Super User

Super User

Түркістан қаласында салынатын «іскерлік орталық» 2020 жылы пайдалануға берілмек

Түркістан қаласындағы әкімшілік-іскерлік орталығында «іскерлік орталықтың» алғашқы құрылыс жұмыстары басталды. Тұтынудың жаңа технологиялары қолданылатын заманауи нысанның капсуласын салған өңір басшысы Жансейіт Түймебаев осынау тарихи сәттің маңыздылығына тоқталып, болашақ орталықтың жоспарымен бөлісті. Жиынға түркістандықтар да қатысып,  ақсақалдар ақ батасын берді.

Түркістан облысында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында тың жобалар қолға алынады

Президент әкімшілігінің жетекшісі Әсет Исекешевтің төрағалығымен Рухани жаңғыру бағдарламасын іске асыру жөніндегі  селекторлық жиында Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев Елбасының мақаласында айтылған міндеттерді орындауға байланысты өңірде атқарылған жұмыстарды баяндап, алдағы уақытта іске асырылатын жобалармен таныстырды.

Қазығұрт ауданында кәсіпкерлік саласы қарқынды дамуда

Қазығұрт ауданында өнеркәсіп өнім көлемінің жыл сайын артуына өңірде ашылған индустриялдық аймақтың үлесі мол.  Бүгінгі таңда «Қазығұрт» индустриялдық аймағының жалпы аумағы - 13 гектар. Онда  1,9 млрд. теңгені құрайтын 7 жобаға жер телімі берілген. 2016-2017 жылдары 3 жоба іске асырылса, 2018 жылы 589 млн. теңгелік табиғи шырын сусын өндіретін «Көрік ШҚ» ЖШС-і жұмысын бастады. Ал 3 жобаны 2019 жылы іске қосу жоспарланған. Бұл туралы Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қазығұрт ауданының әкімі Төлеген Телғараев  мәлімдеді.

Түркістан облысының әкімі М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дің 75 жылдығымен құттықтады

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университеті 75 жылдық мерейтойын атап өтті. Мерекелік жиын білім ордасының алдынан бой көтерген ұлы жазушы, ғұлама ғалым Мұхтар Омарханұлы Әуезовтың еңселі ескерткішінің ашылу рәсімімен басталды. Салтанатты шараға Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев, Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев, оқу орын басшылары мен студенттер және түрлі салада еселі еңбектерімен ел абыройын асқақтатып жүрген университет түлектері қатысты.

Осы RSS каналға жазылу