Super User

Super User

Отырар ауданы: Ерлан Айтаханов пен Жанат Мұсатаева мұғалімдердің ақшасын аямай ма?

Соңғы жылдары түрлі салада семинар өткізу сәнге айналып бара жатыр. Әсіресе, мұғалімдерге арналған семинарлардың санынан жаңыласың. Таяуда Отырар ауданында мұғалімдерге арналған сондай сансыз семинарлардың бірі өтіпті. Денешынықтыру пәнінің мұғалімдеріне арналған екен. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті Халықаралық спорттық медицина және оңалту институтымен бірлесіп өткізген.

Салыхан ПОЛАТОВ, Түркістан облысы, Созақ ауданының әкімі: «Арманым – Шолаққорғанды қалаға айналдыру!»

 «Жарықтандыру жүйесін мемлекеттік-жекеменшік әріптестікке бердік»

– Салыхан Сабырұлы, есіңізде болса, Созақ ауданының әкімі болып тағайындалғаныңызға 2 ай толғанда өзіңізбен сұхбаттасып едік. Мінеки, арада 2 жыл өте шығыпты. 2 жыл дегеніңіз 2 ай емес, біраз шаруаны бастап, біраз шаруаны аяқтап үлгеруге болатын бірталай уақыт. Осы екі жылда Созақ өңіріне нендей жаңалық алып келдіңіз? Созақтықтардың өмірінде қандай өзгерістер орын алды? 

Түркістан облысында Қасым-Жомарт Тоқаевтың қоғамдық штабы құрылды

Қазақстан Республикасының Президентігіне кандидат  Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың  Түркістан облыстық қоғамдық штабы құрылды. Облыстық қоғамдық штабты бесінші шақырылымдағы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, облыс әкімінің орынбасары қызметтерін атқарған Ұласбек Сәдібеков басқарады. 

Төлеген ТЕЛҒАРАЕВ, Қазығұрт ауданының әкімі: «Аудан әкімі дегеніңіз бұйрық беріп қойып, отыра беретін лауазым емес»

«Менде «бизнесмен, коммерсант боламын» деген ой мүлде болған жоқ»

– Төлеген Тұртайұлы, әкім боп көктен түсе салмағаныңыз белгілі. Өмірбаяныңызға қарасақ, қазіргі инженер-механик, экономист-қаржыгер деген мамандықтарды игеруге баспалдақты Шымкент автокөлік кәсіпорнының құрылыс ауласының бетоншысы ретінде қалапсыз. Мектепті бітірген жылы оқу орнына түсуге мүмкіндік болмады ма? Сұхбатымызды өткен күндерге сәл шегініс жасап бастасақ

Осы RSS каналға жазылу