнен ішкен асым, алған нәрімнің барлығы да Абайдан".Бұл Абай елінде туып, жастайынан ақынның өсиеттерін құлағына сіңіріп өскен Мұхтар Әуезовтің сөзі."Бір жылы жазғытұрым өз әкем Абай кітабы келеді деп, өзімді көп уақыт бір үлкен сыйлық беретіндей дәмелендіріп жүріп, аяғында қар кетіп, ақ шығып келе жатқанда сол кітапты әкелді. Абайдың өлеңдерін жақсы көрдім. Бәрін ұқпасам да, ұйқастың өзі де қызығатындай әсер етеді. Бірақ әкем ылғи жаттатқанда, қайдағы ұзақ қиын сөздерді беретін. Соның ішінде "Ат сынынан бастап", "Алланың өзі де рас, сөзі рас" деген өлең сөздерін жаттағанымды білемін", -деп еске алған еді Әуезов.Әуезовтің шығармашылығында "Абай жолы" романының орны бөлек. Әуезов Абайдай ұлт мақтанышын дүниежүзіне танытқан қаламы қарымды қаламгер. Әуезов өзінің роман-эпопеясында қазақ халқын, оның ұлттық дәстүрін барлық қырынан энциклопедиялық деңгейде жан-жақты ашып көрсетті. Әуезовтің "Абай жолы" роман-эпопеясы әлемдік деңгейде "ХX ғасырдағы ең үздік шығармалардың бірі" (Луи Арагон) деген жоғары бағаға ие болды.Алайда "Абай жолы" оңай жазыла салған шығарма емес. Әуезов кесек туындыны дүниеге әкелу үшін талай мұрағатты ақтарып, қаншама адаммен сырласып, ұйқысыз түндер өткізді. Роман жарық көргеннен кейін де, қайта-қайта қудаланып, сынға ұшырады. Бірақ жазушы еш мойымады.Әуезовтің "Абай жолы" эпопеясын жазуға 30 жыл уақыты кетті. Он тоғыз жасынан Абай туралы жазуды ойға алып, он жеті жыл үздіксіз ізденіп, он екі жыл ішінде жазып шықты. Әуезов алғашқыда екі кітаптан тұратын "Абай" (1942, 1947), одан кейін мұның жалғасы ретінде "Абай жолы" (бұл да екі кітаптан тұратын, 1952, 1956) романын жазды. Осы төрт томнан тұратын "Абай жолында" қазақ қоғамының алуан түрлі топтары кең қамтылып, сан қырлы тұтас галерея жасалды.1923 жылы Мұхтар Әуезов Ленинградта оқып жүргенде, болашақ жары Валентина Николаевна Кузьминамен (кейін Әуезова) танысады. Екі жас оқу бітірген соң, Ташкентке көшеді. Әуезов қаладағы Ортаазиялық университеттің аспирантурасына түседі. 1929 жылы ерлі-зайыптылардың Лейла есімді қызы, ал 1935 жылы Ернар есімді ұлдары дүние есігін ашады.1937-38 репрессия жылдарынан кейін Мұхтар Әуезов Фатима Ғабитовамен бас қосады. Фатима Ғабитова Мұхтарға Мұрат есімді ұл сыйлайды.Мұхтар Әуезовтің балаларының ішінде қазір Мұрат Әуезовтің ғана көзі тірі. Ол бүгінде белгілі мәдениеттанушы-ғалым, қоғам қайраткері.

 

Түркістандық оқушылар қарттарға құрмет көрсетті

Түркістан қалалық N1 кітапхана-филиалыныңұйымдастыруыменҚ.Сәтбаеватындағы N12 жалпыортамектебінде "Қарттарымасылқазынам" аттыәдебикешболыпөтті.

Кешкеаяулыәжелер, ұстаздарменоқушыларқатысты.

Кешбарысындааяулыәжелерменоқушыларбірлесесахналықкөрініскөрсетіп, оқырмандарөлеңшумақтарыноқып, әншырқады.

