Түркістан: Дархан Сатыбалды тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды жеке қабылдау кестесіне сай тұрғындармен кездесті. Тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдап, азаматтардың өтініш-тілектерін тыңдады. Ашық пікір алмасу өтіп, күрделі түйткілдердің түйіні тарқатылды.

ӨҢІРІМІЗДЕГІ 5 КӘСІПОРЫННЫҢ ҚЫЗМЕТІ ДЕКЛАРАЦИЯЛАНЫП, «СЕНІМ СЕРТИФИКАТЫ» ТАПСЫРЫЛДЫ

Қаламыздағы кәсіпорындар мен мекемелерде тұрақты түрде қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету мақсатында мониторинг жүргізіліп отырады. Жүргізілген мониторинг қорытындысы бойынша бүгінгі күнге қаламыздағы 1 452 кәсіпорында еңбек қауіпсіздігі бойынша өндірістік кеңестер жұмыс жүргізіп жатқан болса, 2 112 жұмыс орындарына зиянды және қауіпті еңбек қауіпсіздігі бойынша аттестациялау жүргізілді. Сондай-ақ, қаламыздағы 144 кәсіпорында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша халықаралық және ұлттық стандарттар енгізілген.

Өңіріміздегі 5 кәсіпорынның қызметі декларацияланып, «Сенім сертификаты» тапсырылды.

Айта кететін жаңалықтардың бірі, ел бойынша еңбек жағдайларын жақсарту және өндірістік жарақаттануды төмендету мақсатында Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевтың 2023 жылғы 01 қыркүйектегі халыққа Жолдауында 2030 жылға дейінгі қауіпсіз еңбек Тұжырымдамасын қабылдануын жеделдетуге тапсырма берді. Қазіргі уақытта Тұжырымдама жобасы әзірленіп, оны іске асырудың жол картасы бекітіліп, түрлі деңгейде талқыланып келеді.

Мемлекет басшысының 2020 жылғы 22 қазандағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінде жұмыскерлер еңбегінің қауіпсіздігін және қорғалуын бақылауды қамтамасыз етуге бағытталған «Халықтық бақылау» жобасын ірі кәсіпорындарда енгізу туралы тапсырмасы берілген, бүгінгі күнге қаламыздың 18 кәсіпорыны жобаны енгізді. Сонымен қатар, «Тік бақылау» жобасы 12 кәсіпорында енгізілді.

2019 жылы 17 маусымда Халықаралық әлеуметтік қамсыздандыру қауымдастығы және Қазақстанның атқарушы органдары арасында «Vision Zero - Нөлдік жарақат» тұжырымдамасын ілгерілету бойынша өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандум жасалған. Атқарылған шаралар нәтижесінде тұжырымдамаға қаламыздағы 71 кәсіпорын қосылды.

 

2030 ЖЫЛҒА ДЕЙІНГІ ҚАУІПСІЗ ЕҢБЕК ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ АЛТЫ БАҒЫТТА ЖҰМЫС ЖҮРГІЗЕТІН БОЛАДЫ

Еліміздің кәсіпорындарындағы еңбек жағдайларының жай-күйі туралы жалпы статистикалық ақпараттың болмауының жүйелік проблемасын шешу мақсатында Қауіпсіз еңбек тұжырымдамасы кәсіпорындардың Цифрлық картасын әзірлеу және енгізу, тәуекелдерді басқарудың жаңа жүйесі бойынша мемлекеттік бақылау жөніндегі шараларды қамтиды.

Концепциямен келесі алты бағыт бойынша жұмыс жүргізіледі:

1. Кәсіптік тәуекел дәрежесі бойынша жұмыс орнын саралау.

