Түркістан облысы: Келес ауданы басшылығы Бозай жұртшылығымен кездесті
Аудан әкімі Ақментай Есбаев пен «Nur Otan» партиясы Келес аудандық филиалының төрағасының бірінші орынбасары Ахмет Жұмабеков аудан орталығынан шалғай орналасқан Бозай ауылдық округі тұрғындарымен кездесу өткізді. Кездесуге аудандық ішкі істер бөлімінің басшысы, полковник Шырынбек Оңғаров, тиісті бөлім және мекеме басшылары қатысты.