Айта кетейік, Халықаралық қарттар күні - 1990 жылы 14 желтоқсанда БҰҰ Бас ассамблеясында бекітіліп, жарияланды. Бұл мереке елімізде жыл сайын аталып өтіледі. Және оның аясында қарттарға құрмет көрсетіліп, түрлі форматтағы іс-шаралар ұйымдастырылады. Атап айтқанда, қарттарға құрмет көрсету акциялары, мемлекет тарапынан біржолғы қаржылай көмек, сондай-ақ, азық-түлік себеті, шипажайларға жолдама және тағы басқа. Сол секілді, егде жастағы жандарға арналып мерекелік концерт те ұйымдастырылады. Одан бөлек, қарттарға арналған ауқымды шараның бірі «Белсенді ұзақ өмір» ұлттық жобасы. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі былтыр қолға алған жоба аясында еліміздің барлық өңірлерінде белсенді ұзақ өмір сүру орталықтарын ашу жоспарланған. Жоспарға сай онда егде жастағы жандар бос уақытын өткізе алады. Аталған орталықта ағылшын тілін үйрену, компьютерлік сауаттылық курстарынан өту, емдік дене шынықтыру, би және тағы басқа шараларды өткізу қарастырылған.

 

 

ШЫМКЕНТ: ДӘУІРДІҢ ДАРА ТҰЛҒАСЫ – МҰХТАР ӘУЕЗОВ ӘДЕБИ КЕШІ ӨТТІ

Мұхтар Әуезовтің 125 жыл толуына орай Жастар ресурстық орталығы А.Пушкин атындағы әмбебап кітапханасы «Жастар орталығы» мүшелерімен бірлесіп «Дәуірдің дара тұлғасы – Мұхтар Әуезов» атты әдеби кеш өтті.

Мақсаты – жазушының 125 жылдығын атап өту және оның қазақ әдебиетіне қосқан үлесін, еңбегін дәріптеу.

Әдеби кешке филология ғылымдарының кандидаты, М.Әуезов атындағы ОҚУ «Қазақ әдебиеті» кафедрасының доценті Ақжол Қалшабек, «Ізгілік» қайырымдылық қорының мүшесі Алтынбек Срайылұлы, «Жастар орталығы» белсенділері және М.Әуезов атындағы ОҚУ студенттері қатысты.

Атамыш кеште ақын Ақжол Қалшабек жазушының өмірі мен шығармашылығына шолу жасап М.Әуезов атындағы ОҚУ-нің 3-курс суденті Байбала Шұғыла Абайдың «Жасымда ғылым бар деп ескермедім» өлеңін, М.Әуезов атындағы ОҚУ-нің 1-курс студенттері Мақұлбек Алтынбек және Күнкөргіш Қуаныш Абайдың қара сөзін оқыды. «Абадан» мектебінің 4-сынып оқушысы Жанабылова Айгерім Абайдың Гетеден аударған «Қараңғы түнде тау қалғып» әнін орындап қатысушылар керемет әдеби кештің куәсі боп қайтты.

Айта кетейік, Әуезов Мұхтар Омарханұлы  - қазақ әдебиетінің классигі, қоғам қайраткері, филология ғылымының докторы, профессор, Қазақ КСР ҒАның академигі (1946), Қазақ КСРнің еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1957).

Өз заманында Әуезов білімдар қазақтардың бірі болды. Алдымен, Семейдегі орыс гимназиясында бес жыл, мұғалімдер даярлайтын семинарияда төрт жыл оқиды.

Замандастары Мұхтар Әуезовті елгезек, бауырмал, ізгілікті, сырбаз адам деп сипаттаған.

1937-38 репрессия жылдарынан кейін Мұхтар Әуезов Фатима Ғабитовамен бас қосады. Фатима Ғабитова Мұхтарға Мұрат есімді ұл сыйлайды.

Мұхтар Әуезовтің балаларының ішінде қазір Мұрат Әуезовтің ғана көзі тірі. Ол бүгінде белгілі мәдениеттанушы-ғалым, қоғам қайраткері.

Түркістан: "Біз де жас болғанбыз" мерекелік шарасы өтті

Түркістан қаласындағы М. Мамаетова атындағы мектептің жас мамандары дәл осындай тақырыпта керемет кеш өткізді. Мереке 1 қазан қарттар күніне орай ұйымдастырылды.

"Біз де жас болғанбыз" атты сахналық қойылымы ұстаздар мерекесі қарсаңында ардагер ұстаздарға арналды.

Қаламыздағы М. Мамаетова атындағы мектептің жас мамандары рольдерді керемет сомдап, өнерлерін ортаға салды.

Бір топ ардагер ұстаздар әсерлі қойылымды тамашалап, артта қалған сағым жылдарын есіне алып, тебіреніп отырды.