Тұжырымдамада өндірістік объектілерді аттестаттаудан шығару, Ал халықаралық тәжірибеге сәйкес әрбір жұмыс орнын диагностикалауды (кәсіптік тәуекелді жеке бағалау) қамтитын әдістемені пысықтауды ескере отырып, кәсіптік тәуекелдерді бағалауды қолдануды масштабтау және тұтастай алғанда бүкіл кәсіпорын бойынша интегралдық бағалауды пайдалану көзделген. Өндірістік объектілерді аттестаттаудан айырмашылығы кәсіптік тәуекелді бағалау рәсімі құралдардың үлкен жиынтығын қамтиды (5 көрсеткіш: 30 химиялық, физикалық, биологиялық, психофизиологиялық факторлар бойынша еңбек жағдайларының зияндылығы, 10 механикалық факторлар бойынша жарақат алу қаупі, 10 фактор бойынша жабдықтардың қауіпсіздігі, 3 критерий бойынша ЖҚҚ қамтамасыз етілуі, 3 критерий бойынша сырқаттанушылық – зиянды жағдайларда болу ұзақтығы еңбек, ЖРВИ немесе созылмалы аурулардың болуы).

2. Кәсіптік тәуекел дәрежесі бойынша жеке қорғаныс құралдарын таңдау.

Бүгінгі таңда кәсіпорындардың қызметкерлері белгілі бір уақыт бойы қайта қаралмаған бекітілген салааралық нормалар бойынша ЖҚҚ-мен қамтамасыз етіледі, іс жүзінде «тізімдік» тәсіл қолданылады, онда бірдей кәсіптер үшін өндірістік факторларды ескере отырып, әрбір жұмыс орнында кәсіптік тәуекелді (химиялық сипаттағы: сәулелену, дәнекерлеу аэрозолі, ұшқындар және металл мен қождың шашырауы және басқалары) ескермей ЖҚҚ-ның бірыңғай жиынтығы қойылады.

Мысалы, қазіргі нормативтік-тізімдік тәсіл бойынша қызметкерге ШРК шекті рұқсат етілген концентрациясынан асып кету еселігіне қарамастан, респиратордың бір түрін беру керек.

Тұжырымдама ШРК-ның белгіленген мәніне байланысты әр түрлі қорғаныс дәрежелері бар ЖҚҚ беруді сараланған тәсілді көздейді.

3. Сақтандыру тарифін кәсіптік тәуекел дәрежесі бойынша саралау.

Өндірістегі жазатайым оқиғаларды міндетті сақтандырудың (ЖОМС) қолданыстағы сақтандыру тариф белгілеу жүйесі Экономикалық қызмет түріне сәйкес кәсіптік тәуекелдің 22 сыныбы бойынша еңбекақы төлеу қорынан (ЕТҚ) 0,12-ден 2,96-ға дейінгі жалпы диапазонды ғана айқындай отырып, жеткілікті икемді болып табылмайды.

Тұжырымдама сақтандыру тарифін кәсіптік тәуекел дәрежесіне қарай саралау жөніндегі шараларды бекітеді. Мысалы, тұрғын үй ғимараттарының құрылысы кәсіптік тәуекелдің (КТС) 14-сыныбына жатады, сақтандыру тарифі ЕТҚ-нан 1,55% құрайды. Бір құрылыс кәсіпорнында кәсіптік тәуекелдің 4-ші дәрежесін белгілеу кезінде сақтандыру тарифі 2,17%, ал 2-ші дәрежеде – 1,86% болады. Тұжырымдама ЖОМС қаржы қаражаты шеңберінде алдын алу және оңалту бағдарламаларын іске асыратын ӨСК үшін өндірістік жарақаттанудың «нөлдік» немесе төмен деңгейі бар кәсіпорындар үшін одан әрі экономикалық ынталандыру шараларын көздейді.

4. Кәсіптік тәуекел дәрежесі бойынша зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істейтін адамдарға әлеуметтік кепілдіктердің түрлері мен көлемдерін саралау

Қазіргі уақытта «тізімдік тәсіл» қолданылады, яғни әлеуметтік кепілдіктер тиісті тізімдерде көрсетілген және өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау негізінде «зиянды» жұмыс орындарына жатқызылған кәсіптер мен жұмыс түрлерінің өкілдеріне беріледі. Әр жұмыс орнында кәсіптік тәуекелді ескере отырып, сараланған тәсілдің болмауы, бір қызметкерге әлеуметтік кепілдіктер беріледі, ал екіншісіне берілмейді. Тұжырымдама өндірістік объектілерді аттестаттау нәтижелерінің орнына кәсіптік тәуекелді бағалау нәтижелерін ескеруді көздейді, оның шеңберінде кәсіптік тәуекелдің 4 дәрежесінің бірін (төмен, орташа, жоғары, өте жоғары) белгілеу кезінде қорғаудың 4 деңгейі (минималды, орташа, жоғары, өте жоғары) берілетін болады.

