Кентау қаласында шахмат үйі іске қосылады

Кентау қаласының әкімі Жандос Тасов қалада жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан нысандарды аралап, олардың орындалу барысымен танысты. Алдымен қалада алғаш рет ашылатын Шахмат үйінің дайындық жұмыстарын көрді.

Шымкентте МӘМС жүйесінде қамтылғандар саны 1,1 миллионға жуықтады

Шымкентте міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде қамтылған тұрғындар саны 1,1 миллионға жуықтады. Бұл туралы қала әкімінің орынбасары Арман Сәбитовтың төрағалығымен өткен денсаулық сақтау саласының 2026 жылдың алғашқы жартыжылдығының қорытындысына арналған алқа отырысында мәлім болды.

Сәбиге өмір сыйлаған бірегей ота: алты айдан кейінгі нәтиже

Шымкентте небәрі 1,5 айлық кезінде жүрегіне күрделі ота жасалған сәби бүгінде қалыпты өмірге қадам басты. Қалалық клиникалық балалар ауруханасының дәрігерлері нәрестенің өміріне қауіп төндірген сирек кездесетін жүрек ақауын анықтап, МӘМС аясында сәтті ота жасаған болатын. Операция жасалғаннан бері алты ай уақыт өтті. Осы уақыт аралығында сәби жақсы өсіп, жасына сай дамып келеді.

Түркістандық боксшылар Азия чемпионатынан 2 алтын және 2 күміс медальмен оралды

Индонезияның Джакарта қаласында 3-16 шілде аралығында бокстан U19 және U23 жас санаттары бойынша өткен Азия чемпионатында Қазақстан ұлттық құрамасы сапында өнер көрсеткен Түркістандық былғары қолғап шеберлері ел қоржынына 2 алтын және 2 күміс медаль салды.

Сауран ауданы: аппарттық мәжілісте қоғамдық-саяси ахуал мен әлеуметтік мәселелерге талқыға түсті

Сауран ауданында аудан әкімі Мақсат Таңғатаровтың төрағалығымен кезекті аппараттық мәжіліс өтті. Жиында ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы мен мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігін арттыруға бағытталған бірқатар өзекті мәселелер қаралды.

Созақ ауданы: аппарат мәжілісінде бірқатар маңызды мәселелер қаралды

Созақ ауданының әкімі Мұхит Тұрысбековтің төрағалығымен кезекті аппарат мәжілісі өтіп, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты бірқатар өзекті мәселелер жан-жақты қаралды. Жиынға аудан әкімінің орынбасарлары, дербес бөлім және мекеме басшылары, ауылдық округ әкімдері мен жауапты сала мамандары қатысты.

Түркістан қаласында тұрғындардың бос уақытын тиімді өткізуі мен жайлы демалысын қамтамасыз ету мақсатында жаңа жағажай ашылды

Түркістан қаласындағы Орталық Азияда теңдесі жоқ Есу арнасында суға шомылуға арналған жаңа жағажайдың ашылуы өтті. Іс-шараға Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Аманжол Бақытжанұлы қатысып, жаңа демалыс орны тұрғындардың бос уақытын тиімді өткізуі мен жайлы демалысын қамтамасыз ету мақсатында ашылғанын атап өтті.

Созақ ауданы: бір мезетте 1300-ге жуық бала керемет көңіл-күйге бөленді

Аудан орталығында орналасқан Орталық саябақта балалар мен ата-аналар үшін ерекше көңілді шара ұйымдастырылды. Шараға аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков арнайы қатысып, тұрғындармен бірге мерекелік шараның куәсі болды.

Кентау: Ащысай ауылында кәріз жүйесінің құрылысы жүруде

Ащысай ауылының инженерлік инфрақұрылымын жақсарту және тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыру мақсатында Құлымбетов көшесі бойында кәріз желісін тарту жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Құрылыс нәтижесінде, Құлымбетов көшесінде орналасқан №5, 15, 3, 2, 15, 22, 23, 24, 25 көп қабатты үйлерден шыққан кәріз сулары, жаңартылған құбыр желісіне қосылатын болады.