Халық қалаулысы Рая Серікбайқызы бірнеше кітаптың, көптеген сахналық қойылымдардың авторы ретінде танылған жан екендігін жақсы білеміз, бірақ бүгінгі оның мұрындық болуымен ұйымдаст ырылған қойылым ерекше әсерлі болды.

Кеш соңында ардагер ұстаздар жақсы лебіздерін білдіріп, ризашылық танытып, алғыстар айтты.

Облыстық "Қазақ тілі" қоғамы төрағасы Бақытжан Сүлейменұлының атынан алғыс хат табыстап, Рая ханымның ерекше бір қыры шахмат ойыны шебері екендігін айтып өттім.

Ұстаздарды ұлықтау, ардагерлерді құрметтеудің озық үлгісін көрсеткен Рая Серікбайқызына және мектеп ұжымына Алланың нұры жаусын демекпін.

Ия, біз де жас болғанбыз...  

Ұстаздар мерекесі қарсаңында әсерлі кештің куәсі болып, марқайып қалған күн болды.  

Айта кетейік, бқл күн 1994 жылдан бері әлемнің 100-ден астам мемлекетінде қазан айының алғашқы жексенбісі мұғалімдер мен білім беру саласындағы қызметкерлердің кәсіби мерекесі болып белгіленген.Біздің мемлекетімізде де бұл мереке қазан айының алғашқы жексенбісіне белгілеген. Дәлірек айтсақ, мұғалімдер күні 1965 жылы 29 қыркүйекте КСРО жоғарғы кеңесі президумының бұйрығымен қазан айының алғашқы жексенбісіне бекітілді. 1966 жылы 5 қазанда ЮНЕСКО мен Халықаралық еңбек ұйымының өкілдері "Мұғалімдердің жағдайы туралы" құжатқа қол қойған.

Ұстаздар күні — көпшілік жақсы көретін кәсіби мерекелердің бірі. Бұл күні ұстаздар өздерінің шәкірттерінен тілектер мен гүлдер, сыйлықтар қабылдайды. Сондай-ақ, мектептерде концерттер ұйымдастырылады.Ұстаз деген — бұл ғылымға жетелейтін маман ғана емес, адамды рухани байытатын тұлға. Ұстаздар ерекше азаматтық миссияны орындайды — келер ұрпаққа тәрбие береді.Сол себепті мереке қарсаңында ұлағатты ұстаздардың жұмысын жеңілдету мақсатында мектептерде оқушылардың өзін-өзі басқару күндері өтеді. Жоғары сынып оқушылары ұстаздардың орнына төменгі сыныптарға сабақ береді. Ол үшін алдын ала ұстаздардан ақыл-кеңес алады.Қазақстандық ұстаздар бұл мерекені міндетті түрде педагогикалық ұжыммен бірге атап өтеді. Сондай-ақ, бұл күні республика бойынша үздік ұстаздар марапатталады.

 

Түркістан: «Отбасы —алтын діңгек» шарасы өтті

Түркістан төрінде қалалық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен осы тақырыпта керемет іс-шара өтті.

Байқауды қала әкімі орынбасары Ерлан Күзембаев ашып, барша қатысушыларға сәттілік тіледі.

Байқауға бес отбасы қатысып өз өнерлерін көрсетті.

Өте мән-мағыналы жоба дайындаған мәдениет үйі басшысы Лиза Төлегенқызына, сценаристі Сәуле Шомпиеваға ризашылық білдіреміз.

Жоғарғы деңгейде өткен іс шара барлық отбасыларға үлгі болып, отбасының қадір-қасиетін насихаттайтын, салт-дәстүрлерімізді жаңғыртуда өте маңызы үлкен деп санаймыз .

