Түркістан: Облыс әкімі Төлебидегі әлеуметтік нысандардың құрылысын қадағалады

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес өңірлердегі білім сапасын арттыру мақсатында «Келешек мектептері» салынып, ел игілігіне берілуде. Ұлттық жоба аясында Түркістан облысында жалпы саны 29 білім ошағының құрысылы жоспарланаған.

Шымкент: Цифрландыру бағытындағы жүйелі жұмыстар

Шымкент қаласында мемлекеттік қызмет сапасын арттыру мақсатында цифрландыру үдерісі қарқынды жүзеге асырылып жатыр. «Мемлекеттік органның ұйымдастырушылық дамуы» бағытында «Ақпараттық технологияларды қолдану» көрсеткіші 2022 жылы 46 пайызды құраса, былтыр бұл көрсеткіш 85 пайызға дейін жетіп отыр. 

Шымкентте туристік объектілер үшін 3Д-тур жасау жолға қойылады

Бүгінде отандық туризмді дамытуда Түркістан қаласына ерекше көңіл бөлініп отырғаны жасырын емес. Бұл қалада жаңа әуежайдың іске қосылғанына қарамастан, киелі шаһарға келушілер ағыны әлі де Шымкент қаласынан өтетінін көңіл көншітеді. Осы орайда, Түркістан мен Шымкент қалалары қандай жағдайда да бірге дамитынын түсіну қажет. Яғни, көрші өңірдегі киелі орындарға келген саяхаттаушыларды Шымкент қаласына да тартудың мүмкіндігі зор. Сол үшін биыл қаладағы Этноауыл аумағын абаттандыру және қайта құру жоспарланған.

2024 жылы туристік индустрия өкілдеріне арналған  семинар-тренинг өткізілді. Оған гид-экскурсоводтар, қонақ үй бизнесі әкімшілері, мейрамхана қызметкерлері, барлығы 90 маман қатысып өздерінің кәсіби біліктілігін шыңдай түсті.  «Visit Shymkent» туристік ақпарат орталығының дүңгіршектері бірнеше орындарда ашылды Оған қоса «2ГИС» қосымшасына туристік нысандар енгізілді және «Red Bus» атты шетелдік туристерге экскурсия ұйымдастырылды.

Биылда бірқатар іс-шаралар қолға алынбақ. Атап айтқанда, Шымкент қаласына келген қонақтарға және туристерге хабарлама тарату қолға алынбақ. Туристік индустрия өкілдеріне арналған  семинар-тренингтер ұйымдастырылады. «Visit-Shymkent.com» ресми туристік порталын (сайт) cүйемелдеу жұмысы жалғасады. Тревел-блогерлер мен контент мейкерлерге арналған мастер-класс ұйымдастырылып, «2ГИС» қосымшасына ұлттық және шығыс асханалар жиынтығы енгізіліп жатыр.

Туристік нысандар мен тур маршруттарды цифрландыру, атап айтқанда, туристік объектілер үшін 3Д-тур жасау жолға қойылады. «Visit Shymkent» орталығының туристік аралы ашылмақ. Оған қоса 24/7 режимінде жұмыс істейтін Гастрономиялық аллея ашу және Бадам су қоймасы аумағында туристерге қолайлы жағдай жасау жоспарланып отыр.

 

 

Туристер саны бойынша Шымкент елімізде - 4 орында

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қаңтар айында өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында «Туризм экономиканың өсуіне жаңаша серпін беретін сала болуы қажет. Бұл бағытта біз артта қалып барамыз, жұмыс мардымсыз жүріп жатыр. Еліміздің әр аймағында көрікті жерлер бар. Шетелден және ел ішінен келген туристер біздің қайталанбас қорықтарымызды аралап көргісі келеді. Бірақ белсенді және ауқымды туризмді дамыту үшін жағдайымыз жеткілікті емес. Сондықтан жеке инвесторларды да тарта отырып, қажетті инфрақұрылым салу жұмысын дереу бастау қажет. Туризм саласының инвестициялық әлеуетін күшейтуге арналған кез келген бастамаға қарсы шығатын адамдардың жетегінде кетпеу керек» деген болатын.

Шымкент сатира театры XVII маусымын қорытындылады

Шымкент қалалық әзіл-сықақ және сатира театры XVII театр маусымын қорытындылады. Маусымның жабылуына орай театр сахнасында ағылшын драматургі Рей Кунидің әйгілі «Әзәзіл ақша» комедиясы таңдалды.