Ордабасыдағы машина жасау зауыты өнімдерін Түркия мен Үндістанға экспорттауда

Ордабасы ауданындағы индустриалды аймақта «KARLSKRONA LC AB» ЖШС машина жасау өндіріс орны жұмыс істейді. Зауыт электротехникалар, блокты-модульдік және стандартты емес жабдықтарды, түрлі темір қорытпаларынан құймаларды жасау, монтаж және сервистік қызмет көрсетумен айналысады.

Түркістан облысы: Сайрамда манго, авокадо өсіріледі

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Сайрам ауданындағы кәсіпорындар мен өндіріс орындарының жұмысымен танысты. Еліміздегі мол көлемде банан өндіретін алғашқы кәсіпорын Сайрам ауданында орналасқан.

ШЫМКЕНТТЕГІ ОҢАЛТУ ОРТАЛЫҚТАРЫНДА ДӘРІ-ДӘРМЕК ҚОРЫ ЖЕТКІЛІКТІ

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау комитетінің Шымкент қаласы бойынша департамент басшысы Руслан Тұңғышбаев пен қалалық жұмыспен қамту басқармасының бөлім басшысы Раушан Сейдакбар бастаған жұмыс тобы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарын аралады. Мақсат - мүгедектігі бар азаматтарға қызмет көрсетуде туындап жатқан проблемаларды айқындап, қызмет сапасын жақсартуды жетілдіру.

Қаладағы «№ 1 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» 18 жастан асқан І - ІІ топтағы мүгедектігі бар қызмет алушы азаматтардың стационарлық өмір сүруіне арналған. Қызмет алушылары психоневрологиялық ауруы бар азаматтар. Науқастардың дерті асқынбауы үшін оларға үздіксіз оңалту шаралары көрсетіліп, дәрі-дәрмектер беріліп отырады. Шымкент қаласы бойынша департамент басшысы Руслан Тұңғышбаев аралау барысында әсіресе осы мәселеге мән берді. Орталықта қазіргі таңда дәрі -дәрмектің 6 айлық қоры бар. Емдік шаралар міндетті түрде дәрігер нұсқауымен қабылданады.

Ғимараты осыдан 60 жыл бұрын пайдалануға берілген аталмыш орталық 225 адамға арналған. Қазіргі таңда мұнда бос орын жоқ. Орталық басшысы Нұрғали Ешенқуловтың айтуынша оңалту орталығын кеңейту қажеттілігі туындауда. Сондықтан жобалық сметалық құжатының қорытындысы әзірленіп, келесі жылы қосымша 50 орындық ғимараттың құрылысы жоспарлануда. Әзірге жобалық сметалық құжаты әзірленген.

Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына қарасты «№ 1 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында» психологиялық көмек көрсету мен дефектолог кабинеті, дәрігерлер, гинекологиялық, стоматологиялық кабинеттер және заманауи техникалармен жабдықталған медициналық бекет, ине егу бөлмесі, кризис, паллиативтік көмек көрсету бөлмелері, тірек-қимыл аппараты бұзылған қызмет алушы азаматтарға ыңғайлы жеке гигиеналық бөлмелер және тренажерлық зал, караоке, мәдени іс-шаралар залы мен еңбек терапиясы қарастырылған. Қызмет алушылардың ыңғайлылығы үшін монша, шаштараз қызметтері де орталықтың аумағында орналасқан.

 

Түркістан облысы: Мақтаарал ауданында мақта кластерін дамыту жұмыстары жүріп жатыр

Түркістан облысына инвестиция тарту бағытында ауқымды жұмыс жүріп жатыр. Жауапты басқарма басшысы мен аудан, қала әкімдері Қытай мен Өзбекстан мемлекеттеріне іссапармен барып, өндірісті дамыту бағытында тәжірибе жинады. Аталған жұмыстардың нәтижесі және алдағы жоспарлар облыс әкімі аппаратының апталық отырысында талқыланды. Облыс әкімі Дархан Сатыбалды жұмыс орындарын ашу, өндіріс орындарын көбейту аса маңызды екенін жеткізді.

ШЫМКЕНТТЕ МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУДЫҢ АРҚАСЫНДА ШАРУАШЫЛЫҚ ДАМЫП КЕЛЕДІ

Шымкентте 3 400-ден аса шаруа қожалығы мен фермерлер бар. Оның ішінде 785-і мал шаруашылығы, 6-ы балық шаруашылығы, 4-і құс және 60 шаруа омарта (бал ара) шаруашылығымен айналысады. Бұл шаруашылықтардың негізгі мақсаты – қала халқын жергілікті жерде өндірілетін сапалы азық-түлікпен қамту үлесін арттыру. Жыл басынан бері шаруалар 8,8 мың тонна ет бордақылап, қала халқына қажетті 18,1 мың тонна еттің 34 пайызын қамтыған.