Тынымсыз еңбек етіп жүрген қаламыздың мәдениет үйі қызметкерлеріне қажымас қайрат, табыс, берек, байлық тілейміз. Айта кетейік, елімізде отбасы мәртебесін көтеру үшін, отбасындағы ахуалды жақсарту масатнда түрлі шаралар қолған алынған. Слардың бірі «Отбасы күні» мерексі. Отбасы күнін   қыркүйек айының екiншi жексенбiсiнде аталып өтiледi. Яғни 11 қыркүйекке сәйкес келеді. Бұдан бөлек – жыл сайын «Мерейлі отбасы» байқауы ұйымдастырылуда. Отбасы-адамзат баласының дүниеге шыр етіп келгенде, есігін айқара ашып енетін үйі, өсіп ержететін, тәрбие алатын аса қажетті, әрі қасиетті алтын бесігі. Қай заманда, қай елде болмаса да отбасының адамзат ұрпағына ықпал мен әсерін өмірдегі басқа еш нәрсені еш нәрсенің күшімен салыстыруға болмайды.  Отбасының ең маңызды қызметтерінің бірі – тәрбиелеушілік міндеті, оны қоғамдық тәрбиенің ең тиімді деген жүйесі де алмастыра алмайды. Оның негізгісі – баланы өмірге келтіру ғана емес, сонымен бірге оған әлеуметтік-мәдени ортаның құндылығын қабылдаттыру, үлкен ұрпақтың тәрбиесін жас ұрпаққа жеткізу, бойына сіңірту, яғни балаларын өздерін қоршаған ортаға және қоғамға пайдалы азамат етіп өсіру әке-шешенің ең маңызды міндеті.  Ата-ананың, басқа да отбасы мүшелерінің өмір сүру тәжірибесі, жүріс-тұрысы, өз міндеттерін таза атқару, бір-бірін құрметтеп сыйлауы – бәрі де үлкен мектеп, тәрбиелік мәселе. Отбасынан тыс та тәрбие бар. Қазақ «Ұлың өссе, ұлы жақсымен, қызың өссе, қызы жақсымен ауылдас, көршілес бол»,- дейді. Ата-ананың жүріс-тұрасы, сөйлегені, іс-әрекеттерінің барлығы барлығы бала үшін үлгі. Осы негізде бала алдында ата-ана өте байсалды, сабырлы болып, жақсы тәрбие көрсетуі керек. Мәселен Абай Құнанбаевтың он тоғызыншы қара сөзінде: «Адам ата-анадан туғанда есті болмайды: естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы, жаманды таниды дағы, сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады. Естілердің айтқан сөздерін ескеріп жүрген кісі өзі де есті болады. Әрбір естілік жеке өзі іске жарамайды. Сол естілерден естіп, білген жақсы нәрселерді ескерсе, жаман дегеннен сақтанса, сонда іске жарайды, сонда адам десе болады. Мұндай сөзді есіткенде шайқақтап, шалықтанып не салбырап, салғырттанып есітсе, не есіткен жерде қайта қайырып сұрап ұғайын деп тұшынбаса, не сол жерде сөздің расына көзі жетсе де, шыға беріп қайта қалпына кетсе, естіп-есітпей не керек? Осындай сөз танымайтұғын елге сөз айтқанша, өзіңді танитұғын шошқаны баққан жақсы деп бір хакім айтқан екен, сол секілді сөз болады»-деп атап өтеді.  Заманға сай отбасында бала тәрбиелеу аса үлкен жауапкершілік пен білімді талап етеді. Қазақ үшін отбасынан киелі ештеңе жоқ. Өмірге келген нәрестеге ана махаббаты мен кіршіксіз таза көңілі ауадай қажет. Отбасы –сыйластық, жарастық орнаған орта. Отбасы- бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы. М.Жұмабаев былай деген екен: «Ата-аналар баланы тәрбиелегенде дәл өзіндей етіп тәрбиелеуге тырыспау керек,олар баланы өзінен күшті етіп тәрбиелеуі тиіс. Өйткені олардың заманы ата-аналарының өмір сүріп отырған заманына қарағанда анағұрлым күрделі талабы жоғары болатынын ұмытпаған жөн”  Баланың тәрбиелі болып өсуіне берекелі отбасының әсері мол. Отбасының ең маңызды қызметтерінің бірі – тәрбие беру. Тәрбие тал бесіктен басталады.   Қасым Аманжолов өзінің жарына арнаған бір өлеңінде: "Отбасы – шағын мемлекет, Мен – президент, сен – премьер" дегені бар. Шынында, отбасы – ол да бір шағын мемлекет. Әр мемлекеттік өз басқару жүйесі әртүрлі болады. Осы сияқты әр отбасының өз тактикасы, басқару жүйесі болады. Ұрпақтың ер жетіп өсуі, бойындағы алғашқы адамгершілік белгілері отбасында қалыптасатыны белгілі. Жанұя – табиғат сыйлаған кереметтердің бірі. Жеке адамның бойындағы ар – ұятын, ақыл-ойын, адамгершілігін, мәдениеттілігін тәрбиелеуге отбасы – алғашқы қадам. Жанұя – өте қажетті, басқадай еш нәрсемен өзгертуге болмайтын баспалдақ. Отбасының басты қызығы, алтын тіреу діңгегі – бала. Баланың тәрбиелі болып өсуіне берекелі отбасының әсері мол. Жанұяның әрбір мүшесі өзара сөйлесіп, не болмаса ата-ананың, баланың, міндетін атқару ғана емес, береке - бірлік, сүйіспеншілікпен араласса, босағасы берік, шаңырағы биік отбасына айналары сөзсіз. Ата мен ана – бала тәрбиесінің қамқоршысы, өнегесі. Ата – асқар тау, Ана – бауырдағы бұлақ, Бала – жағасындағы құрақ, - деп ата – ана мен баланы табиғаттың тамаша құбылыстарына теңеген халық мақалына қайран қаларсың. Адалдық пен мейірімділік, жауапкершілік пен кешірімділік те отбасында шын ықылас пейілменен баланың көкірегінде орын тебеді. Қазақ отбасында әуелі әке, содан кейін ана, бұлар – жанұя мектебінің ұстаздары болады. Әке мен ананың баласына қоятын ең біріші басты талап – тілектері – баланың «әдепті» болып өсуі. Қазақ халқы отбасындағы тәрбиені ең бірінші орынға қойған. Ата – ана балаларына қандай тәрбие берсе, ертең ол бала өскенде сол тәрбие арқылы өмірдің жаңа баспалдақтарынан өтеді. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деп қазақ халқы бекер айтпаған.  Әкенің «батырым», шешенің «құлыным» деген сөзін естіген балада жақсы сезім туатыны белгілі. Ғ.Мустафинның «Ата- ананың міндеті- тәрбиелеу және жақсылықты үйрету» деген сөзінде көп тәрбие жатыр. Бала тәрбиесі ол дүниеге келген алғашқы күннен басталады. Өнеглі ұрпақ тәрбиелеу әр ата-ананың арманы және борышы екені даусыз. Әрқашан отбасымыз аман, босағамыз берік болғай. 

