Отырар ауданының өнерпаздары облыстық «Өнерлі өлке» фестивалінің бас жүлдесін жеңіп алды

Ежелден «Ұлылардың Отаны» саналған киелі Отырар өңірі өзінің көптеген талантты, дарынды перзенттерімен мақтана алады. Кешегі ғұлама ғалым Әбу Насыр Әл-Фараби мен рух сардары Өзбекәлі Жәнібеков, тіл жанашыры Өмірзақ Айтбайұлы, Әлем ақыны Мұхтар Шаханов, ән падишасы Шәмші Қалдаяқов, күш атасы Қажымұқан Мұңайтпасов, айтыстың ақберені Тәушен Әбуова, халық ақыны Әселхан Қалыбекова секілді тұлғалар сөзіміздің дәлелі болары анық. Бүгінде ұлы тұлғаларымыздың ізін басып келе жатқан талантты жастарымыз да аз емес. Оны кешегі қасиетті Түркістан қаласының төрінде өткен облыстық "Өнерлі өлке" өнер фестивалі айшықтап бергендей.

ШЫМКЕНТТІК ЕРЕКШЕ БАЛА АСЫРАП ОТЫРҒАН АНАЛАРДЫҢ МӘСЕЛЕСІ БАСТЫ НАЗАРДА!

Шымкент қалалық Әділет департаментінде Адам құқықтары жөніндегі өкілдің қатысуымен арнайы жиын өтті. Басқосуда ерекше бала тәрбиелеп отыған аналардың әлеуметтік қамтамасыз ету мен оңалту шараларына қатысты мәселелері талқыланды. Бұл мәселені жан-жақты зерделеу үшін Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің қалалық филиалы басшысының орынбасары Т.Дауытов, психикалық денсаулық сақтау орталығының бас дәрігері Серік Мыңбаев, жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының өкілдері және қоғам белсенділері арнайы шақырылған.

Ерекше бала тәрбиелеп отырған аналар 18 жастан кейін мүгедек жандар үшін ешқандай оңалту емі қаралмағанын, ІІ топтағы мүгедек баланың денсаулығына байланысты І топқа өткізу ісінде қиындық көптігін айтуда. Бұл мәселеге Төрехан Дауытов егер аналар баласына мүгедектік тағайындау қорытындысына келіспеген жағдайда еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің қалалық филиалына келіп, шағымын жеткізуге болатынын айтты.

–Мүгедектік тағайындау ең алдымен учаскелік дәрігердің бақылауымен жүзеге асырылады. Қазіргі таңда жаңа қабылданған нормативке сәйкес, адами факторды болдырмау үшін мүгедектікті куәландыру сырттай, онлайн жүзеге асып жатыр. Ата-аналар мұнымен келіспеген жағдайда біздің мекемізге келіп өздерінің қарсылық шағымын жазбаша білдіруге болады. Біз осы арызды негізге алып, сараптамалық топ науқас баланың денсаулық жағдайын көзбе-көз көріп, куүландырады,- деді Т.Дауытов.

Ал, 18 жастан кейінгі мүгедек жандарды оңалтуы жайында әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту басқармасының өкілі Раушан Сейдакпар жауап берді.

–18 жастан асқан аутизм, психоневрологиялық ауытқуы бар мүгедек жандарды толық стационарда оңалту үшін 2019 жылы 100 орындық орталық ашылған болатын. Қазір онда 70-тен аса науқас қызмет алып жатыр. Жартылай стационар бойынша басқарманың әлеуметтік қызметтер порталына 15 ата-анадан өтінім келіп тұр. Осындай қажеттілікке байланысты біз ұсыныс әзірлеп, бұл бағытта қызмет көрсететін орталық ашу үшін оның нормативтерін негізге алып, қала әкіміне ұсыныс берілді. Қазір №1 арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының жанынан 30 орындық оңалту бөлімін ашу үшін тиісті жұмыстар жүргізіліп жатыр, — дейді ол.

Жиында әр тарап өз ойын білдірді. Ең бастысы арнайы шақырылған спикерлердің жауабы шағым айтқан көпбалалы аналардың көңілінен шықты. Шымкент қаласының Адам құқықтары жөніндегі уәкілі Нұржан Абдезов кез келген азаматтың құқығын қорғау жолында талап-тілегі ескерусіз қалмайтынын жеткізді.

