Созақтық кәсіпкер мемлекеттік гранттың арқасында үй іргесінен шағын наубайхана ашқан

Таяуда Түркістан облысының БАҚ өкілдері Созақ ауданындағы мемлекеттік бағдарламалар арқылы кәсіп ашқан азаматтардың жұмысымен танысты. Мемлекеттік грантпен кәсібін дөңгелетіп отырғандардың бірі — Зәуре Аманбекова. Ол үйінің іргесінен шағын наубайхана ашқан. Қайтарымсыз грант керекті құрал-жабдықтар сатып алуына үлкен септігін тигізгенін айтады.

Түркістан: облыс әкімінің орынбасарымен кездесуде тұрғындардың басым бөлігі ауыл шаруашылығы, жер қатынастары, кәсіпкерлік салалары бойынша өз өтініштерін білдірді

Түркістан облысының «Ашық әкімдік» кеңсесінде кезекті қоғамдық қабылдау өтті. Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсен Тәжібаев өңір тұрғындарының арыз-өтініштерін тыңдады. Қабылдауға жазылған 10 азамат маңызды мәселелер жөнінде талап-тілектерін жеткізді.

Түркістан: инвесторларға индустриалдық аймақтар мен «TURKISTAN» арнайы экономикалық аймағынан «Greenfield» және «Brownfield» өнеркәсіптік алаңдары ұсынылмақ

Түркістан облысында тәулігіне 30 мың шаршы метрден астам керамикалық плитка шығаратын зауыт салынады. Инвестициялық жобаның құны 17 млрд. теңгені құрайды. Жаңа зауытта 700-ге жуық тұрақты жұмыс орны ашылады.

ШЫМКЕНТТЕ «БАҚЫТТЫ ОТБАСЫ – БАҚЫТТЫ ЖАН» ӘЛЕУМЕТТІК ЖОБАСЫ ҚОЛҒА АЛЫНДЫ

«Еліміздің болашағы отбасында қалыптасады. Ал, отбасы бақытты болса, еліміздің келешегі де жарқын болады». Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың екінші отырысында отбасы құндылықтарын сақтау мәселесіне ерекше көңіл бөлу керектігін айтты. Бұл тұрғыда Шымкентте «Бақытты отбасы – бақытты жан» атты әлеуметтік жоба қолға алынған болатын. Шымкент қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының тапсырысымен «Ғаламат» қоғамдық бірлестігі қолға алған жобаның басқосуы «Алтын орда» көркем сурет галереясында жалғасты.

Отбасы институтын нығайту, отбасы құндылықтарын насихаттау, дәстүрімізді жаңғырту, қоғамда үлгілі отбасылардың көбеюіне атсалысуды мақсат еткен жоба аясында 10 маңызды кездесу өтті. «Алтын орда» көркем сурет галереясындағы басқосу ерекше форматта ұйымдастырылды. Қатысушылар елімізге танымал үлгілі отбасы, ұлттық қолөнерімізді әлемге танытып жүрген Бейісбековтер отбасының өз үйінен ашқан шеберханасына барып, он саусағынан өнері тамған жандардың қолөнер туындыларымен танысты. Кездесу аясында қолөнершілер жастарға шеберлік сабағын өткізді. Қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы басшысының орынбасары Бексұлтан Әділханов басқосуда әлеуметтік жобаның маңыздылығына тоқталып, аталған жобаға қолдау білдірген бірқатар жанға сертификат табыстады.

