ЭКОНОМИКАЛЫҚ РЕФОРМАЛАРДЫҢ ТАБЫСТЫЛЫҒЫ «АДАЛ АЗАМАТ» ТҰЖЫРЫМДАМАСЫН ОРЫНДАУЫМЫЗҒА ТІКЕЛЕЙ БАЙЛАНЫСТЫ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев соңғы жылдары елімізді түпкілікті жаңғыртып, Әділетті Қазақстанды қалыптастыруға бағытталған ауқымды реформаларды жүйелі түрде жүзеге асырып келеді. Бұл реформалар Қазақстанның құқықтық, саяси, әлеуметтік-экономикалық жүйесін жетілдірумен ғана шектелмей, қоғамдық сананы да жаңғыртып, ұлттың жаңа сапасын қалыптастыруды көздейді.

Расында соңғы бір жарым жылдың ішінде көптеген өзгерістерге куә болып отырмыз. Конституциялық реформаның аясында еліміздің саяси жүйесіне елеулі өзгерістер енгізіліп, билік тармақтары арасындағы тепте-теңдік нығая түсті. Парламент Мәжілісі мен жергілікті мәслихаттардың рөлі мен ықпалы артып, халықтың шешім қабылдау процесіне араласу мүмкіндігі молая түсті. Бұл өз кезегінде, Президент айтқандай, «күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» тұжырымдамасы барынша орнығуына әсер етті. Қала берді елімізде адам құқықтарын қорғаудың заңды тетіктері күшейтіле түсті. Конституциялық сот қалпына келтіріліп, адам құқықтары жөніндегі уәкілдердің тұтас институты жұмыс істей бастады.

Дегенмен, еліміздің дамуы мен өркендеуін бір ғана саяси реформалар арқылы қамтамасыз ету әсте мүмкін емес. Бұл жөнінде Мемлекет басшысы «нағыз дамыған ел боламыз десек, саяси реформалармен шектеліп қалмауымыз керек. Осы жұмысты түбегейлі және жан-жақты әлеуметтік-экономикалық реформаға ұштастыру қажет» деп атап өтті. Сол себепті ел Президентінің биылғы 1 қыркүйектегі «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауын бұған дейінгі жүзеге асырылған құқықтық және саяси реформалардың заңды жалғасы деп атауға толық негіз бар.

Президент Жолдауда ұзақмерзімді стратегиялық мақсаттармен қатар, әлеуметтік-экономикалық даму бойынша орта мерзімді келешекте, яғни, алдағы 3 жыл көлемінде атқарылуы тиіс нақты міндеттерге басымдық берді. Атап айтқанда, өңдеу өнеркәсібін, агроөнеркәсіп кешенін, қоғаныс өнеркәсібін, инфрақұрылым мен транзиттік әлеуетті және креативті индустрияны дамыту, орта кәсіпкерлікті дамытып, бұл сектордағы бәсекелестікті арттыру жөнінде нақты міндеттер мен межелер белгіленді.

Бұл міндеттердің орындалуы ұлттық экономиканың өсімін жылына 6-7 пайызға дейін арттырып, жалпыұлттық ішкі өнім көлемі 2029 жылға дейін 2 есеге ұлғайып, 450 миллиард АҚШ долларына дейін жеткізуге мүмкіндік береді. Мұндай асқақ мақсатқа қол жеткізу үшін еліміз өндірістің барлық негізгі факторларының – еңбек, капитал, ресурстар мен технологиялардың әлеуетін тиімді пайдалануы тиіс.

Қасым-ЖомартКемелұлы «Қазіргі ең басты міндет – еліміздің мықты өнеркәсіптік негізін қалыптастыру және экономикамыз өзімізді толық қамтамасыз ете алатын жағдайға жету. Сондықтан өңдеу саласын жедел дамытуға баса мән беруіміз қажет. Біз ел тағдыры үшін айрықша мәні бар бірқатар жобаны жүзеге асыруымыз керек. Экономиканы әртараптандыру бұрынғыдан да маңызды міндетке айналуда» деп атап өтті.

Осы орайда, Шымкент қаласындағы 5 өнеркәсіптік аймақта барлығы 337 жоба жүзеге асырылып жатқан болса, бүгінгі күнге дейін 273 жоба іске қосылып, кәсіпорындар тұрақты жұмыс істеп тұр. Бұл жобаларға 216 миллиард теңгеден астам инвестиция тартылып, соның нәтижесінде ашылған зауыт-фабрикаларда 8 мыңнан астам адам тұрақты жұмыспен қамтылған.

Шымкент қаласына инвесторлардың қызығушылығы артып, біздің қаладан жаңа кәсіпорындар ашуды көздейтіндердің көбеюіне байланысты бүгінде жаңадан 3 индустриалды аймақ ашып, «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағы мен Шымкент көлік-логистика аймағының аумағын кеңейту көзделіп отыр. Жаңа өнеркәсіптік аймақтарда инвестициялық құны 400 миллиард теңгені құрайтын 284 жоба жүзеге асырылады. Мәселен, бір ғана «Жұлдыз» индустриалды аймағында 2023-2026 жылдары ашылып, машина жасау, фармацевтика, металлургия, жиһаз өнеркәсібі, құрылыс индустриясы бағыттарында жұмыс істейтін 50 кәсіпорынның пулы жасақталған. Жоспарға сәйкес, бұл жобаға 200 миллиард теңгедей инвестиция тартылып, «Жұлдыз» индустриалды аймағындағы зауыт-фабрикаларда 5 мыңнан астам адам еңбек ететін болады.

Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту ісінің де ел дамуындағы маңызы айрықша. Бұл жөніндеҚ.Тоқаев «Қазақстанның айналасында өнім өткізетін өте үлкен нарықтар бар. Онда сапалы азық-түлік өнімдері тапшы. Қазақстанның стратегиялық мақсаты – Еуразия құрлығындағы басты аграрлық орталықтың біріне айналу. Осы мақсатқа қол жеткіземіз десек, ең алдымен, өнімді жоғары деңгейде өңдеуге көшуіміз қажет. Онсыз болмайды. Біз алдағы үш жыл ішінде агроөнеркәсіптегі өңделген өнім үлесін 70 пайызға жеткізуіміз керек» деп атап өтті. Бұл дегініміз — алдағы уақытта елімізде ірі компаниялар пайда болады деген сөз. Ал одан қоғамның ұтары көп. Өйткені аталған саланың дамуы ауылдың гүлденуіне, шалғайдағы елді мекендерде жаңа жұмыс орындарының құрылуына, халықтың табысының артуына, бағаның тұрақтануына әкеледі.