 

Түркістан: "Дария кеуде, тау мүсін" атты тақырыпта өнеге сағаты өтті

Түркістан қалалық орталық кітапхана мен Ахмет Байтұрсынов атындағы мектеп лицейімен бірлесе отырып 1 қазан -Қарттар және ұрпақтар ынтымақтастығы күніне орай "Дария кеуде, тау мүсін" атты тақырыпта өнеге сағаты қарттар мен студенттер арасында болып өтті.

Іс шараның мақсаты жас жеткіншектердің бойына үлкенді сыйлап тыңдай білуге, халқының салт – дәстүрінен нәр алуға, инабаттылық пен мейірімділікке тәрбиелеу.

Іс шара барысында Түркістан қалалық ардагерлер кеңесінің мүшелері Кеңесбек Мәрсәліұлы, Хамза Пәйізұлы, "Даму" мектеп - лицейнің басшысы Юсупова Зейнеш, Түркістан көпсалалы қолөнер колледжінің кітапханашысы Одаман Гүлсара, Түркістан қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің әдіскері Журкаева Жансұлу Божбанбайқызы қатысып, қарттарға деген жылы лебіздерін білдірсе, Ахмет Байтұрсынов атындағы мектеп лицейінің оқушылары Жанайым Қасымбек, Аяулым Есіркеп, Аяулым Қуаныш, Мирас Тастанбек ата -әжелерімізге жыр шумақтарын мәнерлеп оқып берсе, Құрманғали Мұхаммед "Секіртпе", Бейсенбай Айбарлы "Көңіл толқыны" күйлерін тебіренте орындаса, Ахмет Байтұрсынов атындағы мектеп - лицейінің ұстаздары Бейбіт Мамуов "Ана" әні, Аманбай Қожақанов "Қарттар асыл қазынам" атты арнауын арнаса, "Шегебаева Марал "Жақсы адамдарым" атты әнін нақышына келтіріп орындады.

