Кентауда шығарылатын газ қазандықтары Орта Азия елдеріне экспортталады

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров жұмыс сапарымен Кентау қаласына барып, «Тұран» арнайы экономикалық аймағында орналасқан газ қазандықтарын өндіретін «TURAN SHENHUA» ЖШС зауытының жұмысымен танысты.

Отырар ауданында өндіріс орындарының саны артып келеді

Мемлекет басшысының өңірлердің экономикалық әлеуетін арттыру, инвестиция тарту және жаңа өндіріс орындарын ашу жөніндегі тапсырмаларын орындау бағытында Түркістан облысында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің бастамасымен өндірістік инфрақұрылымды дамытуға ерекше көңіл бөлініп, барлық аудан мен қалада шағын өндірістік парктер құру арқылы кәсіпкерлікті қолдаудың жаңа кезеңі басталды.

Кентауда су жаңа «Достық үйі» ғимараты пайдалануға берілді

Кентау қаласы, Қарнақ елді мекенінде заманауи үлгідегі «Достық үйі» ғимараты ел игілігіне пайдалануға берілді. Ашылу салтанатына облыс әкімі Нұралхан Көшеров арнайы қатысып, тұрғындарды айтулы күнмен құттықтады. Жаңа нысанды толық аралап көріп, алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі.

Сауран ауданында жаңа спорт кешені пайдалануға берілді

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Сауран ауданына жұмыс сапарымен барып, Шорнақ ауылында бой көтерген жаңа спорт кешенінің ашылу салтанатына қатысты.  Облыс әкімі тұрғындарды спорт нысанының ашылуымен құттықтап, бұқаралық спортты дамыту – мемлекет саясатының басым бағыттарының бірі екенін атап өтті.

Түркістан облыстық мәслихатының депутаттары Созақ ауданының тұрғындарымен кездесті

Түркістан облыстық мәслихатының депутаттары Бегімбет Байғараев, Мағауия Тұрысбеков және аудандық мәслихаттық төрағасы Ордабек Жәмиевтің қатысуымен өткен жиынды аудан әкімінің орынбасары Серік Маманов жүргізді.

Шымкент: Медицина саласында бір дәуірдің көшін жалғаған ардагерге құрмет

 

Денсаулық сақтау саласында 40 жылдан астам табанды еңбек етіп, мыңдаған адамның денсаулығына қызмет еткен білікті маман, тәжірибелі ұйымдастырушы, денсаулық сақтау ісінің ардагері Жәукімова Роза Түзелбайқызы құрметті еңбек демалысына шықты.

Түркістанда жаңа индустриалды аймақ құру жобасының таныстырылымы өтті

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров шетелдік құрылыс компаниясының директоры Сюй Миньмен кездесті. Кездесу барысында тараптар өңірде жаңа индустриалды аймақ құру жұмыстарын жеделдету бағытындағы бірлескен жобаларды талқылады.

Отырар: Балтакөл ауылында абаттандыру жұмыстары қарқынды жүргізілуде

Отырар ауданында елді мекендердің инфрақұрылымын жақсарту және тұрғындарға қолайлы орта қалыптастыру бағытындағы абаттандыру жұмыстары жүйелі түрде жалғасуда. Аудан әкімі Қайрат Жолдыбайұлының тапсырмасына сәйкес, ауылдардың келбетін көркейту мен халықтың тұрмыс сапасын арттыруға бағытталған маңызды жобалар кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда.