Super User

Super User

Түркістан облысы: «Ұлы даланың Түркістаны» фотоэкспедициясы басталды

Бүгін Түркістан облысының құрылғанына 1 жыл толуына орай «Ұлы даланың Түркістаны» атты республикалық фотоэкспедиция басталды. Мақсаты – Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы мен «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласындағы міндеттерді орындау, өңірдің киелі және туристік орындарын насихаттау. 

Түркістан облысы: Мақтааралдық шаруалар қоза баптаудың технологиялары бойынша тәжірибе алмасты

Еліміздегі«ақ алтынның» отаны саналатын Мақтаарал ауданында жалпы көлемі 61 мың гектарға жуық жер бар болса, биыл соның 38 мың гектардан асасына мақта дақылы егілген. Шаруалардың зиянкестерге төтеп беруін және агротехникалық шараларды дұрыс жүргізуін ұйымдастырып, күзде мол өнім жинауына жағдай жасау — аудан әкімдігінің басты міндеті. Міне, бүгін аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің ұйымдастыруымен дәл осы мақсатта семинар-кеңес өтті. 

Түркістан облысы: төлебилік тұрғындардың жол инфрақұрылымына шағымы азаяды

Төлеби ауданында жыл өткен сайын халықтың әл-ауқаты жақсарып, түйткілді мәселелер шешімін тауып келеді. Соның ішінде жол мәселесі де тұрақты назарда. Әр жылы қала, ауылдық округтердің көшелері асфальттанып, жолдары жөндеуден өтуде. 

Түркістан облысында басқармаға жаңа басшы тағайындалды

Түркістан облысы әкімінің өкімімен Түркістан облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының басшысы болып Утебаев Елнұр Рахымбердіұлы тағайындалды. 

Осы RSS каналға жазылу