Super User

Super User

Кентау қаласында коммуналдық қызметтің құны 24 пайызға арзандады

Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев арнайы жұмыс сапарымен Кентау қаласына барды. Сапар барысында ондағы бірқатар нысандарды аралап, атқарылып жатқан жұмыстармен танысты. Алдымен аймақ басшысы Оранғай ауылдық округіндегі «Әл-Береке» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативіне аялдады. 2016 жылы құрылған нысан көкөніс және жеміс-жидектерді қайта өңдеу, сақтау және дайын өнімді өткізу шаруаларын атқаруға бағытталған.

Түркістан облысы: шардаралықтар ҚР Тұңғыш Президенті күнін кең көлемде атап өтті

1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніншардаралықтар аудан орталығындағы «Абай» мәдениет сарайында атап өтті. Еліміздің әнұраны орындалып болған соң, аудан әкімінің міндетін атқарушы Қайрат Жолдыбай мерекелік құттықтау сөз сөйледі.

Кентауда 60 пәтерлі 2 көпқабатты тұрғын үй пайдалануға берілді

Өткен жұмада, яғни, 30 қараша күні Кентау қаласында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні мерекесі қарсаңында 60 пәтерлі 2 көпқабатты тұрғын үй пайдалануға берілді. Салтанатты шараға арнайы қатысқан Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев, үй кезегінде тұрған азаматтарға баспананың кілтін тапсырды.

Түркістан қаласында ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай мерекелік іс-шара өтті

Түркістан қаласында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған мерекелік іс-шара өтті. Оған түрлі салада қызмет атқаратын облыс тұрғындары, мәслихат депутаттары, басқарма басшылары, қоғамдық ұйымдар мен зиялы қауым өкілдері қатысты. Алдымен Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-дың фойесінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған көрме ұйымдастырылды. Көрмеде Елбасымыздың қоғамдық және саяси қызметінен сыр шертетін құнды фотосуреттер мен деректер қойылған.

Осы RSS каналға жазылу