Осы орайда, Президентіміздің агроөнеркәсіп кешеніндегі өңделген өнім көлемін 70 пайызға дейін жеткізу жөніндегі міндетін орындауға Шымкент қаласы да өзіндік үлесін қосуға дайын. Олай дейтініміз, биыл жыл соңына дейін қаламыздағы «Бозарық» агроиндустриалды аймағындағы инженерлік-инфрақұрылымдық желілердің құрылысын аяқтау көзделіп отыр. Жалпы аумағы 132 гектарды құрайтын бұл индустриал аймақта өндірістік жылыжай кешендерімен қатар, көкөніс, жеміс-жидек пен өзге де азық-түлік өнімдерін қайта өңдеумен айналысатын заманауи кәсіпорындар ашылады. Онда көршілес Өзбекстан мен Түркістан, Жамбыл, Қызылорда облыстарынан жеткізілген аграрлық өнімдер терең өңделіп, республика нарығына шығарылады. Нақтырақ айтар болсақ, «Бозарық» агроиндустриалды аймағында жалпы инвестициялық құны 22,7 миллиард теңгені құрайтын 21 жобадан тұратын пул әзірленген. Аталған кәсіпорындар іске қосылған кезде онда 1 800 адам тұрақты жұмыспен қамтылады.

Президент атап айтқан тағы бір басым бағыт – қорғаныс-өнеркәсіп кешенін дамыту. Мұның маңызын әлемде болып жатқан оқиғалар айқын көрсетті. Қазіргі таңда импортқа иек артып, өзгеге сенуге әсте болмайды. Қуатты әскер – қоғам тұрақтылығының кепілі. Сондықтан әскерімізді жоғары технологиялы қару-жарақпен, әскери техникамен, оның ішінде Мемлекет басшысы атап айтқан бронды техникамен, ұшқышсыз басқарылатын ұшу аппараттарымен, қазіргі заманғы атыс қаруларымен жабдықтаудың маңызы зор. Жолдауда айтылған бағыттар мен жүктелген тапсырмалар қорғаныс саласының тамырына қан жүгіртіп, қуатты әскер жасақтауға негіз болады.

Сонымен қатар,Мемлекет басшысы Жолдауда реттелетін сатып алулардағы офтейк-келісімшарттардың үлесін 10 пайызға дейін жеткізу; инфрақұрылымның тозуын ескере отырып, елдің энергетикалық қауіпсіздігіне ерекше назар аудару; су тапшылығы және озық су үнемдеу технологияларын енгізу; жаңа жағдайда елдің көлік-логистикалық әлеуетін тиімді пайдалану; жаңа креативті индустрия орталықтарын құру және дамыту секілді маңызды мәселелерге тоқталып, осы бағыттарда атқарылуы тиіс жұмыстарды айқындап берді.

Осынау күрделі әрі ауқымды міндетті уақтылы әрі сапалы орындау үшін экономика салаларының жұмыс істеу механизмін толығымен өзгерту көзделіп отыр. Атап айтқанда, атқарушы билік, орталық және өңірлер жүйесіндегі өзара қарым-қатынастар логикасы қайта қаралды. Бұған қоса мемлекет салықтық ынталандырудың, нормативтік және құқықтық реттеудің жаңа шараларын енгізуді жоспарлап отыр.

Мемлекет басшысының бұл жолғы Жолдауы негізінен экономикалық саясат мәселелеріне арналғанымен, онда әлеуметтік салаға қатысты мәселелер де ескерусіз қалмаған. Бұл ретте Жолдауда жалақыны арттыру, жұмыспен қамтуды, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, білім алудағы теңдікті және азаматтық құқықтарды іске асыру сияқты бастамаларды атап өтуге болады. Яғни, Мемлекет басшысы еліміздің жаңа экономикалық модель қалыптастыруды ғана емес, сонымен бірге халықтың әл-ауқатын сапалық тұрғыда жақсартуды және адами капиталдың табиғи дамуын да қамтитын шараларды көрсетіп берді.

Мәселен, әлеуметтік-экономикалық реформаларды табысты орындауда отандық білім жүйесіне де үлкен жауапкершілік жүктеліп отыр. Мемлекет басшысы соңғы жылдары мұғалімдердің жалақысы 2 есе көбейгенін, «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы қолға алынғанына тоқталып, сапалы орта білім алу – әрбір баланың мызғымас құқығы екенін жеткізді.
Президент «Мұндағы ең түйінді сөз – «сапа» деп нақтылай келе, «білім сапасын жақсарту және мұғалімдердің біліктілігін арттыру ауадай қажет» екеніне айрықша назар аударды. Бүгінде еліміздің экономикасының көптеген салаларында білікті кадрлардың тапшы екені, әсіресе, техникалық және жұмысшы мамандар жетіспейтіні шындық. Сол себепті мемлекет алдағы уақытта бұл салалардағы білім беруді дамыту ісін мықтап алмақ.

Иә, елдің дамуы қашан да азаматтарының адами әлеуетіне байланысты екені баршаға аян. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауда осы мәселеге айрықша назар аударды. Ол еліміздің дамуының негізі болатын егіз құндылықтар – адалдық пен әділеттілік екенін атап көрсетті.

Президент бастамасымен қолға алынғалы отырған ауқымды әлеуметтік-экономикалық реформалар Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретіндегі күш-қуатын арттырып, халықтың әл-ауқатын жақсарта түсетіні сөзсіз. Сөз жоқ, бұл – өте асқақ мақсат. Оған қол жеткізу үшін бүкіл қоғам болып жұмылуымыз керек. Міне, осы тұста Президент айтқан адалдық пен әділеттілік дейтін құндылықтардың маңызы ортаға шығады. Мемлекет басшысы айтқандай, «адалдық жоқ жерде ешқашан әділдік болмайтыны» ақиқат. Сондықтан ұлттың жаңа сапасын қалыптастырып, орнықты дамуға бет алған, алдыңғы қатарлы мемлекет болуымыз үшінҚасым-Жомарт Кемелұлы көрсетіп берген «отаншыл, білімпаз, еңбекқор, тәртіпті, адал, әділ, үнемшіл әрі жанашыр болуға» ұмтылуымыз шарт.