–Әрбір семинар-кездесудің маңызы ерекше болды. Ата-ана, балалардың құқығының қорғалуы, өзара сыйластық, тығыз қарым-қатынасты қалыптастыруда психологиялық тұстарды реттеу мақсатында тәжірибелі заңгерлер және отбасылық психологтар, теолог-маман, тәжірибелі этнопедагог, салт-дәстүр бойынша ғылыми әдіскерлер қатыстырылды. Әр кездесу нақты тақырыптар бойынша ұйымдастырылды. «Отбасындағы әке мен ана және баланың қарым-қатынасы», «Отбасы: дәстүр және дін», «Отбасындағы әкенің рөлі», «Отбасындағы қыз баланың тәрбиесі», «Отбасы мүшелерінің денсаулығы», «Отбасындағы психологиялық ахуал», «Азаматтық некенің көбеюі: себеп пен салдар». Осындай мазмұнды кездесу-семинарларға 350-ге жуық адам қатысты. Олардың арасында өнегелі, өсіп-өнген отбасылардың аталары, әжелері, жас отбасылар, бала тәрбиесіне жауапты педагогтар, ұл-қызын жалғыз тәрбиелеп отырған аналар, студент жастар да болды. Іс-шараға қолдау көрсеткен С.Ерубаев атындағы №24 ІТ лицей-мектебі, №72-ші лицей-мектебі, Орта Азиялық инновациялық университеті, Әдеп-ғұрып және салт-дәстүр орталығы, М. Әуезов атындағы ОҚУ-дің «Мәдениет және өнер», «Педагогика және психология» факультеттерінің оқытушылары, қалалық Әл-Фараби атындағы ғылыми орталық кітапханасы, «Жанұя орталығына» алғыс білдіреміз, – деді жоба ұйымдастырушы Зауре Оралбаева.

Әлеуметтік жобаның әрбір кездесуінде аға буынмен қатар, жас аналар мен әкелер, әсіресе жастар белсенді қатысты. Теолог, психолог, заңгер және өзге де кәсіби мамандар мен қатысушылар емін-еркін әңгіме құрып, көкейінде жүрген сауалдарына жауап алды. Қатысушылар отбасы құндылығын сақтау, ұлттық тәлім-тәрбиені ұрпақ бойына сіңіру, ана мен баланың құқығының қорғалуында семинар-кездесудің берері көп екенін тілге тиек етіп, мұндай жобалар жалғасуы керек деген тілектерін жеткізді.

 

ШЫМКЕНТ: ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚПЕН КҮРЕСТІҢ ТИІМДІ ЖОЛДАРЫ ҚАРАСТЫРЫЛДЫ

Бүгін қала әкімі Ғабит Сыздықбековтің төрағалығымен өткен ведомствоаралық комиссияның кезектен тыс отырысында құқық бұзушылықты алдын алу және осы бағыттағы өзекті мәселелер талқыланды. Сондай-ақ жиында қала аумағында жол-көлік оқиғаларын азайту, кәмелетке толмағандар арасында қылмыспен күрес шаралары баяндалды.

Соңғы 9 айда қаламызда қылмыстық құқықбұзушылық саны өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 34,3%-ға азайғаны байқалады. Онша ауыр емес қылмыстар 38%, ауырлығы орташа қылмыстар 29,5%, ауыр қылмыстар 42,6% төмендеген.

Мегаполисте жүргізушілер мен жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін арттыру мақсатында кешенді жұмыстар жалғасуда. Қазір қала аумағында 16 мың жол белгісі қолданыста. Биыл 520 жол белгісі қайта қалпына келтіріліп, 3 мыңнан астамы жаңадан орнатылды. Келесі жылы тағы 6 мың жол белгісін орнату жоспарлануда.

Басқосуда құқық қорғау органы өкілдері келеңсіздік жиі болатын орындар мен уақыттарды, жасалу себептерін талдап, тиісті ұсыныстарын жеткізді. Құқықбұзушылықтар көбінесе жұма, сенбі, жексенбі күндері кешкі мезгілде тамақтану, ойын-сауық орындарында тіркеледі.

Тәулік бойы жұмыс істейтін 164 ойын-сауық орны анықталған. Осыны ескерген полиция өкілдері жергілікті деңгейде ойын-сауық мекемелерінің уақытын айқындауды ұсынып отыр.

Қала әкімі мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдерін құқықбұзушылықпен күресте күш біріктіріп, қылмыстың жолын кесуде кешенді шараларды тиімді пайдалануға шақырды.