Шымкенттіктердің жылыны сүтті тұтыну қажеттілігі 101,4 мың тонна болса, оның 51,4 мың тоннасын жергілікті шаруа қожалықтар өндіреді. Ал, құс фермаларында өндіріліп жатқан 141 млн дана жұмыртқа шаһарлықтарға қажетті азықтың 83 пайызын қамтып отыр.

Ауыл шаруашылығы саласындағы мемлекеттік қолдаудың негізі міндеті де осы – қаладағы азық-түлікті өз қаламызда өндіру. Мал шаруашылығына мемлекеттік қолдау көрсету үшін «Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау» бағдарламасымен 2023 жылға жергілікті бюджет қаражаты есебінен ірі қара, қой, жылқылардың аналық басына арналған жем-шөп сатып алу шығындарын арзандату үшін 234,1 млн теңге қаржы қаралыпты.

Жалпы қала аумағында 62 965 ірі қара, 72 336 қой, ешкі – 5 324 бас, жылқы 10 580 бас, шошқа – 1305 бас, құс – 930 010 құс бар. Сайрам тұрғын алабындағы «Алтынсай» шаруа қожалығы осы мемлекеттік қолдаудың арқасында шаруасын дөңгелетіп, фермада бүгінде мал басы 1000-ға жетіп, жылқы мен бөдене шарушылығын да дамытып отыр.

– Етті бағыттағы ірі қараларды өсіруді 2016 жылы 500 ірі қарадан бастадық. Бұқаларды солтүстік өңірден, ал жылқыларды Ресейден әкелеміз. Өйткені Ресей жылқылары қазақы жылқыға қарағанда ірі, әрі етті келеді. Жылқыны 4-6 ай аралығында бағамыз. Жас тайлар 300 келі, ірі жылқы 500 келіге дейін ет береді. Мемлекеттен аналық жылқы үшін субсидия аламыз. Мұндай қолдау шаруашылықты кеңейтуге біршама көмек болды. Ай сайын 250-300 жылқыны бордақылап 75 тонна ет аламыз. Ірі қараны бағу мерзімі көп уақытты алады. Сондықтан айына 150-200 басты бордақылаймыз. Жалпы жылына 750 тонна жылқы, 650 тонна ірі қараның етін Шымкент қаласынан бөлек, Астана мен Қарағанды қалаларына тасымалдаймыз, – дейді қожалық жетекшісі Сардар Қожаахметов.

Бұған қоса қожалықта еті мен жұмыртқасы адам ағзасына өте пайдалы, түрлі ауруларға шипа болатын бөдене құсын да асырауда. Қазіргі таңда 40 мың бөдене өсіріп отыр. Оның жұмыртқасы мен етін қала аумағымен қатар, көршілес облыстар мен Астана қаласына дейін жеткізіп жатыр.

ШЫМКЕНТ: ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІН АЛДЫН АЛУ МАҚСАТЫНДА 750-ГЕ ЖУЫҚ АЗАМАТПЕН ӘЛЕУЕМЕТТІК САУАЛНАМА ЖҮРГІЗІЛДІ

Бұл туралы бүгін Шымкент қаласы әкімдігінің Ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен баспасөз конференциясында Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Еркін Отарғалымұлы айтты.

«Төтенше жағдайлар Департаменті рейдттік іс-шара барысында Шымкент қаласы бойынша 370-ке жуық өрт қауіпсіздігі талаптарының бұзушылықтарын анықталды. Оларды жоюға Департамент тарапынан меншік иелеріне ұсыныс беріліп, мүдделі мекемелерге хаттар жолданды. Рейдттік іс-шара барысында өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау бойынша 750-ге жуық азаматпен әлеуеметтік сауалнама жүргізілді. Сауалнама нәтижесі бойынша азаматтардың басым бөлігі өрт қауіпсіздігі талаптарына аса мән бермейтіндігі, өрт орын алған жағдайда іс-шаралар кешенін білмейтіндігі анықталды»,- деді Е. Отарғалымұлы.

Департамент тарапынан, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және улы газдың алдын алу жүйесін жетілдіруге, халықты және экономика объектілерін өртке қарсы қорғау деңгейін арттыруға бағытталған іс-шараларды іске асыру жұмыстары алдағы уақытта өз жалғасын табады.

Брифинг барысында Еркін Отарғалымұлы Шымкент қаласының тұрғындары мен қонақтарына өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтаудың маңыздылығы туралы айтып өтті.

- ақаулы немесе қолдан жасалған электр құрылғыларын пайдаланбаңыз, қосулы электр құрылғыларын қараусыз қалдырмаңыз:

- кемінде үш айда бір рет мұржалар мен пештерді күйеден тазартыңыз.

