Түркістанда «Kone turki dasturi» этнофестивалі мен «Бір ауыл – бір өнім» атты өңірлік көрме өткізілді

Этнофестиваль мен көрмеге облыс әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов, облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев, қоғам қайраткері Әлихан Байменов, облыс әкімінің штаттан тыс кеңесшісі Нұрлан Қоянбаев бастаған өнер адамдары қатысты.

Ордабасы ауданында «Таза ауыл» экоакциясы өтті

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында Ордабасы ауданында «Таза ауыл» экоакциясы өтті. Тазалық шарасына ауыл әкімдері, зиялы қауым өкілдері, мекеме қызметкерлері, ардагерлер мен жастар, ауыл тұрғындары қатысты.

Түркістан: дәрігерлер 4 науқасқа есту мүмкіндігін сыйлады

Түркістан қалалық орталық ауруханасы кезекті пациенттеріне есту мүмкіндігін сыйлады. Мұнда IV дәрежелі есту қабілеті жоғалған 4 пациентке жоғары технологиялық «Кохлеарлық имплантация» отасы сәтті өткізілді. Олардың екеуі ересек, екеуі бүлдіршін.

Түркістан облысы: соңғы бір айда 4 индустриалды аймақ құрылды

Түркістан өңірінде соңғы бір айдың ішінде Қазығұрт, Сауран, Сарыағаш және Келес ауданында 570 гектарға қосымша 4 индустриалды аймақ құрылды. Бұл туралы Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен аппарат мәжілісінде айтылды. Жиын барысында индустриалды аймақтарды жобалармен толықтыру жайы талқыланды. Өңір басшысы жауаптыларға бұл бағыттағы күшейтуді тапсырды.

Шымкентте есірткі заттарының заңсыз айналымына қарсы күрес жалғасуда

2024 жылдың 9 айында есірткі заттарының заңсыз айналымына қатысты 397 қылмыскер анықталып, олардың басым көпшілігі 21-29 жас (139 адам) және 30-39 жас (131 адам) аралығындағы тұлғалар болды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында «Нашақорлыққа қарсы күрес шеңберінде қала прокуратурасымен атқарылған жұмыстар туралы» тақырыбында өткен баспасөз конференциясында айтылды.  

Шымкент жастарымен отбасы тақырыбында кездесу өтті

Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының “Жастар ресурстық орталығы” КММ-нің ұйымдастыруымен «Ұлт тірегі – Отбасы» тақырыбы аясында Ө.Жәнібеков атындағы педагогикалық университеттің жастарымен кездесу өтті. Кездесуге Шымкент қаласының әкімдігі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия мүшелері қатысты. 

Шымкент қаласының әкімі сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шараларын күшейтуді тапсырды

Бүгін Шымкент қаласында құқық бұзушылықтың алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысы қала әкімі Ғабит Сыздықбековтың төрағалығымен өтті. 

Шымкент: «Абай оқулары» байқауының жеңімпаздары марапатталды

«Қаратау дәстүрлі өнер» мектебінде «Абай оқулары» қалалық байқауының жеңімпаздарын марапаттау іс-шарасы өтті. Байқаудың мақсаты – жаңа буынның интеллектуалдық пайым-парасатын арттыру, дарынды оқушыларды және ұстаздарды қолдау. Биылғы байқауда жалпы 245 665 оқушы қамтылды.

Шымкент басшысы бір қатар нысандардың жұмыс барысын бақылады

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков кезекті аралау барысында қаладағы бірқатар нысандарда болып, жұмыс барысын бақылады. Ең алдымен, “Шымкент Сити” шағынауданындағы жол құрылысын, А-2 автомобиль жолын қайта құру және Изенді көшесіндегі күрделі жөндеу жұмысын, сондай-ақ Жандосов көшесінің Сасбуқаев пен Адырбеков көшесі аралығында атқарылып жатқан жұмыстарын тексерді.