Кеш соңында оқырмандар "Қарттар - біздің асыл қазынамыз" атты тақырыпта кітап көрмесімен танысты. Айта кетейік, Халықаралық қарттар күні - 1990 жылы 14 желтоқсанда БҰҰ Бас ассамблеясында бекітіліп, жарияланды. Бұл мереке елімізде жыл сайын аталып өтіледі. Және оның аясында қарттарға құрмет көрсетіліп, түрлі форматтағы іс-шаралар ұйымдастырылады. Атап айтқанда, қарттарға құрмет көрсету акциялары, мемлекет тарапынан біржолғы қаржылай көмек, сондай-ақ, азық-түлік себеті, шипажайларға жолдама және тағы басқа. Сол секілді, егде жастағы жандарға арналып мерекелік концерт те ұйымдастырылады. Одан бөлек, қарттарға арналған ауқымды шараның бірі «Белсенді ұзақ өмір» ұлттық жобасы. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі былтыр қолға алған жоба аясында еліміздің барлық өңірлерінде белсенді ұзақ өмір сүру орталықтарын ашу жоспарланған. Жоспарға сай онда егде жастағы жандар бос уақытын өткізе алады. Аталған орталықта ағылшын тілін үйрену, компьютерлік сауаттылық курстарынан өту, емдік дене шынықтыру, би және тағы басқа шараларды өткізу қарастырылған.

ТҮРКІСТАН МЕКТЕПТЕРІНДЕ ӘУЕЗОВТЫҢ 125 ЖЫЛДЫҒЫ ДӘРІПТЕЛУДЕ

С.Сейфуллин атындағы №4 мектеп-лицейінде 28 қыркүйек Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің туғанына 125 жыл толуына орай «Дәуірдің дара тұлғасы» атты мерекелік кеш болды. Мұхтар Омарханұлы Әуезов ұлт әдебиетінің алтын ғасырының бастауында тұр. Бұл бастаудың қайнар бұлағынан су ішіп, рухани кемелдену кез-келген ұрпақ алдындағы мызғымас парыз. Дәуірдің дара тұлғасын мектеп ұжымына, оқушылар арасында танытып қана қоймай, оның өмірлік жолы, ізденісі мен іскерлігі, қайталанбас туындылары мен белгісіз қырлары, жазушының жеті қыры мен, бір сырлылығын үлгі ету болатын.

Бұл мақсатты жүзеге асыру тек бір мерекелік шарамен шектелген жоқ, мерейтой қарсаңында жазушы шығармашылығын оқушылар арасында дәріптеп, етене таныстыру мақсатында мектеп оқушылар арасында «Үздік оқырман», «Үздік эссе» байқауы болып өтті. Байқаудан 2 аптадай уақыт алдын балалардың жас ерекшелігіне қарай жазушы шығармашылығынан мынадай туындылары оқуға ұсынылды: 5-6 сыныптар үшін «Көксерек» әңгімесі, 8-9 сыныптарға «Қараш-қараш оқиғасы» шығармаларын оқуға ұсынылып, сол оқыған әңгімелері бойынша тест сұрақтарына жауап беру арқылы, сайыс қатысушылары арасында «Үздік оқырман» анықталды. Сайысқа қатысушылар тек сол әңгімелермен шектелмей, жазушының басқа да туындыларын оқи отырып, жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар болып, сыныптастарының арасынан суырылып шықты.

Сондай – ақ мектебіміздің кітапханашы Мырзабекова С. «Ұшан-теңіз білім дариясының кемеңгері» атты кітап көрмесін жасады. Бұл көрмедегі Мұхтар Әуезов шығармаларын балалар кезектесіп оқып, танысып, бос уақыттарында бір-біріне оқыған білгендерімен бөлісіп, мұғалім басшылығымен Әуезовтің басқа да шығармаларын оқуға тапсырма алды.

Мектебіміздің қазақ тілі пән мұғалімі Букенова Г. «Абайдың ұлылығы мен данагөйлігін ашқан Мұхтар Әуезов» тақырыбында 8- сыныптармен жазушыға арнап көрініс қойды. Көрермендерді тамсандырып, жазушы өміріндегі Абайдың алатын орнын көз алдымызға бейнелей көрсете отырып, рухы биік қазақтың нағыз әдебиетін құрметтеген халық екенін дәріптеді. Мерейтой қорытындысы «Үздік оқырмандар» мен «Үздік эссе» жеңімпаздарын анықтап марапаттаумен аяқталды.

Бүгінгі қазақтың өмірі де, әлем картасында алып отырған орны да бөлек. Абай армандаған, Әуезов армандаған тәуелсіз Қазақстанның жаңа тарихы жазылып жатыр. Абай дегенде – Әуезов, Әуезов дегенде Абай көз алдымызға келіп тұра қалатыны бүкпесіз шындық. Ендеше бұл шындықтың тәтті балынан өскелең ұрпағымыздың да дәм татуына жағдай жасауымыз қажет!