 

Бахадыр НАРЫМБЕТОВ,
Шымкент қаласы мәслихатының төрағасы

 

ШЫМКЕНТТЕ ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДА СПОРТТЫҚ ЖАРЫС БАСТАЛДЫ

Шымкент қаласында спорттық кіші футбол және баскетболдан  "Аула клубтары" арасында турнир басталды. Деп xабарлайды Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығы.  Қаланың бес ауданында басталған іс-шараға ұйытқы болған – Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы. Қаламызда алғаш рет өтіп жатқан спорттық жарысқа 50 мектептен оқушылар қатысып жатыр.

Турнирдің мақсаты – жастарды дене шынықтыру және спортқа баулу арқылы салауатты өмір салтын қалыптастырып, нашақорлық және есірткі бизнесіне қарсы күресуге үйрету. Осындай жобалардың нәтижесінде спортқа қызығушы жастардың қатары артып келеді, дейді ұйымдастырушылар.

Турнирдің салтанатты ашылу рәсімі Абай ауданына қарасты №55 жалпы орта білім беретін мектепте өтті. Іс-шараға қатысқан Абай ауданы әкімінің орынбасары Гүлнұр Асылбекова жасөспірімдерге сәттілік тіледі.

–Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында бұқаралық спортты дамыту бойынша тапсырма берген болатын. Осыған орай, қаламызда «Аула клубтары» спорттық жарысы ұйымдастырылып, мектеп оқушылары өзара сайысты. Жасөспірімдердің спортпен шұғылдануына барлық жағдай жасалған. Іс-шараға қатысушы жастарға сәттілік тілеймін! – деді Гүлнұр Асылбекова.

Кіші футболдан ойын көрсеткен спортшылар алдымен жасыл алаңда бойларын сергітіп, ойынды бастап кетті.

–5 жасымнан бастап спортпен айналысып келемін. Оның ішінде футболға  қатты қызықтым. Соңғы 5 жылда түрлі жарыстарға қатысып, жүлделі орындарға ие болып келеміз. Бүгінгі ойынға тыңғылықты дайындықпен келдік, – дейді қалалық №87 жалпы білім беретін орта мектебінің жас спортшысы Сержан Дүсенбек.

Айта кетейік, жеңімпаз командалар бағалы сыйлықтармен марапатталып, қалалық кезеңге жолдама алады.

ШЫМКЕНТТЕ 2023 ЖЫЛДЫҢ 8 АЙЫНДА 3 МЕКЕМЕДЕ ЖАЛАҚЫ МӘСЕЛЕСІ ЕҢБЕК ДАУЫ ТІРКЕЛДІ

Бүгін Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығының алаңында Шымкент қаласы мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Бауыржан Қалжанов, «Шымкент қаласының кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Бауыржан Әлтеев және Шымкент қаласының азаматтық істер жөніндегі ауданаралық сотының сот-медиаторы Еркін Отарбаевтың қатысуымен еңбек дауларын шешу тәртібі бойынша баспасөз конференциясы өтті.

Кәсіподақ – еңбек ұжымдарындағы сан түрлі қызметті ұйымдастырушы, қарапайым жұмысшылардың мүддесін қорғаушы қоғамдық ұйым.

Еңбек адамдарының арасында жүріп, олардың мұң-мұқтаждарын жедел шешуге атсалысатын да кәсіподақ. Еңбек қатынастарын реттеу кезінде кәсіподақтардың рөлі мен қызметі айрықша.

Кәсіподақ ұйымының негізгі міндеті – жұмыскерлердің еңбек және әлеуметтік құқығын қорғауға, еңбек қауіпсіздігінің сақталуына жұмыс істейді. Ұжымда еңбек заңдылығы бұзылып жатса, мәселені ушықтырмай, оны жұмыс берушімен реттеуге, жазатайым оқиға болған жағдайда еңбек адамына қолұшын беріп, көмектесуге кәсіподақ келеді.

«Шымкент қаласының кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Бауыржан Әлтеев:

«Ең алдымен еңбек дауы дегеніміз не екеніне тоқталып өтейін. Еңбек дауы – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын қолдану, келісімдердің, еңбек не ұжымдық шарттардың, жұмыс беруші актілерінің талаптарын орындау немесе өзгерту мәселелері бойынша жұмыскерлер мен жұмыс берушілер арасындағы келіспеушіліктер.

Еңбек дауларын туғызатын жағдайлар әр түрлі. Еңбек дауының ұжымдық және жеке сияқты, талап қоятын және талап қоймайтын түрлері бар. Жеке еңбек дауы - қызметкер мен жұмыс беруші арасындағы еңбек туралы зандарды қолдану мәселелері жөніндегі, жұмыс беруші мен арасында бұрын реттелмеген жеке еңбек, ұжымдық шарттардың талаптарын орындау туралы келіспеушіліктер.

Соңғы кездері ұжымдық еңбек даулары елімізде әлеуметтік шиеленіс ошағына айналуда. Ал, әлеуметтік шиеленіс қоғамдық-саяси тұрақтылыққа кері әсер ететіні сөзсіз. Ұжымдық еңбек дауларына көбіне жұмыскерлердің алып отырған жалақысына қанағаттанбауы және оның уақытылы төленбеуі, тиісті еңбек жағдайларының жасалмауы, еңбек қауіпсіздігі талаптарының сақталмауы себеп. Бүгінде кәсіподақтардың араласуымен және түсіндірме жұмысын жүргізудің нәтижесінде аталған еңбек даулары уақтылы шешімін табуда.

Осы ретте ұжымдық еңбек даулары, оларды шешу жолдары жөнінде қолданыстағы еңбек заңнамасына сәйкес түсіндірме бере кетейін. Ұжымдық еңбек дауы жұмыскерлердің талаптары туралы жұмыс берушіні жазбаша хабардар еткен күннен бастап туындаған деп есептеледі.

Еңбек даулары екі сатыда - тараптардың келісімі бойынша немесе сот тәртібімен қаралады. Тараптардың келісімімен еңбек дауларын келісім комиссиясы қарауы мүмкін. Келісім комиссиясы негізінен мекеменің бастауыш кәсіподақ ұйымының бастамасымен құрылады.

Келісім комиссиясы тараптардын бірлескен шешімі бойынша жұмыс берушілер мен қызметкерлердің саны тең өкілдерінен тепе-тең негізде құрылады. Қызметкерлердің өкілдері келісім комиссиясына ұйымның жалпы жиналысында сайланады. Жұмыс берушінің өкілдерін ұйым басшысы тағайындайды. Келісім комиссиясын ұйымдық-техникалық жағынан қамтамасыз етуді жұмыс беруші жүзеге асырады.