5. Еңбекті қорғау саласында оқыту сапасын арттыру және кәсіби тәуекел дәрежесін ескере отырып құзыреттерді дамыту моделін енгізу

Тұжырымдама онлайн-платформада оқыту және білімді тексеру рәсімдерін ажырату, оқыту ұйымдарын, тартылатын дәріскерлерді онлайн-тіркеуді енгізу, сондай-ақ білімді тексеру рәсімінен өткені туралы сертификаттарды орталықтандырылған түрде беру, еңбекті қорғау мәселелері бойынша жауапты барлық тұлғаларды бірыңғай есепке алу үшін оқыту сапасына жауапкершілік шараларын қолдануды көздейді.

6. Еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау мен статистикалық мониторингтің жаңа форматы

Қазіргі уақытта еңбекті қорғаудың ағымдағы жай-күйі туралы толық және дәйекті деректердің болмауына байланысты мемлекеттік бақылау мен статистикалық мониторингті жетілдіру мәселелері өзекті болып табылады.

Оларды шешу үшін Тұжырымдамада тәуекелдерді басқару жүйесі мен кәсіпорындардың Цифрлық картасы (КЦК) негізінде қауіпсіз еңбек саласындағы мемлекеттік бақылаудың цифрлық проактивті форматына көшу көзделген.

 

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА 20 КӘСІПОРЫН ЕҢБЕК ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ БАҒЫТЫНДАҒЫ ЖОБАЛАРДЫ ЕНГІЗДІ

Конституциямызға сәйкес әркімнің қауіпсіздік талаптарына сай еңбек ету жағдайына құқығы бар. Еңбек қауіпсіздігі бұл еңбек процесінде жұмыскерлерге зиянды және қауіпті өндірістік факторлардың әсерін болғызбайтын іс-шаралар кешенімен қамтамасыз етілген, жұмыскерлердің қорғалуының жай-күйі.

Мемлекет басшысының 2020 жылғы 22 қазандағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінде жұмыскерлер еңбегінің қауіпсіздігін және қорғалуын бақылауды қамтамасыз етуге бағытталған «Халықтық бақылау» жобасын ірі кәсіпорындарда енгізу туралы тапсырмасы берілген, бүгінгі күнге қаламыздың 18 кәсіпорыны жобаны енгізді. Сонымен қатар, «Тік бақылау» жобасы 12 кәсіпорында енгізілді.

2019 жылы 17 маусымда Халықаралық әлеуметтік қамсыздандыру қауымдастығы және Қазақстанның атқарушы органдары арасында «Vision Zero - Нөлдік жарақат» тұжырымдамасын ілгерілету бойынша өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандум жасалған. Атқарылған шаралар нәтижесінде тұжырымдамаға қаламыздағы 71 кәсіпорын қосылды.

Тілге тиек етейік, биыл мемлекеттік еңбек инспекторларымен еңбек заңнамасының сақталуы бойынша жеке және заңды тұлғалардың 1360 арыз-шағымдары қаралып, нәтижесінде 277 тексеру жүргізіліп, 538 бұзушылық анықталды (оның ішінде еңбек қатынастары бойынша – 430, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша – 101, жұмыспен қамту - 7). Анықталған бұзушылықтардың 491 жойылып, заңға сәйкестендірілді.

Сонымен қатар, анықталған бұзушылықтар бойынша 162 нұсқама беріліп, жалпы құны 14,3 млн.теңгені құрйтын 127 айыппұл салынды, оның ішінде 9,5 млн.теңге көлеміндегі 112 айыппұл өндірілді.

Есепті кезеңде, 60 кәсіпорындағы 978 жұмыскердің 460,3 млн.теңге жалақы қарыздары төленді. Қазіргі уақытта, Шымкент қаласындағы кәсіпорындарда жалақы қарызы жоқ.