- пешті шамадан тыс қыздырмаңыз және пеште саңылаулардың орын алуна жол бермеңіз;

- жылыту пештері мен газ қондырғыларына тек арнайы мамандардың көмегі арқылы жөндеу жұмыстарын жүргізіңіз;

- жанып жатқан пештерді қараусыз қалдыруға, сондай-ақ оларға балалардың қадағалауын тапсыруға тыйым салынады;

- балаларды қараусыз қалдыруға және сіріңке мен оттықты балалардың қолы жететін жерде сақтауға жол бермеңіз;

- пештердің жанында заттарды кептірмеңіз;

- өрт ошағын байқаған сәтте, дереу «101» және «112» құтқару қызметіне хабарлаңыз.

 

Түркістан: инвесторлар Сайрам ауданында жылына 20 мың тонна өнім шығаратын құс фабрикасын салмақ

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Сайрам ауданының кәсіпкерлерімен және инвесторларымен бизнес саласын талқылау бойынша кездесу өткізді. Кездесу барысында бизнес саласындағы мәселелер мен ұсыныстар талқыланды.

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ АУМАҒЫНДА АҒЫМДАҒЫ ЖЫЛДЫҢ 13-17 ҚАРАША АРАЛЫҒЫНДА «ЖАТАҚХАНА» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖЕДЕЛ ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ІС-ШАРАСЫ ӨТКІЗІЛДІ

Бұл туралы бүгін Шымкент қаласы әкімдігінің Ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен брифингте Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Еркін Отарғалымұлы айтты.

«Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің тапсырмасына сәйкес, Шымкент қаласының аумағында ағымдағы жылдың 13-17 қараша аралығында «ЖАТАҚХАНА» республикалық жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілді.

Аталған іс-шараға ішкі істер органдары, газтехникалық инспекция, аудан әкімдіктері, «ҚазТрансГаз» АҚ мамандары мен волонтерлік ұйымдар жұмылдырылды», - деді спикер.

Бүгінде аудан әкімдіктерінің берген ресми мәліметіне сәйкес, Шымкент қаласы аумағында 29 жатақхана орналасқан.

Атап айтқанда: Абай – 2, Әл-Фараби – 8, Еңбекші – 9, Тұран – 8, Қаратау – 2.

Мүлік иелерінің бірлестіктері мен қарапайым серіктестіктің құрылмауына байлынысты жатақханаларға өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылау жүргізілмеген. Бүгінде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау бойынша 29 кездесу ұйымдастырылып, 1500-ге жуық тұрғынға электр жабдықтарды, жылыту пештері мен газ қондырғыларын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік шаралары туралы және өрт туындаған жағдайда іс-әрекет алгоритмі түсіндіріліп, жадынама парақтары таратылды. Әлеуметтік осал топқа жататын 15 отбасының тұрғын үйіне газ дабылқаққыш қондырғысы орнатылды.

Айта кетейік, Төтенше жағдайлар Департаменті рейдттік іс-шара барысында Шымкент қаласы бойынша 370-ке жуық өрт қауіпсіздігі талаптарының бұзушылықтарын анықталды. Оларды жоюға Департамент тарапынан меншік иелеріне ұсыныс беріліп, мүдделі мекемелерге хаттар жолданды. Рейдттік іс-шара барысында өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау бойынша 750-ге жуық азаматпен әлеуеметтік сауалнама жүргізілді. Сауалнама нәтижесі бойынша азаматтардың басым бөлігі өрт қауіпсіздігі талаптарына аса мән бермейтіндігі, өрт орын алған жағдайда іс-шаралар кешенін білмейтіндігі анықталды.

Департамент тарапынан, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және улы газдың алдын алу жүйесін жетілдіруге, халықты және экономика объектілерін өртке қарсы қорғау деңгейін арттыруға бағытталған іс-шараларды іске асыру жұмыстары алдағы уақытта өз жалғасын табады.

 

 

Түркістан: Жетісай, Мақтаарал аудандарында 200 га жерге тұт ағашының көшетін отырғызбақ

Түркістан облысында тұт ағашын отырғызу арқылы жібек мата өндіріледі. Облыс әкімі Дархан Сатыбалды көшет егіп, жібек құртынан мата шығару ісіне машықтанған өзбекстандық кәсіпкерлермен кездесті. Олар Жетісай, Мақтаарал аудандарында 200 га жерге көшет отырғызбақ. Әр гектардан 50 тоннаға дейін жапырақ өндіріледі. Жапырағын жылына төрт рет жинақтауға болатын тұттың «Мархабат» сортын егуге кіріспек.

Түркістан облысында «Ауыл аманаты» жобасы жүзеге асқалы АӘК алушылар азаюда

Түркістан облысында ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен табысы бар халықтың үлесі, яғни атаулы әлеуметтік көмекті алушылар саны бойынша оңтүстік аймақтар, оның ішінде Жетісай мен Мақтаарал аудандары көш бастап тұр.