Шымкенттте көше атауларын өзгерту мәселесі шешімін тапты
Сегізінші шақырылымдағы Шымкент қаласы мәслихатының кезектен тыс жиырма екінші сессиясы өтіп, оған Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков қатысты.
Сегізінші шақырылымдағы Шымкент қаласы мәслихатының кезектен тыс жиырма екінші сессиясы өтіп, оған Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков қатысты.
Қазақстан Республикасының Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Қазақстан халқына Жолдауында «Менің тапсырмаммен «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы жүзеге асырылып жатыр. 2025 жылдың соңына дейін заманауи үлгідегі 217 мектеп пайдалануға беріледі деп жоспарланған. Осы өте маңызды жұмысты «Самұрық-Қазына» қоры қадағалап отыр. Үкімет пен әкімдер бұл шаруаға белсене атсалысуға тиіс» - деген болатын.
Осы орайда Шымкент қаласында ұлттық жоба аясында 18 жайлы мектеп ашылады деп жоспарланып, жүзеге асырылуда. Оның 17 300 орындық 12-сі биыл, қалған 6 мектеп 2025 жылы пайдалануға беріледі еп күтілуде.
Бүгінде Республика күнінің қарсаңында алғашқы екі жайлы мектептің техникалық ашылуы болды. Нұршуақ шағынауданындағы жаңа білім беру ғимараты 2000 орынға, ал Қарабастау тұрғын алабындағы мектеп 1200 орынға есептелген. Айта кетейік, бұл мектептерде оқушылар оқу жылының екінші тоқсанынан оқи бастады.
Нұршуақ шағын ауданында орналасқан №140 жалпы орта білім беру мектебі толық жаңа технологиялармен жабдықталып,сонымен бірге ұстаздар қауымы мен оқушыларға барлық жағдай жасалған. Ата-аналарда жайлы мектеп жобасы аясынан шет қалмаған. Ата-аналар үшін, арнайы күту залы бар. Әр санаттағы оқушылар үшін жас деңгейіне сәйкес спорт зал, асхана, дәретхана, ойын және ас үй бөлмелері қарастырылған. Оқушылар үшін ыңғайлы кітапхана, шығармашылық дағдыны дамытуға көмектесетін мәжіліс залы да бар.
Соңғы жылдары Қазақстанда "Жайлы мектеп" деген ауқымды жоба белсенді жүзеге асырылуда. Заманауи технологиялармен жабдықталған және оқуға ыңғайлы барлық жағдай жасалған жаңа мектептер бүкіл ел бойынша бой көрсетіп жатыр. «Жайлы мектеп» жобасы тек ғимараттарды ғана салып қоймай, әр баланың дамуы үшін жаңа мүмкіндіктер жасайды. Ал оқуға ыңғайлы жағдайлар – бұл біздің еліміздің болашағына жасалған инвестиция.
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауында осы мәселеге қатысты бағдарлама ұсынды. 2025 жылға дейін елімізде 800 мыңға жуық баланың заманауи мектепте білім алуына жағдай жасалатынын айтқан болатын. Ұлттық жобаның аты – «Жайлы мектеп». 2023 жылы басталатын жоба аясында еліміздің түкпір-түкпірінде заманға сай жаңа мектептер бой көтеруде. Бұл өз кезегінде апатты жағдайда тұрған және үш ауысымды мектептердің де проблемасын шешуге көмектеседі.
Бүгінде жайлы мектеп аты айтып тұрғандай, оқушыға да, ата-анаға да ыңғайлы, қатынауға қолайлы жағдай жасалынып жатыр.
Себебі, жайлы мектепте ішкі ғана емес, сыртқы инфрақұрылым да қарастырылған. Мектепке апаратын жаяу жүргіншілер жолы, автобус бағыттарын алдын ала іске қосу, аялдамаларды дайындау, мектепке апаратын жолдарға жарық беру мәселелері де шешімін табуда. Осыған дейінгі білім ошақтарынан жайлы мектептің бір ерекшелігі осыда.
Шымкентте де жайлы мектепті көлікпен қамту жағдайы қарастырылған. Нақтырақ айтар болсақ, аталмыш ұлттық жобасыаясында жаңадан ашылып жатқан мектептерді қоғамдық көлікпен қамту мақсатында №122, №191 және №55 автобус маршруттарының сызбаларына өзгерістер енгізілетін болады.
Яғни, Қарабастау тұрғын алабына қатынайтын №122 және №191 бағыттағы қоғамдық көліктердің сызбасы №142 жалпы орта білім беретін мектебіне дейін ұзартылады.
№55 автобус маршруты Нұршуақ шағынауданындағы №140 жалпы орта білім беретін мектебі арқылы ұйымдастырылады.
Айта кетейік, "Жайлы мектеп" пилоттық ұлттық жобасы аясында қалада 2025 жылға дейін 28 000 орындық 18 мектеп салу жоспарлануда. Оның 17 300 орындық 12-сі биыл, қалған 6 мектеп 2025 жылы пайдалануға беріледі. Естеріңізге сала кетейік өткен жылы 15 мектеп салынып, білім ордасы кеңейтілген еді.