 

ШЫМКЕНТТЕ «ҚЫС-2023» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОМАНДАЛЫҚ-ШТАБТЫҚ ОҚУ-ЖАТТЫҒУЫ БАСТАЛДЫ

Бүгін елімізде «Қыс-2023» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы басталды. Іс-шара қыс мезгіліндегі төтенше жағдайларда авариялық-құтқару жұмыстарына ТЖ департаменті арнайы техникасының дайындығын тексеру, техникалардың жұмысқа жарамдылығын және техникалық жағдайын анықтауды мақсат еткен. Оған сәйкес, төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс-қимылдарды пысықтау бойынша командалық-штабтық жаттығулар, авариялық-құтқару қызметтерімен және азаматтық қорғау құралымдарымен практикалық іс-қимылдар өткізіледі.

Шымкент қалалық Төтенше жағдайлар департаментінде жедел штабтың жұмысы ұйымдастырылды. Іс-шараның бірінші күні «3-Энергоорталық» АҚ-да тактикалық-арнайы оқу-жаттығулар өткізілді. Сценарий бойынша мекеме аумағындағы турбиналық цехқа газ беретін диаметрі 325 мм құбырынан газ шығып, жарылыс болды. Салдарынан өрт орын алып, қазандықтар істен шықты. Апатты жою үшін Шымкент қаласы ТЖ департаменті және азаматтық қорғау қызметтерінің күштер мен құралдары жіберілді.

Үйлесімді әрекет етудің нәтижесінде өртті сөндіру және авариялық-қалпына келтіру жұмыстары тез арада жүргізіліп, шартты зардап шеккен адамдар қауіпсіз аймаққа шығарылды, тиісті көмек көрсетілді.

Қалалық ТЖ департаменті басшысының орынбасары Жамбыл Жабаев оқу-жаттығудың маңыздылығына тоқталып өтті.

– Тактикалық оқу-жаттығуды сратегиялық маңызды нысаннан бастап отырмыз. Мұндағы оқу-жаттығуға ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі, жедел-құтқару жасағы, апаттар медициналық орталығынан, жалпы 130 адам мен 30 техника жұмылдырылды. Бүгін 3, ертең 3 нысанда жаттығу өтеді. Қысқа дайындық барысында анықталған барлық кемшіліктер қалалық төтенше жағдайлар комиссиясының отырысында қаралады, – деді департамент басшысының орынбасары.

Жаттығудың қорытындысы бойынша республиканың барлық өңірлерінің қысқы кезеңдегі ықтимал төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс-шаралар дайындығына баға беріледі. Айта кетсек, 23-24 қарашаға жоспарланған іс-шарада қалада жалпы 6 нысанда тактикалық оқу-жаттығу өтеді.

ШЫМКЕНТ: ОҢАЛТУ ОРТАЛЫҚТАРЫНДАҒЫ ҚЫЗМЕТ САПАСЫН ЖАҚСАРТУҒА МАҢЫЗДЫ ҚАДАМДАР ЖАСАЛМАҚ

Шымкент қаласы бойынша қазіргі таңда 10 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарында балалар мен 18 жастан асқан 3000-ға жуық мүгедектігі бар азаматтар қызмет алуда. Тірек-қимылы жүйесі бұзылған және жүйке-жүйелерінің ауруы салдарынан түрлі ауытқуы бар ерекше жандар үнемі мамандардың бақылауында.Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Жанат Өтебаева мен ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау комитетінің Шымкент қаласы бойынша департамент басшысы Руслан Тұңғышбаев өзекті мәселелерді анықтап, қызмет сапасын жақсарту мақсатында бірқатар арнаулы әлеуметтік оңалту орталықтарын аралады.

Сала басшылары алдымен №6 балалар арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында болып, медициналық көмек көрсету жағдайы, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етулері мен азық-түлік сапасын бақылады. Орталықта қазіргі таңда стационарлық жағдайда 123, жартылай стационарлық жағдайда 83 бала қызмет алып жатыр. Оның ішінде тұл жетім, тастанды және асыраушысынан айырылған 25 бала орталық қамқорлығында.

-Мүгедектігі бар азаматтардың өмір сүру жағдайларын жақсарту - оңалту шараларының қызмет сапасы мен әлеуметтік қорғауды арттыруды талап етеді. Орталықтардағы өзекті мәселелерді айқындау үшін қызмет алушылар және мамандарымен сөйлесуді жөн көрдік. Өйткені саланың барлық қиындығы мен ауыртпашылығы мүгедектігі бар азаматтармен етене жұмыс істейтін мамандарға аян,-дейді басқарма басшысы Жанат Өтебаева.

