Сауран ауданында «Бәріміз бірдейміз, кемсітуді білмейміз» атты іс-шара өтті

Сауран ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен халықаралық мүмкіндігі шектеулі жандар күніне орай, аудан жастары арасында «Бәріміз бірдейміз, кемсітуді білмейміз!» атты жастарға арналған шығармашылық кеш өтті.

Түркістанда балалардың қиялынан туған ертегілер жинағының тұсауы кесілді

Бүгін «Фараб» кітапханасында «Ақылды балаға – сыйлыққа Ақылдым» ақция-байқауы өз мәресіне жетті. Онда әр ауданнан облыстық финалға жолдама алған 18 бала сынға түсті. Байқау барысында қатысушы балалардың қиялынан туған ертегілер жазылған жинақтың тұсауы кесілді. 

Түркістан: Төлебидегі кәсіпорын заманауи технология арқылы сүт өнімдерін шығаруда

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Төлеби ауданына жұмыс сапарымен барды. Көксәйек елді мекенінде орналасқан «ФудМастер-Шымкент» ЖШС-де болып, атқарылып жатқан жұмыстармен танысты.

Түркістан облысында санитарлық талапқа сай келмейтін полигондар реттеледі

Түркістан облысында өңір басшысының тапсырмасымен қатты тұрмыстық қалдықтар полигондарын зерделеу жұмыстары жүргізілді. Тиісті іс-шара жоспары жасалып, тапсырмалар берілген. Бастапқыда 159 қатты тұрмыстық қалдықтар тастайтын полигон орындарының талапқа сәйкес келмейтіні 60% пайыз болған еді. Соңғы анықтау, тексеру барысында 70% яғни 109 полигон санитарлық талаптарға сәйкес келмейтіні анықталды. Бұл туралы облыс әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен аппарат отырысында айтылды.

Түркістан: Отырарда жалпы құны 67 млрд теңгеге жуық инвестициялық жобалар жүзеге асады

Отырар ауданында биыл 9 айда жалпы өндірілген өнім көлемі 80,1 млрд теңгені құрады. Ал өнеркәсіп өнімінің көлемі – 15 млрд теңгеге жетсе, ауыл шаруашылығының өнім көлемі - 29,7 млрд. теңге көлемінде. Бұл туралы бүгін Отырар ауданының әкімі Сәкен Сұлтанханов мәлімдеді.

Марал ишанның Кенесарыға сыйлаған Құран кітабы Түркістандағы Қ.А.Ясауи кесенесінен орын тапты

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев киелі Түркістанда Ұлттық құрылтайдың «Әділетті Қазақстан – Адал азамат» атты екінші отырысында әйгілі Марал ишанның Кенесары ханға сыйлаған Құран кітабын Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне қоюды ұсынған еді. Осы орайда бүгін аталған Құран кітабын Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне тапсыру іс-шарасы өтті. Салтанатты шараға Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды, Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы, Кенесары ханның ұрпақтары қатысты.

Түркістан облысында 8 мыңға жуық тұрғынды газбен қамтитын нысан пайдалануға тапсырылды

Түркістан облысындағы елді мекендерді толық инфрақұрылыммен қамту бағытындағы жұмыстар жүйелі жүргізілуде. Ордабасы ауданы, Төрткүл ауыл округі, Төрткүл елді мекенінде табиғи газ беру нысаны іске қосылды.

Өзбекстан астанасында «киелі Түркістаннан – тарихи Ташкентке» әдеби-мәдени шарасы өтті

Бүгін Өзбекстан астанасы Ташкент қаласында Түркістан облысы мәдениет және туризм басқармасының қолдауымен Қазақстан Жазушылар одағының Түркістан облыстық филиалы, Түркістан облыстық «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасы және Әлішер Науаи атындағы Өзбекстан ұлттық кітапханасының ұйымдастыруымен «Киелі Түркістаннан – Тарихи Ташкентке» атты әдеби-мәдени шарасы өтті.

Созақ ауданында ауыл шаруашылығы саласындағы жалпы өнім көлемі 8 айда 12 млрд 260,5 миллион теңгеге жеткен

Созақ ауданының орталығы Шолаққорған ауылындағы «Даңқ» саябағында ауыл шаруашылығы саласындағы дәстүрлі «Алтын күз-2023» шарасы өтті. Жиын аясында арзан бағада азық-түлік өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Сондай-ақ, ауыл шаруашылығы саласындағы заманауи технологиялар мен асыл тұқымды мал түрлерінің көрмесі өтті.