Super User

Super User

Түркістан облысы: Бағаны тұрақтандыру үшін құрылыс компанияларымен меморандумға қол қойылды

Құрылыс материалдарының негізсіз өсуін болдырмау басты назарда. Түркістан облысы әкімінің орынбасары М.Мырзалиевтің төрағалығымен өткен жиында баға тұрақтылығын ұстау бойынша меморандумға қол қойылды. 

Түркістан: Төлеби ауданында салық базасын ұлғайтуға арналған жиын өтті

Төлеби ауданының әкімі Б.Омарбековтің төрағалығымен ағымдағы жылға ауданның бюджетіне салық салу базасын ұлғайту, салықтар мен алымдардың толық түсуін қамтамасыз ету іс-шараларының барысы туралы жиын өтті. Сонымен қатар, жеке тұлғалардың транспорт, мүлік және жер салықтарының берешектерін азайту бойынша атқарылып жатқан жұмыстар талқыланды.

Арыс қаласы 1 тамызға дейін қалпына келтіріледі

Арыс қаласындағы зақымданған тұрғын үйлерді қалпына келтіру үкімет басшысының тікелей назарында. Бүгінгі таңда Арыстағы шаруаны үлесіне алған кейбір өңірлер құрлыс жұмыстарын кенжелетіп отыр. ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Арыс қаласына жасаған сапар барысында жұмысы баяу өңір өкілдерін сынға алды.

Түркістан: «Жас кәсіпкер» бағдарламасы аясында 5 мың жас кәсіпкерге несие берілмек

Жастар жылы аясында елімізде «Жас кәсіпкер» бағдарламасы қолға алынғаны белгілі. Соның нәтижесінде биыл 5 мың жас азаматқа несие беріледі. Мемлекеттік қолдаудың арқасында іскер азаматтар өз ісін ашып, кәсібін дөңгелете алады. Бұл туралы Түркістанға іс-сапармен келіп, жастармен кездескен Парламенті мәжілісінің депутаты Нұржан Әлтаев айтып берді.

Осы RSS каналға жазылу