ШЫМКЕНТ: ҚАЗАҚСТАННЫҢ САКРАЛДЫ ГЕОГРАФИЯСЫНА ЕНГІЗІЛГЕН 7 КИЕЛІ НЫСАНҒА БАРУ ТУРЛАРЫ ҰЛҒАЙТЫЛУДА

Оңтүстік өңіріне зиярат ету туризмі Шымкент қаласының Сайрам тұрғын алабынан бастау алады. Сайрам тұрғын алабында республикалық маңызы бар Қазақстанның Сакралды географиясына енгізілген 7 киелі нысан орналасқан. Басқарманың басты стандартарының бірі, Қ.А. Ясауи кесенесіне бармай тұрып, ең бірінші Сайрамдағы орналасқан «Ибрагим ата», «Қарашаш ана» кесенелеріне бару қажет, содан кейін Түркістдағы Қ.А. Ясауи кесенесіне бару турларын ұлғайтуда.

Сондай-ақ, 2021 жылы жергілікті меценат есебінен Хызыр Пайғамбар мұнарасына 15,0 млн.тг. қаржыға абаттандыру жұмыстары жүргізілді.

Сонымен қатар, 2024 жылы Сайрам тұрғын алабын дамыту тұжырымдамасын әзірлеуді жоспарлап отырмыз.

Аталған жоспарға сәйкес Қаратау ауданы әкімдігімен 2024 - 2025 жылдар аралығында жылына 80 мыңнан аса зияратшы келетін нысандар Ибрагим ата және Қарашаш ана кесенелерін 1-ші этаппен абаттандыру көзделген. Қазіргі таңда тиісті министрліктен ғылыми-зерттеу жұмыстарын ерте жүргізу мәселесі пысықталуда.

Айта кетейік, 2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобасы бойынша 4 индикаторлық көрсеткіш бекітілген. 2023 жылға бекітілген жоспарға сәйкес, жыл соңына дейін жалпы қалаға келетін туристер санын 400 мың адамнан асыру жоспарлануда.

Аталған көрсеткіш бойынша Шымкент қаласы республика көлемінде Астана, Алматы қалаларымен Ақмола облысынан кейін 4-ші орынды иемденіп отыр. Қазіргі таңда 2023 жылдың 6 айлық статситикалық есептік көрсеткіші бойынша қала аумағына 215 098 турист келген.

Шымкент қаласы аумағында 2023-2024 жылдары туризм саласы бойынша жеке инвестиция көлемі 8 млрд. теңгені құрайтын 11 жобаның іске қосылуы жоспарлануда. Сәйкесінше, орташа есеппен 203 жаңа жұмыс орнын ашылады деп күтілуде.

ШЫМКЕНТ: АБАЙ АУДАНЫНДА ХАЛЫҚ ҚАТЫСАТЫН БЮДЖЕТ ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 10 ЖОБА ІСКЕ АСЫРЫЛДЫ

Бұл туралы бүгін Шымкент қаласы әкімдігінің Ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен брифингте Абай ауданы әкімі Бұқарбай Парманов айтты.

2023 жылы халық қатысатын бюджет жобасы аясында жалпы 23 жобаны жүзеге асыру жоспарланған.

Қазіргі таңда Бозарық, Самал-3, Асар, Достық, Қызылжар, Тұрлан, Нұршуақ, Алтынтөбе, Қайнарбұлақ елді мекендерінде 10 балалар алаңшасы 3 спорт алаңшасының құрылыс жұмыстары аяқталып, қолданысқа берілді.

Сондай-ақ, аталған жоба аясында Қайнарбұлақ, Ақжайық, Самал-3 елді мекендерінде орналасқан 5 көшеге ирригацияның құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

Айта кету керек, келесі жылға 26 жобаны іске асыру жоспарланып отыр.

Абай ауданына қарасты 27 елді мекеннің 7-і кәріз жүйесімен қамтылған. Биылғы жылы 5 нысанда құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Оның ішінде:

Достық шағын ауданының ішкі жүйелерінің құрылыс жұмыстары мен Бозарық шағын ауданында 74 га. жерге орналасқан көп қабатты тұрғын үйлер аумағына кәріз жүйесінің құрылыс жұмыстары аяқталды.