Келісім комиссиясы өз кұрамынан комиссияның төрағасы мен хатшысын сайлайды. Келісім комиссиясы арыз берушінің өтінішін ол берілген күннен бастап үш күн мерзімде қарайды. Оны қарау нәтижелері бойынша келісім комиссиясының шешімі қабылданып, арыз берушіге беріледі. Келісім комиссиясының арыз берушінің талабын қанағаттандырған шешімін қарсы тарап үш күн мерзімде орындайды. Егер де қызметкер келісім комиссиясының шешімімен келіспесе үш айдың ішінде еңбек дауы бойынша сотқа арыздануға құқығы бар. Қызметкерлер еңбек құқықтық қатынастарынан туындайтын талаптар бойынша сотқа жүгінген жағдайда олар мемлекет кірісіне сот шығындарын төлеуден босатылады.

Талап қоятын еңбек даулары еңбек туралы заңды, ұжымдық шарттар мен өзге де еңбек туралы келісімдерді қолдану жөніндегі алауыздықтарды шешуге байланысты болады. Бұл жағдайда дауласушы қызметкер өзінің бұзылған құқығын тану немесе оны қалпына келтіру туралы талап қояды. Талаптық сипаты бар еңбек даулары көбінесе жеке адамдардың даулары болып келеді. Талап қоймайтын сипаттағы еңбек даулары жеке және ұжымдық болуы мүмкін. Ұжымдық еңбек даулары талап қоймаушылық сипатта болып келеді және айрықша тәртіппен қаралады (әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі үш жақты комиссия).

Еңбек даулары тараптардың келісімі бойынша немесе сот тәртібімен қаралады. Тараптардың келісімі бойынша еңбек даулары жоғары органдарда қаралуы мүмкін.

Егер комиссияның шешімі қызметкердің талаптарын қанағаттандырмаса, онда еңбек дауы coт тәртібімен қаралады. Соттар қызметкерлер мен жұмыс берушілер арасындағы келіспеушіліктерді шешу үшін шағымдана алатын еңбек дауларын қарау жөніндегі дербес органдар болып табылады.

Еңбек дауы жөніндегі келістіру комиссиясының шешімін қайта қарау өкілеттігі сотқа берілмеген. Ұжымның талаптары жазбаша түрде баяндалып, жұмыс берушіге жіберіледі. Еңбек ұжымының мүдделерін кәсіподақтар қорғайды.

Еңбек дауларын тараптардың келісімі бойынша немесе сот тәртібімен қарайтын белгіленген тәртібі болады. Еңбек дауларын қарайтын органдар — келістіру комиссиясы және сот.

Бүгінде «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігіне 2023 жылдың 8 айында 3 мекемеде жалақы мәселесі бойынша еңбек дауы тіркелді. Бұл мекемелер: «ТТК» «Радуга» және «Т-Бас» Жауапкершілігі Шектеулі Серіктестіктері. Аталған үш мекемедегі дау Келісім комиссиясын құру арқылы шешілді.

Еңбек дауларын тарқатып айтсам, 01.04.2023жыл ы аталған 3 жолаушылар тасымалдау компания жүргізушілерінен жалақы көтеру бойынша ресми арыз түсті. Оған басты себеп Шымкент қаласы әкімдігінің Жолаушылар көлігі басқармасының шешімімен 01.03.2023 жылдан бастап, электронды билетке көшуге байланысты қаладағы қоғамдық көліктерде кондукторлар қысқартылды. Кондукторлар негізінен жүргізуші отбасы мүшесі еді. Отбасында табыс көзі азайды. Жалақы мөлшері 225 мың теңгені құраған. Осыған байланысты 744 жүргізушіден жалақы 400,0 мың тенге көтерілмесе 05.04.2023 жылы ереуілге шығып, жұмысты тоқтату жөнінде ескерту хабарлама түсті. Олар өз кезегінде көлік компания басшылары әкімдікке, прокуротураға, полиция департаменттін ескерткен.

Хабар тиісімен АКБ ұсынысы бойынша 03.04.2023 жылы аталған жолаушы тасымалдау компаниялар бойынша Келісім комиссиясы құрылып, еңбек дауының алдын алу мақсатында әрқайсымен жеке екі реттен жиналыс өткізілді.

Өзім бас болып, Салалық кәсіподақ төрағасымен бірлесіп, жергілікті басқару органдарымен қала әкіміне кіріп, мәселені шешу бойынша атсалыстым. Нәтижесінде қоғамдық көлік жүргізушілерінің талап-арызы қала бюджетінен қала әкімдігінің 23.12.2022ж №2580 қаулысы негізінде осы салаға бөлінген қаражат субсидия есебінен төленіп, жалақы 375 000 болып, сәуір айынан бастап көтерілді. Сонымен қатар 04.05.2023 ж. кешке жұмыс уақыты аяқталуына сәйкес «Еңбек елшісі» тобының бірнеше өкілдерімен барлық жүргізүшілермен түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, ереуілге шығу тоқтатылды.Мәселе оң шешілуіне байланысты тасымалдаушы компанияларда ахуал тұрақталды. Қаладағы қоғамдық көліктер тоқтамай, бекітілген кестеге сай жұмыстарын жалғастырды.

Ал қалған 5 мекеме, олар кәсіподақ құрамына кірмейді, ол мекемелерде «Еңбек консультациялары» акциясы аясында мәселе шешілді.

Олар: «Шымкент Рем Сервис» ЖШС, «Рахат-Шымкент» ЖШС, «Корпорация Береке А» ЖШС, «Оңтүстік құрылыс сервис» ЖШС, «Автокомбинат 4» ЖШС.

Сондай-ақ, Шымкент қаласы Кәсіподақтар орталығында «Заң клиникасы» жұмыс істейді.

Ағымдағы 2023 жылдың 8 айында «Заң клиникасында» 49 кәсіподақ мүшесіне тегін консультациялық көмек берілген.

Кәсіподақтар орталығы еңбек даулары бар мекемелердегі ағымдағы жағдайды тұрақтандыру, сондай-ақ басқа кәсіпорындардағы әлеуметтік шиеленіс мүмкіндігін анықтау бойынша тұрақты түрде шаралар қабылдауда.

Қала әкімдігі, жұмыс берушілер конфедерациясы және Кәсіподақтар орталығы арасындағы әлеуметтік әріптестік шеңберінде жасалған келісімге сәйкес өңірлік үшжақты комиссияның отырыстарында еңбек дауларын шешу мәселелері қаралады.