Абай ауданында қаладағы маңызды инфрақұрылым жүйесі іске қосылды. Шаһар басшысы жергілікті тұрғындармен бірге 60 мыңнан астам халқы бар “Қайнарбұлақ” тұрғын алабында табиғи газ қосу шарасына қатысты. Бүгінге дейін тұрғындар тұрмыста сұйытылған газ пайдаланып келген.
Шымкентте "әлеуметтік әмиян" пилоттық жобасы басталады. Ол азаматтар үшін тауарлық газды төлеуге жеңілдіктер беруді автоматтандырады.
Ел Президенті өз Жолдауында «Таза Қазақстан» жобасы жыл бойы жалғасатынын айтты. «Баршаңызға мәлім, елімізде көктемнен бері «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы жүріп жатыр. Бұл – тұтас халықты ұйыстырған берекелі бастама. «Таза Қазақстан» шарасына бірнеше айдың ішінде 3 миллионға жуық азамат атсалысты. Жүздеген мың үйдің ауласы тазартылды, 1 миллион тоннадан астам қоқыс жиналды. Осындай игі шаралардың арқасында қоғамда жаңа мәдениет, жаңа қоғамдық этика орнығып келеді. Мұны туған елге деген сүйіспеншілік, жанашырлық деуге болады. Ұлттың жаңа сапасы осындай нақты шаралар арқылы қалыптасады», деді Президент Қазақстан халқына Жолдауы барысында.
Шымкент қаласында мемлекеттік бағдарлама аясында тұрғын үй кезегіндегі 251 отбасы арендалық баспанамен қамтылды.
Мегаполис басшысы қаланы аралау барысында «Белсенді ұзақ өмір орталығының» филиалында болды. Бұл егде жастағы адамдардың өмір сүру сапасын жақсартуға арналған бірегей жоба. Бүгінде Шымкентте осындай төрт орталық өнімді жұмыс істеуде.
«Ерекше кезеңде» немесе табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларда қала тұрғындарын эвакуациялау іс-шаралары Шымкент қаласының Төтенше жағдайлар департаментінің үнемі бақылауында тұрады.
Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев «Басқа жұрт қазақты киімінен танитын болуы керек. Кейбір ірі компаниялар мен оқу орындары ұлттық нақышта киіну үрдісін енгізіп жатыр. Бұл – өте орынды бастама, оны қолдап, ауқымын кеңейте түскен жөн», – деп атап көрсеткен болатын. Президент жолдауына сәйкес тиісті басқармалар мен ЖОО-дары осы бастамаға сүбелі үлес қосып келеді. Соның бірі, Шымкент қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы мен «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ұйымдастырған фестиваль. «Ұлттық киім – ұрпаққа мұра» атты іс-шараға қаламыздың ең үздік сәнгерлері топтамаларын көрсетті.
Соңғы уақытта, ұлттық нақыштағы киімдерді кию – тренде. Бұл кәсіби дизайнерлердің заманауи киімдерді этно стильмен ұштастыра алауында деп білеміз. Дәл осы бағытты ұстанып ұлттық киім тігумен және ұлттық нақышта зергерлік бұйымдар жасаумен айналысатын шеберлер көп. Сала мамандары тек елімізде ғана емес, халықаралық деңгейде сұранысқа ие. Ендігі мақсат жастар арасында кеңінен насихаттау дейді Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының басшысы Айкерім Жұмағұлова.
Фестиваль барысында қазақтың ұлттық киімдерінің этностильдік топтамасы бойынша Ө.Жәнібеков атындағы ОҚПУ-дың «Ақ баян» сән театры «Ертұран» топтамасын ұсында. Таяуда ғана Халықаралық деңгейде өткен фестивальде жүлделі 1 орынды иеленген сәнгер Марат Ерімбетов ұлттық киімдерді әлемдік деңгейде танытуды көздейді.
– Сән әлемі үнемі жаңарып отырады. Тек денені жабу үшін ғана емес, қазақта сырт киім арқылы астарлы, ойлы сөздерді жеткізетін болған. Бүгінгі фестивальге 2 топтама алып келдім. Бірі ұлттық киімдерді этностильде жаңғырту болса, келесі заманауи стильді қамтыды,-дейді Марат Ерімбетов.
Сондай-ақ, көрмеде ұйымдастырушылар, қазақтың байырғы тұрмыс тіршілігінен сыр шертетін құрақ көрпе, ер-тұрман әбзелдері, оюмен көмкерілген бүрмелі көйлек пен шапанның түр-түрін халық назарына ұсынды. Ұштасқан ұлттық нақыш пен заманауи модельдеге туындылар көпшіліктің көңілінен шықты.
Ұлттық киімдердің заманауи үлгілері топтамасы бойынша Өзбекәлі Жәнібеков атындағы ОҚМПУ-дың «Ақбаян» сән театры, Ә.Қастеев атындағы өнер және дизайн колледжінің «Асыл мұра» сәндік киім үлгілерінің топтамасы, Бүбіхадиша Жетібаеваның «Асыл мұра» ұлттық киімдер топтамалары үздік деп танылды. Жеңімпаздар арнайы сыйлықтар табыстарлып, алғыс хаттармен марапатталды.