Басшылық құрамы мұнан соң Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының 18 жастан асқан І-ІІ топ психоневрологиялық ауруы бар мүгедек жандарға стационарлық жағдайда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін «№2 және №9 оңалту орталықтарында» болды. Мұнда қызмет алушыларды емдік-оңалту шараларынан бөлек еңбек терепиясы мен мәдени іс-шараларымен қамту қарастырылған. Аралау барысында анықталған мәселелер назарға алынып, жұмыс барысын жақсартуға негіз болмақ. Жалпы, Шымкент қаласында 40 мыңнан астам мүгедектігі бар азамат күн кешуде. Олардың 8 мыңға жуығы 18 жасқа дейінгі балалар.

МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУДЫҢ АРҚАСЫНДА ШЫМКЕНТТІК ӨНІМНІҢ ҮЛЕСІ АРТЫП ОТЫР

Шымкентте 8 кәсіпорын сүтті қайта өңдеп, дайын өнімдерді шығарумен айналысады.

Тарқатып айтар болсақ, «Intermilk Kazakhstan» ЖШС, «Оңтүстік Agro LTD» ЖШС, «Golden Cheese» ЖШС, «Bio food kz» ЖШС, «Izmir trade» ЖШС, «Бәйтерек Агро» СПК, «Дони LTD» ЖШС және Нұрсұлтан ЖК жыл басынан бері 50 мың тонна сүттен 500 тонна сары май, 3000 тонна ірімшік өндірген. Бүгінде жоғарыда аты аталған өндіріс орындарына «Өңдеуші кәсіпорындардың ауыл шаруашылығы өнімін тереңдете өңдеп өнім өндіруі үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау» бағдарламасы аясында көрсетілген қолдаудың нәтижесінде өнім өндіру қуаттылығы артып келеді.

Оңтүстік өңірін отандық қатты ірімшікпен қамтып отырған кәсіпорынның бірі – «Intermilk Kazakhstan». Аталған мекемеде қатты ірімшік өндірісіне жұмсалған шикізатқа кеткен шығынның әр келісі үшін 28 теңге, ал сары майға 18 теңге мемелекет тарапынан субсидия төленіп жатыр. Қаратау ауданындағы Мәртөбе тұрғын алабында орналасқан өндіріс орны сол аумақтағы 25 адамды жұмыспен қамтыған. Цехта қазір күніне 15 тонна сүт қайта өңделіп, одан 1,5 тонна құрт, ірімшік, сарымай, қаймақ, сүзбе секілді өнімдер алынады.

Негізінен бұл кәсіпорынның іргетасы «Эм-Нур» ЖШС атауымен 2001 жылы қаланып, жылына 2000 мың тонна сүтті қайта өңдеп, ішкі нарықты қатты ірімшікпен қамтамасыз етіп отырған еді. Ал, 2022 жылы өндіріс орнын «Intermilk Kazakhstan» компаниясы сатып алып, заманауи жабдықтармен жарақтап, жаңа технология негізіндегі өнімдер шығарыла бастаған.

–Бүгінгі күні цехты Түркияның жаңа жабдықтарымен толықтырып жатырмыз. Толық қуатына енсе, күніне 25 тонна сүтті қайта өңдеуге мүмкіндік туады. Шикізатты, яғни сүтті осы маңдағы шаруа қожалықтар мен тұрғындардан сатып аламыз. Әкелінген сүт алдымен ветеринар-мамандар мен технологтар тарапынан зертханалық тексеруден өтеді. Өнімдеріміз қазір ішкі нарыққа шығарылып жатыр.

Өзбекстандық әріптестермен жүргізілген келісімдердің нәтижесінде 2024 жылдан бастап өнімдерімізді көрші елге экспорттаймыз, – деді компания директоры Бақтияр Қалмұратов.

 

ШЫМКЕНТТЕ ЗАМАНАУИ ҮЛГІДЕГІ ӨРТ СӨНДІРУ ДЕПОСЫ АШЫЛДЫ

Бүгін әкімшілік іскерлік орталығында ҚР Төтенше жағдайлар министрі генерал-майор Сырым Шәріпханов және қала әкімі Ғабит Сыздықбековтің қатысуымен жаңадан салынған өрт сөндіру депосының ашылу салтанаты өтті.