2023 жылы осы комиссияның 4 отырысы өтті. Кәсіподақтар бірлестігімен осы отырыстардың күн тәртібіне еңбек даулары, жалақы қарыздары және жұмысшылардың құқықтары мен мүдделерін көздейтін мәселелер көтеріледі.

Бас келісім талаптарына сай Кәсіподақтар бірлестігі өңірлік үшжақты комиссияда әкімдік және жұмыс берушілер өкілдерімен тең төрағалық етеді.

2023 жылдың 8 айында Кәсіподақтар Федерациясы және «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, кәсіподақ көшбасшылығы, татуластыру комиссиясы тақырыптары бойынша 5 семинар тренинг өткізілді, оған 250 астам кәсіподақ мүшесі қатысып, білімін жетілдіріді.

Сонымен бірге «Қалың қалай бастауыш ұйым?» акциясы аясында 60 мекемеде еңбек ұжымдарына еңбек қауіпсіздігі бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді. «Қауіпсіз еңбек жылы» аясында Мемлекеттік Еңбек инспекциясы мамандарымен 25 мекемеде семинар тренингтер өтізілді».

ШЫМКЕНТ: ЖАСТАРҒА АРНАЛҒАН ШАҒЫН НЕСИЕ АЛУҒА 300-ДЕН АСТАМ АЗАМАТ ӨТІНІШ БІЛДІРГЕН

Шымкентте биыл жастарға арналған 2,5 пайыздық жеңілдетілген несие беру жобасы басталғалы бері 300-ден астам азаматтан өтініш түскен. Бүгінгі таңға 164 адам оң қорытындысын алған. Оның ішінде 129 азаматқа шағын несие беріліп, басым көпшілігі өз кәсіптерін бастап кетті.

Жас кәсіпкерлердің бизнес-жоспарлары бүгін кезекті комиссия отырысында қаралды. Жиында шағын несие алуға үміткер 40 азаматтың бизнес-жобалары тыңдалды. Нәтижесі бойынша хаттама түзілуде. Жастардың басым көпшілігі ауыр жүк көлік тасымалы, ірі қара мал бағу мен сауда-саттық дүкендерін ашу идеяларын ұсынуда.

Мемлекетік қолдау 21 мен 35 жас аралығындағы азаматтарды қамтиды. Жас кәсіпкерлер 5 миллион теңгеге дейінгі несиені мал шаруашылығы жобалары үшін – 7 жылға дейін, кәсіптің басқа түрлері үшін – 5 жылға дейінгі мерзіммен ала алады. Кепілзат ретінде арнайы техника, жылжымайтын мүлік және жер учаскелері қабылданады. Кепілге қоятын мүлік болмаса кепіл берушіні тартуға болады.

Таяуда кепілді мүлік түрлерінің тізбесі де кеңейтілді. Кепілмен қамтамасыз ету ретінде қосымша екінші деңгейлі банк шоттарындағы ақша қаражаты; республикалық және облыстық маңызы бар қалаларда, аудан орталықтарында, облыстық және аудандық бағыныстағы қалаларда, сондай-ақ ауылдарда және ауылдық елді мекендерде жылжымайтын мүлік; жеке меншік құқығындағы/бастапқы ұзақ мерзімді өтеулі жер пайдалану (жалға алу) (егістік) құқығындағы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері; жайылымдарды суландыру және қоршау инфрақұрылымы бар жер учаскелері; бау-бақша өсіруге арналған жер учаскелері; мамандандырылған техникалар қабылданады.

Жастарға микрокредит беру бойынша толығырақ ақпаратпен және жиі қойылатын сұрақтармен https://www.agrocredit.kz сайтында танысуға болады.

Шымкентте өтінім беру үшін құжаттарды «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ Шымкент қаласындағы филиалына тапсыру қажет.

Мекен-жайы: Қонаев даңғылы, 3/3

ШЫМКЕНТТЕ 16 ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕС СУБъЕКТІСІНІҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ ҚОРҒАЛДЫ

Бүгін Шымкент қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметінде «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері картасын Шымкент қаласында іске асыру жолындағы аралық нәтижелер туралы» баспасөз конференциясы өтті.

Баспасөз жиынында Агенттіктің Шымкент қаласы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Жұмабаев Жандос Сағындықұлы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл еліміздегі мемлекеттік саясатының негізгі бағыттарының бірі екендігін атап өтті.

– Жүйелі мәселелерді шешу мақсатында Агенттік еліміздің әрбір өңірі үшін сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің арнайы карталарын әзірлеген. Жыл басынан жер, білім салаларында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізіліп, 65 ұсыным енгізілді, оның 49 орындалды. Қазіргі таңда құрылыс саласында талдау жұмыстары жүргізілуде.

«Республикалық маңызы бар қала» мәртебесі берілген сәттен бастап әкімдік тарапынан ауданы 850 гектарды құрайтын 1 мыңнан астам жер учаскесі берілсе, оның тек 1 пайызы ғана сауда-саттық арқылы берілген.

Жер беру тәсілі туралы шешімді әкімдік дербес қабылдайды, берілген жер учаскелерін есепке алу жүргізілмейді.

Берілген жерлердің жалпы санын нақты анықтау мүмкін емес. Осы мәселені «қолмен» өзгерту тәсілі көрсетілген сегменттегі ақпараттың дұрыстығын толық көлемде қамтамасыз етпейді.

Халық пен бизнес үшін бос жерлер туралы ақпарат қолжетімсіз.

Өздеріңізге белгілі, Агенттікпен кәсіпкерлікті қорғауға және қолдауға бағытталған «Бизнеске жол» жобасы жүзеге асырылуда.

Әкімдік басшылығының және басқа да уәкілетті органдардың көмегімен 1300-ден астам кәсіпкердің құқығын қалпына келтіруге мүмкіндік туып, 30 мәселе оң шешімін тапты.

Кәсіпкерлердің жұмысына заңсыз араласқаны үшін 7 лауазымды тұлға түрлі жауапкершілікке тартылды. Оның ішінде, 5 адам тәртіптік жауапкершілікке тартылса, 2 лауазымды тұлға әкімшілік айыппұл төледі.

Жедел-тергеу бағыты бойынша 16 шағын және орта бизнес субъектісінің құқықтары қорғалды.