«Құқықбұзушылықты алдын алу мақсатында тамақтану орындары мен ойын-сауық орталықтарының жұмыс уақытын шектеуді заң шеңберінде қарастырамыз. Бұл ретте Астана қаласының тәжірибесін енгізу де тиімді деп ойлаймын. Қатаң тәртіп болған жағдайда ғана заңсыздықтарды жоямыз. Азаматтарымыздың қауіпсіздігін қамтуда жол ережелерін ескермейтін көлік жүргізушілерімен де жұмысты күшейту қажет. Қылмысқа жол беретін барлық жағдайға тосқауыл қойып, тиісті шараларды күшейтуде бірлесе жұмыс істеуге шақырамын», – деді қала әкімі.

Кеңейтілген отырыста құқықбұзушылықтардың жолын кесетін тиімді ұсыныстар талқыланып, алдағы жоспарлар бекітілді.

ШЫМКЕНТ: ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ДЕПАРТАМЕНТІ ТАРАПЫНАН ҚАУІПСІЗДІК МӘДЕНИЕТІН АРТТЫРУ МАҚСАТЫНДАҒЫ ТҮРЛІ ІС-ШАРАЛАР ҰЙЫМДАСТЫРЫЛУДА

Бүгінде төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында Шымкент қаласының Төтенше жағдайлар департаменті үгіт-насихат материалдарын таратумен қатар, нұсқаулар беру бойынша жұмыстар тұрақты түрде жүргізілуде.

Шымкент қаласы әкімдігінде Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссия отырысы өткізіліп, мүдделі мекемелерге тапсырмалар берілген. Қауіпсіздік мәдениетін арттыру үшін қыркүйек-қараша айларының аралығында жалпы 39560 адамды қамтыған 8053 үй араланып, 2850 адамды қамтыған 73 жиын ұйымдастырылды.

Білім беру мекемелерінде 2385 оқушы қамтылған 63 интерактивті сабақ өткізілді. 112 номері арқылы қала тұрғындарының ұялы телефондарына улы газдан уланудың алдын алу тақырыбында ескерту хабарламалары 18 рет жолданды. 24 цифрлық телеарнада тәулігіне екі рет тақ күндері улы газбен уланудың алдын алу бойынша аудио - роликтер арналарға шығарылды.

Бұқаралық ақпарат құралдарында 292 үгіт-насихат жұмыстары жарыяланды (оның ішінде 59 газет басылымы, 51 сұхбат беру, 182 радиода сөз сөйлеу).

Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының мәліметіне сәйкес 2005 әлеуметтік жағдайы төмен отбасы есепке алынды. Бүгінгі күні профилактикалық іс-шаралар барысында 8374 адамнан тұратын барлық әлеуметтік осал отбасылар түсіндіру жұмыстарымен толық қамтылды. Улы газдан уланудың алдын алу мақсатында аталған азаматтардың үйлеріне 80 газдабылқаққыштар орнатылды.

Департамент тарапынан жылыту маусымының өту кезеңінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және улы газдың алдын алу жүйесін жетілдіруге, халықты және экономика объектілерін өртке қарсы қорғау деңгейін арттыруға бағытталған іс-шараларды жүзеге асыру жұмыстары алдағы уақытта өз жалғасын табатын болады.

ШЫМКЕНТ: ЖЫЛУ БЕРУ КЕЗЕҢІНДЕ ТҰРҒЫН ҮЙ СЕКТОРЫНДА ӨРТ ПРОФИЛАКТИКАСЫН ЖҮРГІЗУ БОЙЫНША ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ БЕКІТІЛІП, МҮДДЕЛІ ОРГАНДАРМЕН ТИІСТІ ЖҰМЫСТАР АТҚАРЫЛУДА

Бұл туралы бүгін Ақпараттық-коммуникациялық орталықта өтакен баспасөз конференциясында Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары, азаматтық қорғау полковнигі Еркін Отарғалымұлы айтты.