Салтанатты ашылу рәсімінде қала әкімі Ғабит Сыздықбеков арнайы құттықтау сөз сөйледі.

«Сіздерді бүгінгі қызмет бабындағы жаңа қоныстарыңызбен құттықтаймын! Азаматтық қорғау саласы қызметкерлері үшін ең басты міндет – құтқару, көмектесу, қорғау, яғни өзгенің өміріне үлкен жауапкершілікпен қарап, оны қауіптен аман алып қалу. Бұл – жоғары әрі жауапты миссия. Құрметті бейбіт күннің батырлары! Сіздер өз қызметтік парыздарыңызды абыроймен атқарып келесіздер. Жанкешті еңбектеріңіз, жауапкершілік пен кәсібиліктеріңіз – қала тұрғындары тыныштығының кепілі. Сондықтан да мемлекет пен қоғам антқа адалдықтарыңызды, қажырлы жұмыстарыңызды жоғары бағалайды», – деп, қала басшысы ыстық ықыласын жеткізді.

Іс-шара барысында қызмет ету кезінде ерлік көрсетіп, ерекше көзге түскен Шымкент қаласының ТЖД қызметкерлері марапатталды. Сондай-ақ құрметті қонақтар өрт сөндіру бөлімінің жеке құрамымен кездесу өткізіп, жаңа ғимаратпен танысты.

Жергілікті атқарушы органның және республикалық бюджет есебінен салынған нысанда Шымкент қаласының Төтенше жағдайлар департаментінің әкімшілік ғимараты және 4 автокөлікке арналған өрт сөндіру депосы орналасқан. Үш қабатты әкімшілік ғимаратта кризистік және ситуациялық орталықтары, бірыңғай диспетчерлік қызмет, оқу сыныптары, жұмыс кабинеттері бар. Екі қабаттан тұратын өрт сөндіру депосында оқу сыныбы, демалыс, жатын, ас бөлмелері, спорт және мәжіліс залы, техникалық үй-жай, сондай-ақ жеке құрамның кәсіби даярлығын арттыру үшін оқу-жаттығу мұнарасы қарастырылған.

Соңғы үлгідегі заманауи техникалармен жабдықталған жаңа өрт сөндіру депосы оқиға орнына жету уақытын қысқартуға және өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстың тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Мұнда 108 өрт сөндіруші қызмет етеді.

Айта кетейік, қалада 10 өрт сөндіру бөлімі бар. Бүгінде екі жаңа өрт сөндіру депосының құрылысы жүргізілуде.

ШЫМКЕНТ: СЕМИНАР-ТРЕНИНГТЕ ЭТНОМЕДИАЦИЯНЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ СӨЗ БОЛДЫ

Шымкент қаласында «Қоғамдық келісім» мекемесінің ұйымдастыруымен этномедиацияны дамыту мәселесі тақырыбында семинар-тренинг басталды. Үш күнге жалғасатын шеберлік-сабаққа Қазақстан халықтары Ассамблеясы қалалық филиалы жанындағы медиация кеңесінің жетекшілері, қоғамдық және кәсіби медиаторлар, шаһардағы 5 аудан әкімдігінің қызметкерлері, құқық қорғау органдарының және этномәдени бірлестіктердің өкілдері, жалпы 50-ден астам адам қатысып жатыр.

Шымкент қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының басшысы Бахтияр Өнербаев іс-шараға қатысып, этномедиацияның маңыздылығына тоқталды.

– Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында жүзеге асып отырған этносаралық медиация аясындағы басқосу Шымкент қаласында екінші рет ұйымдастырылып отыр.

Қатысушылар семинар-тренингте этносаралық қақтығыстарды реттеу кезінде келіссөз жүргізуді үйреніп, дауды сотқа жеткізбей, татуластырудың әдіс-тәсілдерін меңгереді. Қазіргі кезде Шымкент қаласында 4 медиация орталығы бар.