Департамент мүдделі мемлекеттік органдармен кездесу өткізіп, нәтижесінде кәсіпкерге алынған жер үшін 128 млн. теңге төленді.

Биылғы жылдың тамыз айынан бастап белсенді азаматтарды, қоғамдық бірлестіктерді, жеке және квазимемлекеттік сектор субъектілерін, сондай-ақ басқа да ұйымдарды сыбайлас жемқорлыққа қарсыіс-шараларға ерікті ретінде тарту мақсатында Агенттікпен «Жемқорлыққа қарсы волонтерлік» жобасы қолға алынды.

Жоба аясында кез келген бастамаларды ұсынып, бюджет қаражатының жұмсалу тиімділігін қадағалай аласыз немесе аймақтағы проблемалық мәселелерді бақылай аласыз.Қазірдің өзінде белгілі бір нәтижелер бар.

Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы пәрменді тетіктерді қалыптастыру бойынша жүйелі шаралар қабылдануда.

Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру үшін жемқорлыққа қарсы іс-қимылды күшейту жөнінде кезең-кезеңмен бірқатар маңызды заңнамалық шаралар қабылданды.

Мәселен, 2021 жылдың 10 қаңтарынан бастап Еңбек Кодексінің 26-бабы 2-тармағына өзгерістер енгізіліп, онда квазимемлекеттік сектор субъектілеріне сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған адамды жұмысқа орналастыруға жол берілмейді делінген.

Аталған бап нормаларына қатысты азаматтар тарапынан жиі шағымдарына орай Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотымен материалдар зерделеніп, нормативтік қаулы әзірленді.

Жоғарыдағы қаулы негізінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған адамның квазимемлекеттік сектор субъектілеріне жұмысқа орналасуына шектеу көрсетілген ұйымдарда басқарушылық функцияларды орындаумен байланысты лауазымдарға үміткер адамдарға қатысты қолданылады.

Айта кетейік, сыбайлас жемқорлық көріністеріне тап болған кез келген азамат Департаментке жүгіне алады немесе тәуліктің кез келген уақытында CaII-орталыққа 1424 нөмірі бойынша қоңырау шала алады.

Осы нөмірге қоңырау шалу арқылы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша ақпаратты сеніп қалдыруға немесе кеңес алуға болады.

Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе жемқорлыққа қарсы іс-қимылда өзге де жолмен жәрдемдесетін адамдардыбіржолғы ақшалай сыйақы беру, грамотамен марапаттау немесе алғыс жариялау формасында жүзеге асырылатын көтермелеулер көзделгенін атап өткім келеді.

Соңғы 4 жылда Департаментпен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының жолын кесуге ықпал еткен 29 тұлға көтермеленіп, олардың сыйақы мөлшері 5,7 млн. теңге құрады.

 

ШЫМКЕНТТЕ БИЫЛ 79,6 МЫҢ ТОННА ӨНІМ ЖИНАЛАДЫ

«Егін жинау науқаны және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстар туралы, бүгінгі меди-алаңымыздың спикерлері: ауылшаруашылығы және ветеринария басқармасының басшысы Джанбатыров Абунасыр Шарифуллаұлы және «Shymkent» ӘКК АҚ басқарма төрағасының орынбасары Қаттабеков Ерлан Нұрланұлы ақпараттармен бөлісті.

Осы жылы егістік жерлердің 27,5 мың гектары игеріліп, жүргізілген әртараптандырудың нәтижесінде: дәнді-дақылдар-11,4 мың га, майлы дақылдар-3,6 мың га, мал азықтық дақылдар-8,9 мың га, картоп-0,5 мың га, көкөніс және бақша дақылдары-3,1 мың га жерге орналастырылды.

Егіс көлемінен ағымдағы жылы 87,1 мың тн. өнім жиналады деп күтілуде. Бүгінгі таңда,жалпы 79,6 мың тн. өнім жиналды.

Атап айтсақ, дәнді дақылдар-16,9 мың тн., майлы дақылдар 2,9 мың тн., көкөніс пен бақша-40,6 мың тн., картоп-4,8 мың тн., мал азықтық-14,4 мың тн..

2023 жылы өнімділікті арттыру мақсатында:

- минералды тыңайтқыштардың құнын субсидиялау бағдарламасына - 122 146,0 мың теңге бөлініп, бүгінгі күнге 52 000,0 мың теңгеге 467,5 тонна тыңайтқыш субсидияланды.

- тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялауға 20 480,0 мың теңге бөлініп, бүгінгі таңда 4 000,0 мың теңгеге бірінші ұрпақ будандарының 60,0 мың дана тұқымдары субсидияланды.

- пестицидтердің, биоагенттердiң (энтомофагтардың) құнын субсидиялауға 600,0 мың теңге бөлінді.

Сонымен қатар, күзгі жиын-терім жұмыстарын жүргізуге 44,3 тонна жеңілдетелген бағамен берілетін жанар-жағармай бөлініп, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне 245 теңгеден босатылуда.

Ағымдағы жылы Шымкент қаласы бойынша ауыл шаруашылығы техникаларын дайындығы 93 пайызды құрап күзгі жиын-терім жұмыстарына толығымен жұмылдырылды.

 

ШЫМКЕНТТЕ 14 МЕМЛЕКЕТТІК, 31 ЖЕКЕМЕНШІК ЕМXАНА БАР

Азаматтың тұрғылықты жері алғашқы медициналық көмек көрсететін ұйымға қадамдық қолжетімділгі ескерілгені дұрыс. Бұл жайында Шымкент қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында өткен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін жетілдіру бойынша жиында айтылды.

Медициналық-снитариялық алғашқы көмек көрсету ұйымдарына бекіту МСАК көрсету үшін негіз болып табылады және:

1) МСАК аумақтық қолжетімділігі;

2) МСАК ұйымын еркін таңдау;

3) МСАК маманын (жалпы практика дәрігері, учаскелік терапевт, учаскелік педиатр) еркін таңдау;

4) отбасылық қызмет көрсету;

5) меншік нысанына және ведомстволық тиістілігіне қарамастан МСАК ұйымдарының тең құқығы және адал бәсекелестігі қағидаттарымен жүзеге асырылады.

МСАК көрсететін денсаулық сақтау объектілеріне қадамдық қолжетімділік - халықтың демографиялық өсуін ескере отырып, (республикалық маңызы бар қаладағы аудандық) әкімшілік-аумақтық сақтай отырып, МСАК көрсететін денсаулық сақтау объектілеріне 20 минуттық қадамдық қолжетімділгі ескерілуі тиіс.