«Қала әкімімен «2023-2024 жылдардағы жылу беру кезеңінде тұрғын үй секторында өрт профилактикасын жүргізу» іс-шаралар жоспары бекітіліп, жоспарға сәйкес мүдделі органдармен тиісті жұмыстар атқарылуда. Қазіргі таңда, жоспарда көрсетілген 25 тармақтың 5-і толықтай орындалып, 20-сы бойынша тиісті жұмыстар жүргізілуде.

Өрт оқиғасы ретінде тіркелген 180 өрттің басым бөлігі электр сымдарының қысқа тұйықталуынан, отты абайсыз қолдану салдарынан және қасақана өрт қою нәтижесінде орын алған.

Оқиға салдарынан адамдардың қайтыс болуы мен жарақаттануларының негізгі себептері – адамдардың өрт қауіпсіздігі ережелерін жиі елемеуінен (мас күйінде темекі шегу, балаларды қараусыз қалдыру, балалардың отпен ойнауы және т.б.), жылыту пештері мен газ қондырғыларының саңылауларынан газ шығып кетуінен, түтін құбырларын тазаламауынан туындап отыр», - деді Еркін Отарғалымұлы.

Жыл басынан бері төтенше жағдайлар Депаратменті бөлімшелері дабыл бойынша 2 656 рет шақыруға шығып, нәтижесінде 290 адам құтқарылса, оның ішінде 155 балалар болып отыр. Қауіпсіз жерге эвакуацияланған адамдар саны 32 болса, оның 3-і бала. Сонымен қатар, өрт ошағынан жалпы құны 1 млрд. 898 млн. 130 мың теңгеден асатын материалдық құндылықтар құтқарылды.

ШымкентқаласыәкімдігіндеТөтеншежағдайлардыңалдыналужәнежоюжөніндегікомиссияотырысыөткізіліп, мүдделімекемелергетапсырмаларберілген. Қауіпсіздікмәдениетінарттыруүшінқыркүйек-қарашаайларыныңаралығындажалпы 39560 адамдықамтыған 8053 үйараланып, 2850 адамдықамтыған 73 жиынұйымдастырылды.

 

 

 

ШЫМКЕНТ: ҚАЙНАРБҰЛАҚ ТҰРҒЫН АЛАБЫННЫҢ ЖАҢАҚҰРЫЛЫС АЙМАҒЫНДА АУЫЗ СУ ҚҰБЫРЛАРЫН ТАРТУ ЖҰМЫСТАРЫ ТОЛЫҒЫМЕН АЯҚТАЛДЫ

Бұл туралы бүгін Шымкент қаласы әкімдігінің Ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен брифингте Абай ауданы әкімі Бұқарбай Парманов айтты.

«Бүгінде Абай ауданы аумағы бойынша 27 елді мекеннің 26-сы сапалы ауыз сумен қамтылған, пайыздық көрсеткіш 96,2% құрап отыр.

Қазіргі таңда Қайнарбұлақ тұрғын алабының Жаңақұрылыс аймағына ауыз су құбырларын тарту жұмыстары толығымен аяқталып, абоненттеу қызметтері жүргізілуде», - деді Б.Парманов.

Сонымен қатар, жеке меншіктегі электр жарығын пайдаланып отырған Асар-2 шағын ауданының тұрғындары, 2024 жылдың 2 тоқсанына дейін толығымен мемлекеттің сапалы электр жарығымен қамтамасыз етілетін болады.

Ал, Қайнарбұлақ тұрғын алабында тұрғындардың 76 %-на сапалы электр жарығын тарту бойынша құрылысы толық аяқталып, тұрғындарды жаңа жарық жүйесіне қосу жұмыстары жүргізілуде.

Қазіргі таңда ауданда 23 елді мекен көгілдір отынмен қамтылып, көрсеткіш 82,5% құрап отыр. Жыл соңына дейін Нұршуақ шағын ауданының 493 абонентіне табиғи газ берілсе, 2024-2025 жылдары Ынтымақ-2, Қайнарбұлақ саяжайы, Қайнарбұлақ тұрғын алабы, Тәуелсіздікке 20 жыл елді мекенінің тұрғындарына табиғи газ құбырлары жүргізілетін болады деп жоспарлануда.

