Super User

Super User

Отырар ауданында ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай дөңгелек үстел өтті

Отырар ауданында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні  мерекесіне орай «Елін сүйген, елі сүйген – Елбасы» атты тақырыппен дөңгелек үстел өтті. Аталған шараға аудан әкімі Ерлан Айтаханов қатысып, кемеңгер басшының ел тарихындағы сан қилы кезеңдерде оң шешім қабылдап, мемлекетімізді әлем елдерімен тең дәрежеде дамытуға өзіндік қосқан үлесі жайында сөз етті. Қонақтар алдымен Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-мұражайы мен аудандық орталық кітапхананың «Елбасы-Ұлт Көшбасшысы» атты көрмелерін тамашалағанын айта кетейік.

Жетісайда ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай ән байқауы өтті

Таяуда Жетісайда аудандық «Жастар ресурстық орталығының» ұйымдастыруымен «Екі жұлдыз» ән байқауы өтті. Байқаудың алғашқы кезеңінде 28 жұп қатысып, ақтық сында 7 жұп өнер көрсетті. Ән байқауы 1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні мерекесіне орайластырып ұйымдастырылғанын айта кетейік.  

Мақтааралда Тұңғыш Президент күніне орай 7 мыңнан аса ағаш көшеті отырғызылды

1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күніне орай Мақтаарал ауданында 7 мыңнан аса ағаш көшеті отырғызылды. Аудан әкімі Бақыт Асановтың бастамасымен ұйымдастырылған көгалдандыру іс-шарасына барлық мемлекеттік қызметкерлер атсалысқанын айта кетейік.

Жетісайда субсидия қағидаттарын түсіндіруге арналған жиын өтті

Жетісай ауданы әкімдігінде басым дақылдардың құнын субсидиялау қағидасының талаптарын түсіндіру мақсатында алқалы жиын өтті. Мәжіліске Түркістан облысы ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Тұрғынбек Оспанов, Түркістан облысы ауыл шаруашылығы басқармасының бас маманы Әлібек Пләлов, Жетісай ауданы әкімінің орынбасары Асан Маханбетов және ауыл округ әкімдері, мақта өңдеу зауыттары мен фермерлік шаруа қожалықтарының басшылары қатысты. 

Осы RSS каналға жазылу