Бекіту науқаны кезінде МСАК ұйымына бекітілген тұлғалар қормен қызметтерді сатып алу шартын жасасқан жағдайда келесі жылғы 1 қаңтардан бастап МСАК алады.

Бекіту науқаны кезеңінде МСАК ұйымына еркін таңдау құқығын пайдаланбаған адам бұрын қызмет көрсетілген МСАК ұйымына бекітілген болып қалады.

Шымкент қаласы бойынша амбулаторлық деңгейде 14 мемлекеттік емхана және 31 жеке меншік медициналық орталықтар қызмет атқарады.

Бекітілген халық тіркелімі порталында 53 бастапқы медициналық санитарлық ұйымы қызмет атқарады. 14 мемлекеттік емханаға 625 мың халық тіркелсе, 39 жекеменшік емханаға 565 мың азамат тіркелген.

Шымкент қаласында 2023 жылғы 1 қаңтарында бекітілген халық тіркелімі базасында 1 174 142 азамат болған, 2023 жылғы 1 қыркүйегінде 1 190 730 азамат болған.

 

 

2023 ЖЫЛДЫҢ 7 АЙЫНДА 150 МЫҢНАН АСТАМ ШЫМКЕНТТІК СТАЦИОНАРЛЫҚ ЕМ ҚАБЫЛДАҒАН

МӘМС жүйесін енгізудің артықшылықтарына келер болсақ, медициналық қызметкерлердің орташа жалақысы өсті, жоғары технологиялық медициналық көмек (ЖТМК) көрсететін медициналық ұйымдар саны артып, қызметі қарқын алды. Оның ішінде, кардиохирургиялық, нейрохирургиялық және экстркорпаралды ұрықтандыру (ЭКО) қызметтері бар. Атап айтқанда, 2019 жылы 15 әйел, 2021 жылы 578 әйел, 2022 жылы 887 әйел ЭКО арқылы ана атанса, осы жылы 344 әйел босанып, 336 нәресте дүниеге келген.

МӘМС жүйесі енгелі тағы да қарқынды дамып жатқан бағыт, бұл, бауыр, бүйрек және 1 рет жүрек трансплантологиясы жасалды.

Сонымен қатар, ересектер мен балаларға арналған оңалту емі 2 есеге артқан. Оңалту ем шараларының да түрлері ұлғайған. Консультациялық диагностикалық көмек (КДК) көлемі де жыл сайын өсуде. Қымбат тұратын КТ, МРТ қызметі тегін көрсетілуде. 2022 жылы онкологиялық ауруды ерте диагностикалау үшін Позитронды эмиссиялық томография (ПЭТ) орнатылды.

Филиал мамандарымен сұранысқа жиі ие консультативтік-диагностикалық қызметтер (КДҚ) бойынша, сонымен қатар КТ/МРТ сияқты қымбат тұратын қызметтердің тұрғындарға қолжетімділігіне 2021-2022 жылдары және 2023 жыл тоқсан сайын мониторинг жасалып, нәтижесінде диагностика алғашқы 1-5 күнде жасалып, 10 күннен артық күттіру 9% дан 2 % -ға төмендеді.

Медициналық қызмет сапасын жақсарту мақсатында жүкті әйелдерге, балаларға, мектеп медицинасына, жастарға өз алдына қосымша қаржы қарастырылды.

Бұдан бөлек, амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету (АЛО) бойынша тізімге енгізілген нозологиялар немесе аурулар деп аталатын топтардың саны 2,6 есеге, ал қаржыландыру 1,7 есеге өскен.

2019 жылы 182 901 адам стационарлық жағдайда ем алған болса, 2022 жылы 230 931 адам стационарлық ем қабылдаған, яғни 1,2 есеге ұлғайған. 2023 жылдың 7 айында 150 675 науқас стационарлық жағдайда емделген. Күндізгі стационарда 2019 жылы 48 816 науқас емделсе, 2022 жылы 71 205 науқас емделген, яғни көрсеткіш 1,5 есе көбейген.

 

ШЫМКЕНТТЕ САҚТАНДЫРЫЛҒАН АЗАМАТТАР САНЫ ТҰРҒЫНДАРДЫҢ 77,5% ҚҰРАЙДЫ

Бүгін Шымкент қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін жетілдіру бойынша атқарылған жұмыстар туралы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Шымкент қаласы бойынша филиалының директоры Құралбек Сабит Райымбекұлы баспасөз конференциясын берді.

2023 жылы қала аумағында 183 медицицналық ұйым қызмет көрсетуде. Оның 34-і мемлекеттік мекеме болса, қалған 149-ы жекеменшік медициналық ұйым.

Биылғы жылы медициналық қызметтерді сатып алу рәсімінің қорытындысы бойынша 183 медициналық қызмет көрсетушімен 112 582 636,12 мың теңге сомасына 442 шарт жасалды, оның ішінде: ТМККК (тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі) бойынша – 59 182 692, 18 мың теңге, МӘМС (міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру) бойынша – 53 399 943,94 мың теңге.

2023 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша республика көлемінде сақтандырылғандар саны 82,82 % құраса, бұл көрсеткіш Шымкент қаласында 76,5% ға жетті.

Филиалға «Айкей СRM» ақпараттық жүйесі арқылы медициналық мекемелерге қатысты өтініштер саны 2021 жылы 59 524 болса, 2022 жылы 55 759, 2023 жылы 25 569 өтініш келіп түскен. Оның ішінде арыз-шағымдар, ұсыныстар, алғыстар және азаматтардың сала бойынша кеңес сұраған өтініштері бар.

Өтініштер мен ұсыныстардың азаюы және шағымдардың өсуі халықтың, сақтандырылған адамдардың, МӘМС жүйесі мен өз құқықтары туралы хабардарлығының артуымен байланысты.

МӘМС жүйесін енгізудің артықшылықтарына келер болсақ, медициналық қызметкерлердің орташа жалақысы өсті, жоғары технологиялық медициналық көмек (ЖТМК) көрсететін медициналық ұйымдар саны артып, қызметі қарқын алды. Оның ішінде, кардиохирургиялық, нейрохирургиялық және экстркорпаралды ұрықтандыру (ЭКО) қызметтері бар. Атап айтқанда, 2019 жылы 15 әйел, 2021 жылы 578 әйел, 2022 жылы 887 әйел ЭКО арқылы ана атанса, осы жылы 344 әйел босанып, 336 нәресте дүниеге келген.