Ұзындығы 7,3 шақырымды құрайтын Шымсити-Төлеметов колектор құрылысы мен ұзындығы 20,5 шақырымды құрайтын Тұран-А-2 тас жолы колекторының құрылысының жұмыстары 2024 жылға өтпелі. Ал, Асар-2 шағын ауданыныда құрылыс жұмыстары басталып, қазіргі таңда, Сот шешіміне сәйкес тоқталыған.

2025 жылы Жайлау, Қатын көпір, Тельман, Ақниет, Қызылжар, Жиделі, Батыс, Ынтымақ елді мекендерін орталықтандырылған кәріз жүйесіне қосу жұмыстарын бастау жоспарлануда.Нәтижесінде 2025 жылы Абай ауданында кәріз жүйесімен қамту көрсеткіші 18 пайыздан 55,5 пайызға дейін өсетін болады.

Мемлекет басышысының 2022 жылғы №826 Жарлығына сәйкес аудан әкімінің тұрғындармен кездесуі жаңа форматта өтуде.

Абай ауданының әкімі 2023 жылдың 10 айында 8 рет тұрғын алаптар мен шағын аудандарды аралап халыпен кездесулер өткізді. Бүгінде есеп берудің жаңа әдісі өзінің қажеттілігі мен тиімділігін көрсетіп отыр.

Жалпы кездесулерде аудан тұрғындарынан 205 ұсыныс-пікір түсті. Бүгінде 80 мәселе қаралып, шешімін тапса, 65 сұрақ бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Ал, 60 мәселені шешу 2023-2025 жылдардың жоспарына енгізілді.

АБАЙ АУДАНЫН: МЕМЛЕКЕТТІК-ЖЕКЕШЕЛІК ӘРІПТЕСТІК АЯСЫНДА АУДАНДАҒЫ 33 КӨШЕГЕ ЖАРЫҚШАМ ОРНАТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

«2022 жылға дейін Абай ауданындағы 160 көше жарықтандырылып, қамту көрсеткіші 12,5 пайызға жеткен болатын. Көрсеткішті арттыру мақсатында биыл мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында аудандағы 33 көшеге жарықшам орнату жұмыстары жүргізілуде. Жыл қортындысымен қамту көрсетікші 15,1 пайызға жететін болады.

Сонымен бірге, тұрғындар 17 көшеге өз есебінен жарық шамдар орнатып, жарық жүйесіне қосылды. Алдағы уақытта бұл жұмыстар жалғасын табатын болады»,-деді Бұқарбай Парманов.

Бүгінде Абай ауданы аумағындағы көшелер саны – 1274 және ол 1080,1 шақырымды құрайды. 2023 жылы 57 көшеге асфальт төсеу жоспарланған болса, қазіргі таңда 51 көшенің асфальт төсеу жұмыстары жүргізілуде.

Жалпы аудан бойынша 57 шақырымды құрайтын топырақ жол бар. Ағымдағы жылдың бірінші кезеңінде 7 елді мекендегі 21 көшеге (11,3 шқ), 2 кезеңде 5 елді мекендегі 20 көшеге (18 шқ) шағал тас төсеу жұмыстары жүргізілді.

Сондай-ақ, 2023 жылы халық қатысатын бюджет жобасы аясында жалпы 23 жобаны жүзеге асыру жоспарланған.

Қазіргі таңда Бозарық, Самал-3, Асар, Достық, Қызылжар, Тұрлан, Нұршуақ, Алтынтөбе, Қайнарбұлақ елді мекендерінде 10 балалар алаңшасы 3 спорт алаңшасының құрылыс жұмыстары аяқталып, қолданысқа берілді.

