Түркістан облысы: Ордабасы ауданын дамыту тұжырымдамасы қаралды

Ордабасы ауданында қолайлы инвестициялық климат құру және экономикадағы өнеркәсіп саласын одан әрі дамытуға толық мүмкіндік бар. Атап айтқанда, мұнай-химиялық кластерді дамыту, жеңіл өнеркәсіп, құрылыс материалдары өндірісінде, өңдеуді терең пайдалану, арнайы индустриальды аймақтарды ұлғайту, жаңа технологияларды ендіру және дамыту үшін өңдеуші өнеркәсіпке шетел компанияларын тартуға басымдық беріледі.

Түркістан облысы: Созақтағы Қарақұр ауылында екі бірдей нысан ашылды

Созақ ауданындағы Қарақұр ауылында жабық футбол алаңы мен округ әкімдігінің жаңа ғимараты ашылып, тұрғындар қос бірдей қуаныштың куәсі болды. Заманауи талаптарға сай жабдықталған жаңа нысандардың ашылуына аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков арнайы қатысып, ауыл тұрғындарын құттықтады.

Түркістан: индустриалды және экономикалық аймақтарда инвесторларға дайын инфрақұрылымы бар жер учаскелері, түрлі салықтық жеңілдіктер ұсынылған

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Қытай Халық Республикасынан келген инвесторлармен кездесті. Басқосуда облыстағы инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мәселелері талқыланды. Ауыл шаруашылығы өндірісіне заманауи технологияны енгізудің маңыздылығын ерекше атап өткен өңір басшысы осы бағытты дамыту бойынша бірқатар жобалалармен бөлісті. Тараптар агроөнеркәсіп саласында іскерлік қарым-қатынасты орнатуға ниетті.

Түркістан: облыс әкімі ауғанстандық инвесторлармен кездесті

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды ауғанстандық инвесторлармен кездесіп, бірқатар жаңа жобаларды талқылады. Алдағы уақытта қос тарап сауда-экономикалық және мәдени байланыстарды күшейтуге уағдаласты.

Түркістанда этносаралық қарым-қатынас мәдениетін нығайту мақсатында семинар өтті

ҚР Президенті Әкімшілігі ҚХА Хатшылығы меңгерушісінің орынбасары Ғалымжан Махан және ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы Ғалым Шойкин жұмыс сапарымен Түркістан облысына келді. Сапар аясында елордадан келген қонақтар Түркістан қаласындағы «Ұлы Дала Елі» орталығында «Этносаралық қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырудың психологиялық-педагогикалық негіздері» тақырыбындағы семинарда сөз сөйлеп, пікір алмасты.

Келестік ана үшем босанып, 10 баланың анасы атанды

Келес ауданы, Абай ауылының 33 жастағы тұрғыны 7 қыздан кейін үшем босанып, 10 баланың анасы атанды. Көптен күткен ұлдарына Қасым, Жомарт есімдері, қыздарына Кемел есімі берілген. Түркістан облысында өмірге келген үшем бүгін отбасымен қауышты. Қасым, Жомарт, Кемел – Мыңжасар отбасының көптен күткен қуанышы.

Түркістан облысында 300-ден аса білім ошағы жөндеуден өтіп, жаңа нысандар ел игілігіне берілмек

Еліміздегі әрбір 7-ші оқушы Түркістан облысында тұрады. Мектеп тапшылығын жою бағытында ауқымды жұмыс жүріп жатыр. Облыс әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасымен және қолдауымен аймақтағы күрделі және ағымдағы жөндеуді қажет ететін білім ұяларының, жаңа мектептер қажет елді мекендердің тізімі әзірленіп, мәселені шешу бойынша нақты шаралар қолға алынған.

Түркістан: облыстағы орта білім беру ұйымдарының желісі 1060-қа артты

Тамыз кеңесі – білім саласындағы жетістіктермен қатар кемшін тұстарды да таразылайтын дәстүрлі жиын. Бүгін Түркістан облысының білім беру саласы қызметкерлерінің «DIGITAL KAZAKHSTAN: Жаңа замандағы білім беру» тақырыбындағы облыстық тамыз педагогикалық кеңесі өтті. Дәстүрлі тамыз кеңесінде Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды арнайы қатысып, жаңа оқу жылының басталуына сәттілік тіледі.