Абай ауданына қарасты 27 елді мекеннің 7-і кәріз жүйесімен қамтылған. Биылғы жылы 5 нысанда құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Оның ішінде:

Достық шағын ауданының ішкі жүйелерінің құрылыс жұмыстары мен Бозарық шағын ауданында 74 га. жерге орналасқан көп қабатты тұрғын үйлер аумағына кәріз жүйесінің құрылыс жұмыстары аяқталды.

2025 жылы Жайлау, Қатын көпір, Тельман, Ақниет, Қызылжар, Жиделі, Батыс, Ынтымақ елді мекендерін орталықтандырылған кәріз жүйесіне қосу жұмыстарын бастау жоспарлануда.Нәтижесінде 2025 жылы Абай ауданында кәріз жүйесімен қамту көрсеткіші 18 пайыздан 55,5 пайызға дейін өсетін болады.

 

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ШЕТ МЕМЛЕКЕТТЕРДІҢ 13 ҚАЛАСЫМЕН БАУЫРЛАСТЫҚ БАЙЛАНЫС ОРНАТЫП, ТЫҒЫЗ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТА ЖҰМЫС ЖАСАУДА

Бұл туралы бүгін Ақпараттық-коммуникациялық орталықта өткен брифингте Шымкент қаласы туризм, сыртқы байланыстар және креативті индустрия басқармасының бөлім басшысы Ерболат Оспанов айтты.

Еліміздің кірмелік туризмін танымал ету аясында Шымкент қаласының туризм, сыртқы байланыстар және креативті индустрия басқармасы әлемнің түкпір-түкпірімен байланыс орнатып, роуд-шоулар ұйымдастырып келеді. Осының нәтижесінде биыл 100-ден аса арнайы тревел блогерлер мен туристер келген.

«Шымкент қаласы бауырластық қатынастар аясында тиімді негізде сыртқы сауда, инвестициялар, туризм, ауыл шаруашылығы, ғылым мен білім, мәдениет, спорт және өнер саласында ынтымақтастық байланысын күшейтпек мақсатта Түркия, Италия, Ұлы Британия, Қытай Халық Республикасы, Беларусь, Таиланд, Тәжікстан, Қырғыстан, Грекия сынды елдердің 13 қаласымен бауырластық байланыс орнатып, тығыз қарым-қатынаста жұмыс жасауда»,-деді спикер.

Меморандумның негізгі мақсаты - екі ел арасындағы қазіргі достық қатынастарды нығайтуға және экономикалық қызмет субъектілері арасында тікелей байланыстар орнатуға бағытталған, ұзақ мерзімді экономикалық, ауыл шаруашылығы, ғылыми-техникалық, мәдени іскерлік және сауда қатынастарын дамытуға көзделеді.

Шымкент қаласына туристер келетін ең көп уақыты ол наурыз айы болып табылады. Жылдың 4 мезгіліне арналған «Наурыз Шымкенттен басталады», «Damdastour», Шымкент марафон, Қошқар ата сейілі, қала күні мерекесі секілді тұрақты іс-шараларды ұйымдастыру жоспарлануда.

«Біз қала туризмін дамытудағы басты бағыттардың бірі ретінде – оқиғалы туризмді дамытуды қолға алып отырмыз. Іскерлік туризм бағытын дамыту бойынша түрлі салааралық халықаралық форумдар, тақырыптық жәрмеңкелер, конференциялар, бизнес өкілдерінің коммерциялық шаралары және съездер өтетін болады. Аталған іс-шаралар қазіргі таңда тұрақты түрде жыл бойына өтуде», -деді спикер.

Сонымен қоса, қала мен облыс аумағында киелі тарихи орындардың сан алуандығы өңірде тарихи-зиярат туризмін дамытуға үлкен мүмкіндіктер береді.