Сондай-ақ, аталған жоба аясында Қайнарбұлақ, Ақжайық, Самал-3 елді мекендерінде орналасқан 5 көшеге ирригацияның құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

Айта кету керек, келесі жылға 26 жобаны іске асыру жоспарланып отыр.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, «Қол жетімді интернет» ұлттық пилоттық жобасы аясында мобильді интернет желісімен қамту үлесін жоғарылату үшін 2023 жылы 9 елді мекенге базалық станция орнату жұмыстары жүргізілсе, 2024 жылы 4 елді мекенге базалық станция орнату жұмыстары жоспарлануда.

Сонымен қатар, аталған Жоба аясында 2023 жылы Абай ауданына қарасты 6 елді мекенге талшықты оптикалық интернет желісін орнату бойынша жұмыстар жүргізілді. Талшықты оптикалық интернет желісін 2024 жылы 3 елді мекенге, 2025 жылы 6 елді мекенге жүргізу жоспарлануда.

 

Түркістан: Мал шаруашылығының дамуы бойынша облыс республикада алдыңғы орында

Түркістан облысының өнеркәсіптік әлеуетін дамытуға мүмкіндік беретін бірнеше маңызды ірі жобаны іске асырылуда. Мемлекет тарапынан қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз етіледі. Бұл бағытта отандық инветсорлардың үлесі артып келеді.

Түркістан облысында ауыл, орман және балық шаруашылығы өнімдерінің көрсетілетін қызметтерінің жалпы шығарылымы 74956,5 млн. теңгені құраған

Түркістан облысының 2030 жылға дейінгі әлеуметтік-экономикалық даму стратегиясының кешенді жоспары әзірленуде. Өңірдің дамуының негізгі мақсаттары, алда қол жеткізетін көрсеткіштер, басты бағыттар мен экономикалық бастамалар осы құжатқа енгізіледі.

Түркістан қаласында ауыл шаруашылығы саласын дамыту бағытында көптеген тірліктер атқарылуда

Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасовтың қатысуымен қала әкімдігінде кеңейтілген мәжіліс өтіп, өзекті мәселелер сараланды. Қала әкімі Нұрбол Тұрашбеков атқарылған жұмыстармен қатар, түйткілді мәселелерді де көтерді.

Солтүстікке көшкен түркістандық шаруа ірі қара мал бағып, осы шаруашылықты дамытуға күш салмақ

Жалпы, еліміздің солтүстік өңірлеріне Түркістан облысынан 12 мыңға жуық адам қоныс аударыпты. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Жаңабай Ағабеков айтты.

Түркістан облысында иірілген жіп, мата мен кілем өндірісі және тоқыма кластерінің бірлескен кәсіпорындарын құру мүмкіндігі талқыланды

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Қытай Халық Республикасынан келген кәсіпкерлермен кездесіп, бірнеше жобаны талқылады. Нәтижесінде Түркістан облысы мен Қытай тауар өндірушілері екіжақты байланысты дамытып, бірлескен жобалар ашып, тәжірибемен бөлісу бойынша Меморандумдарға қол қойды.

Түркістан: ауыл шаруашылығы техникаларын құрастыратын кәсіпорын салу жөнінде меморандум түзілді

Облыс орталығында Түркістан облысы мен Қытай Халық Республикасы компанияларының өнімдері ұсынылған бірлескен көрмесі өтіп жатыр. Оған Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды мен Қытайдан арнайы келген бірнеше ірі кәсіпорын басшылары қатысты. Аймаққа инвестиция тартып, жергілікті өнімдерді экспортқа шығаруды мақсат еткен іс-шарада жалпы саны 60-қа жуық тауар өндірушінің өнімдері қойылды.

Дархан Сатыбалды: «Агроөнеркәсіптік кешенде өңіраралық кооперацияны дамытудың жоғары әлеуеті бар»

Түркістан облысына Чехия Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі Марек Выборный және Чехия Республикасының ҚР-дағы Төтенше және Өкілетті елшісі Павол Шепеляк бастаған бизнес өкілдері ресми сапармен келді. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды чехиялық делегация жетекшілерімен кездесіп, екіжақты байланыстарды нығайту мәселесін талқылады. Инвестиция тарту, кәсіпорындар ашу, бизнес саласында байланыстарды тереңдету бойынша келіссөздер жүргізді.