МӘМС жүйесі енгелі тағы да қарқынды дамып жатқан бағыт, бұл, бауыр, бүйрек және 1 рет жүрек трансплантологиясы жасалды.

Сонымен қатар, ересектер мен балаларға арналған оңалту емі 2 есеге артқан. Оңалту ем шараларының да түрлері ұлғайған. Консультациялық диагностикалық көмек (КДК) көлемі де жыл сайын өсуде. Қымбат тұратын КТ, МРТ қызметі тегін көрсетілуде. 2022 жылы онкологиялық ауруды ерте диагностикалау үшін Позитронды эмиссиялық томография (ПЭТ) орнатылды.

Филиал мамандарымен сұранысқа жиі ие консультативтік-диагностикалық қызметтер (КДҚ) бойынша, сонымен қатар КТ/МРТ сияқты қымбат тұратын қызметтердің тұрғындарға қолжетімділігіне 2021-2022 жылдары және 2023 жыл тоқсан сайын мониторинг жасалып, нәтижесінде диагностика алғашқы 1-5 күнде жасалып, 10 күннен артық күттіру 9% дан 2 % -ға төмендеді.

Медициналық қызмет сапасын жақсарту мақсатында жүкті әйелдерге, балаларға, мектеп медицинасына, жастарға өз алдына қосымша қаржы қарастырылды.

Бұдан бөлек, амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету (АЛО) бойынша тізімге енгізілген нозологиялар немесе аурулар деп аталатын топтардың саны 2,6 есеге, ал қаржыландыру 1,7 есеге өскен.

2019 жылы 182 901 адам стационарлық жағдайда ем алған болса, 2022 жылы 230 931 адам стационарлық ем қабылдаған, яғни 1,2 есеге ұлғайған. 2023 жылдың 7 айында 150 675 науқас стационарлық жағдайда емделген. Күндізгі стационарда 2019 жылы 48 816 науқас емделсе, 2022 жылы 71 205 науқас емделген, яғни көрсеткіш 1,5 есе көбейген.

ШЫМКЕНТТЕ ЕМХАНАЛАРҒА ӨЗ ЕРКІМЕН ТІРКЕЛУ НАУҚАНЫ БАСТАЛАДЫ

Шымкент қаласында 2023 жылдың 15 қыркүйек пен 15 қараша күндері аралығында 2024 жылға бастапқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарына өз еркімен тіркелу науқаны жүргізіледі.

Бүгін осы және басқа да ақпараттармен Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Дүйсенбаева Сауле Сансызбайқызы Ақпараттық-коммуникациялық орталығының баспасөз алаңында бөлісті.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 13 қарашадағы № ҚР ДСМ-194/2020 «Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарына жеке тұлғаларды бекіту қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, емханаға тіркелуге Электрондық үкіметтің «egov» веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.

Сонымен қатар тікелей жүгінген кезде ұйымның бірінші басшысының атына жазбаша нысанда өтінімді ресімдеу мынадай санаттағын азаматтар бере алады:

1) зейнеткерлер;

2) мүгедектер;

3) қамқоршылар тағайындалған заң бойынша бала кезінен мүгедектер (осы санаттағы жеке тұлғалар, кәмелетке толғандар болуы мүмкін), сондай-ақ қорғаншылар немесе қамқоршылар, патронаттық тәрбиешілер және басқа да оларды алмастыратын адамдар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес балаға қамқорлық жасауды, білім, тәрбие беруді, баланың құқықтары мен мүдделерін қорғауды жүзеге асыратын басқа да заңды өкілдері);

4) колонияларда өтеуші сотталғандар (өтеу орны бойынша);

5) студенттер, сондай-ақ медреседе оқитын студенттер;

6) мерзімді қызмет әскери қызметшілері;

7) шет мемлекеттерде туған балалар;

сәбилер, жетімдер, қарттар үйлері және т. б.;

9) сенімхат бойынша бекітуді ресімдейтіндер.

МСАК ұйымына тікелей жүгінген кезде МСАК ұйымының мамандары "Бекітілген халық тіркелімі" медициналық ақпараттық жүйесіне тіркеуге сұрау салуды ресімдейді. Ақпараттандыру ұйымының маманы тіркеуге сұрау салуды қарайды және өтінімді мақұлдау немесе дәлелді бас тарту туралы шешім қабылдайды.

МСАК ұйымдарына бекіту МСАК көрсету үшін негіз болып табылады және:

1) МСАК аумақтық қолжетімділігі;

2) МСАК ұйымын еркін таңдау;

3) МСАК маманын (жалпы практика дәрігері, учаскелік терапевт, учаскелік педиатр) еркін таңдау;

4) отбасылық қызмет көрсету;

5) меншік нысанына және ведомстволық тиістілігіне қарамастан МСАК ұйымдарының тең құқығы және адал бәсекелестігі қағидаттарымен жүзеге асырылады.

МСАК көрсететін денсаулық сақтау объектілеріне қадамдық қолжетімділік - халықтың демографиялық өсуін ескере отырып, (республикалық маңызы бар қаладағы аудандық) әкімшілік-аумақтық сақтай отырып, МСАК көрсететін денсаулық сақтау объектілеріне 20 минуттық қадамдық қолжетімділгі ескерілуі тиіс.

Аумақтық қағидаттың негізінде учаскеге мамандарды бекіте отырып, МСАК учаскесі құрылады.

Бекіту науқаны кезінде МСАК ұйымына бекітілген тұлғалар қормен қызметтерді сатып алу шартын жасасқан жағдайда келесі жылғы 1 қаңтардан бастап МСАК алады.

Бекіту науқаны кезеңінде МСАК ұйымына еркін таңдау құқығын пайдаланбаған адам бұрын қызмет көрсетілген МСАК ұйымына бекітілген болып қалады.

Шымкент қаласы бойынша амбулаторлық деңгейде мемлекеттік емхана және 31 жеке меншік медициналық орталықтар қызмет атқарады.

Бекітілген халық тіркелімі порталында 53 бастапқы медициналық санитарлық ұйымы қызмет атқарады. 14 мемлекеттік емханаға 625 мың халық тіркелсе, 39 жекеменшік емханаға 565 мың азамат тіркелген.

Шымкент қаласында 2023 жылғы 1 қаңтарында бекітілген халық тіркелімі базасында 1 174 142 азамат болған, 2023 жылғы 1 қыркүйегінде 1 190 730 азамат болған.