Осыған орай, бұл бағыттар бойынша ұзақтығы 1, 2 және 3 күнді қамтитын турлар әзірленіп, туристерге ұсынылуда. Көрсетілген турпакеттерге Шымкент, Түркістан, Сауран, Отырар қалаларының бірқатар тарихи туристік нысандары енгізілген.

Одан бөлек, Ақсу-Жабағылы қорығына, Сырдария-Түркістан және Сайрам-Өгем ұлттық табиғи паркіне арналған турлар бар және туристік бизнес өкілдіктерімен бірге жаңа турлар қалыптастырылуда.

 

ШЫМКЕНТ: 2023 ЖЫЛЫ ҚАЛАДА ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ САЛАДАҒЫ 2523 КӘСІПКЕРЛІК СУБЪЕКТІ ТІРКЕЛГЕН

Басқарма тарапынан қаладағы креативті индустрияның бүгінгі жағдайына талдау жасалынған.

Бүгінгі таңда статистикалық мәліметтерге сәйкес, 2023 жылы қалада шығармашылық саладағы 2523 кәсіпкерлік субъектілері тіркелген, бұл қаланың шағын орта бизнес субъектілерінің жалпы санының 1,99 % құрайды. Оның ішінде 489 заңды тұлғалар, 2034 - жеке тұлғалар болып табылады.

Бүгінгі таңда креативті индустрия саласына 12 бағыт бойынша 43 OKEД бекітілген. Сондай-ақ қаладағы креативті индустрия өкілдерімен бірқатар кездесу және талқылау жұмыстарын жүргізіп 4 басым бағытын белгіленген. Олар:

1. Кино және анимация – 114 бірлік;

2. Дизайн және сән – 156 бірлік;

3. IT және геймдевелопмент – 207 бірлік;

4. Халық қолөнері – 1330 бірлік.

Бүгінде әр бағыт бойынша басқарма арнайы серіктестік ұсыныстарын әзірлеп, мүдделі кәсіпкерлердің базасын қалыптастыруда.

Сонымен қатар, IT-технология бағытында «Sifro», кино және анимация бағытында «Mandarin Pictures» және «Sak», «Жанна Елтанованың Сән үйі», «Turan Models» және «Amanat» компанияларымен дизайн және сән үлгісін дамыту бағытында жұмыстар жүргізілуде.

Кәсіпкерлердің ұсынысы бойынша қалаға келетін қонақтарға арналған креативті тақырыптық маршруттар дайындалып, арнайы буклеттер жасалды.

Нәтиже бойынша ағымдағы жылы кретивті индустрия өкілдерінің тұрақты орналасу базасы бекітілсе, 2024 жылы жылы министрліктің тапсырмасына сәйкес ашылатын болады.

Еліміздің кірмелік туризмін танымал ету аясында Шымкент қаласының туризм, сыртқы байланыстар және креативті индустрия басқармасы әлемнің түкпір-түкпірімен байланыс орнатып, роуд-шоулар ұйымдастырып келеді. Осының нәтижесінде биыл 100-ден аса арнайы тревел блогерлер мен туристер келген.

«Шымкент қаласы бауырластық қатынастар аясында тиімді негізде сыртқы сауда, инвестициялар, туризм, ауыл шаруашылығы, ғылым мен білім, мәдениет, спорт және өнер саласында ынтымақтастық байланысын күшейтпек мақсатта Түркия, Италия, Ұлы Британия, Қытай Халық Республикасы, Беларусь, Таиланд, Тәжікстан, Қырғыстан, Грекия сынды елдердің 13 қаласымен бауырластық байланыс орнатып, тығыз қарым-қатынаста жұмыс жасауда»,-деді спикер.

Меморандумның негізгі мақсаты - екі ел арасындағы қазіргі достық қатынастарды нығайтуға және экономикалық қызмет субъектілері арасында тікелей байланыстар орнатуға бағытталған, ұзақ мерзімді экономикалық, ауыл шаруашылығы, ғылыми-техникалық, мәдени іскерлік және сауда қатынастарын дамытуға көзделеді.