Маманданған медиация орталықтары мен қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы арасында өзара ықпалдастық байланыстары орнатылған. Осы орталықтардың 9 медиаторы қалалық Ассамблея жанындағы медиация кеңесінің құрамына қосылды. Ассамблея медиаторларының тізіміне 15 кәсіби және қоғамдық медиаторлар еніп, этномедиация қызметін ілгерілетуге жұмыс атқаруда. Жалпы, дауласқан тараптарды сотқа дейін татуластыру өзекті мәселе екендігі белгілі, – деді басқарма басшысы.

Жыл басынан бері қалада этнос өкілдерінің қатысуымен отбасылық, мұрагерлік, бұзақылық және қоғамдық тәртіпті бұзу секілді 16 жағдай орын алып, ҚХА жанындағы этномедиаторлардың көмегімен тараптар келісімге келген екен.

Шеберлік-сабағында «Парасат» медиация және құқық орталығының кәсіби медиаторы Мұхтар Адаев, «Эуро Азиялық медиация орталығы» қоғамдық бірлестігінің медиаторы Гүлжан Қожаахмедова қатысушыларға дискуссия, практикалық талдау дәрістерін өтеді. Оның ішінде этносаралық қақтығыстың туындау себебі, шиеленісуге ықпал ететін факторлар, қақтығыстың анатомиясы, даму фазалары, көпшілік алдында сөйлеу, шешендік өнері шеңберіндегі тақырыптар қамтылған.

ТҰТЫНУШЫЛАР АРЫЗ-ШАҒЫМДАРЫН ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІКТЕР АРҚЫЛЫ БЕРЕТІН БОЛСА МЕМЛЕКЕТТІК БАЖ САЛҒЫНАН БОСАТЫЛАДЫ

Орынтай Сейдалиев атындағы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі қоғмдық бірлестіктің төрағасы Айжан Сейдалиеваның мәліметінше, қазіргі таңда тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың тиімділігін арттыру мақсатында жаңа Заң жобасы әзірленуде.

Қоғамдық бірлестікке келіп түсетін арыз-шағымның басым бөлігі: жиһаз, авто-салон, шаштараз және т.б. Аталған арыз-шағымдар бойынша сот процесі ұзық жүргізіледі. Сол себепті біз мәжіліске соттың шешімін қысқартуға ұсыныс бердік. Тұтынушылар қоғамдық бірлестік арқылы сотқа беретін болса мемлекеттік баж салғынан босатылады.

Айта кетейік, «Сапалы өнім» тұжырымдамасын іске асыру аясында Шымкент қаласында тұтынушылардың құқықтарын қорғау мақсатында және нормативтік бұзушылықтардағы құқықтар, жосықсыз бәсекелестікті анықтау үшін осы жылы қаламызда ситуциялық штаб құрылып отыр. Оның құрамында Шымкент қаласының тұтынушылардың құқытарын қорғау департаменті, Шымкент қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті, Техникалық реттеу және метрология департаменті және Қоғамдық бкрлестіктер бар.

Қазіргі таңда «О.Сейдалиев атындағы тұтынушылардың құқықтарын қорғайтын» қоғамдық бірлестіктің өндірісіңде келесі шағымдар қарастырылуда:

1. Жиһаз дүкендерге сапасыз тауар жөнінде Шымкент қаласы азаматтық істері жөнінде ауданаралық сотында қаралып жатыр, талап арыз сомасы 405 000 теңге;

2. Шаштараз қызметіне шағым тараптар арасында қоғамдық бірлестікпен сауда және Шымкент қаласы бойынша сауда және тұтынушылар құқығын қорғау департаментпен бірлесіп келісім жасалынды;

3. Автосалондағы қосымша қызметтер сатып алуға міндеттеу және сапасыз автокөлік сатып алу жөнінде талап арыз Алматы қаласы Жетісу аудандық сотында қаралып жатыр, талап арыз сомасы 8 300 000 теңге;

4. Сақтандыру компаниясына шағым ҚР сақтандыру омбудсман институтына арыз жіберілді, шағым сомасы 11 000 000 теңге;

5. Құрылыс компаниясына уақытында үйді тапсырмағаны үшін шағым бойынша Шымкент қаласы азаматтық істері жөнінде ауданаралық сотында қаралып жатыр, талап арыз сомасы 2 000 000 теңге;

6. Кірпіш зауытына шағым қаралып сот шешімімен 2 700 000 теңге тұтынушы пайдасына өндірілді.