 

ШЫМКЕНТТЕГІ 150 МЕМЛЕКЕТТІК , 25 ЖЕКЕМЕНШІК МЕКТЕПТЕРДІҢ АЛДЫНДАҒЫ ЖОЛ СЫЗБАЛАРЫ ЖАҢАРТЫЛДЫ

«Білім беру мекемелеріндегі оқушылардың қауіпсіздігі үшін жауапкершілік» тақырыбындағы сараптамалық талқылау

Бүгін Шымкент қаласы әкімдігінің Өңірлік коммуникациялар қызметінде «Білім беру мекемелеріндегі оқушылардың қауіпсіздігі мен жауапкершілігі» тақырыбында сарапшылық талдау өтті. Іс-шараның мақсаты білім беру мекемелерінде оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтардың алдын алу және олардың саламаттығын қамтамасыз етуде Шымкент қаласының мемлекеттік органдары тарапынан атқарылып жатқан жұмыстарды және ұсыныс-пікірлерді медиа-алаңда талқылау.

Эксперттік жиынға Шымкент қаласының Полиция департаментінен, Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінен, Төтенше жағдайлар департаменттерінен, Білім, Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары және Денсаулық сақтау басқармаларынан салаға жауапты басшылар және БАҚ өкілдері қатысады.

2023 жылдың 31 тамызда ҚР Үкіметінің № 748 Қаулысы шықты. Қаулыда балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау, суицидтің алдын алу және олардың құқықтары мен саламаттығын қамтамасыз ету бойынша арнайы іс-шаралар жоспары бекітілген.

Іс-шара барысында мектеп жасындағы балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқықтарын қорғау бағытында мемлекеттік саясат қалай жүргізілуде және балалардың өмірін зорлық-зомбылықтан қорғау үшін мемлекеттік органдар қандай жұмыстар атқаруда осы және өзге де сұрақтарға жауап алатын боламыз.

Шымкент қаласы бойынша білім беру ұйымдарында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері қатаң бақылауға алынған.

Шымкент қаласы бойынша мемлекеттік негіздегі 150-мектеп, 10-колледж, 71-бала бақша бар. Бүгінгі таңда мемлекеттік білім беру ұйымдарында оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында арнайы талаптарға сәйкес бейне бақылау жүйелері және «SOS» дабыл батырмалары толығымен орнатылған. Орнатылған бейнебақылау жүйелері мен дабыл батырмалары Шымкент қаласының Полиция департаментінің «Жедел басқару орталығына» интеграцияланған.

Одан бөлек қаладағы барлық мектептерге өткізу жүйесі (турникет) 100% орнатылып, I-дәрежелі мамандандырылған күзетпен қамтамасыз ету үшін 100% келісім-шарт түзілген.

Қала аумағында жалпы жеке меншіктегі 111-мектеп, 17-колледж, 533-бала бақша тіркелген. Жекеменшік білім беру ұйымдарында ҚР білім және ғылым министрлігінің 30.03.2022 жылғы № 117 бұйрығында көрсетілген талаптарға сәйкес бейне бақылау жүйелері орнатылған. Алайда орнатылған бейнебақылау жүйелері 54-мектеп, 3-колледж, 8-балабақшада ғана қалалық Полиция департаментінің Жедел басқару орталығына қосылған. Қалған жекеменшіктегі ұйымдарға аталған бағытта ескерту хаттар жолданып, түсіндіру жұмыстары бірнеше рет жүргізілген.

Арнайы бекітілген полиция қызметкерлері оқушылардың сабаққа қауіпсіз келіп кетуін қамтамасыз ету мақсатында күнделікті таңертеңгі, түскі және кешкі ауысым кезінде мектептердің алдында орналасқан жаяу жүргіншілер жолағында қызмет атқаруда.

2022-2023 оқу жылында мектеп ішінде және мектепке жататын аумақта оқушылармен және оқушыларға қатысты қылмыс орын алмаған.

Сонымен қатар, кәмелетке толмағандар арасындағы және оларға қарсы жасалатын құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында полиция қызметкерлері білім беру ұйымдарында оқушылармен кездесулер өткізіп, қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылықтардың заңды жауапкершіліктерін және қоғамдық орындарда, саябақтарда, көшелерде және бөгде адамдармен қарым-қатынас кезінде өзін қалай ұстау керектігі туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Түнгі уақытта ойын-сауық орындарында болатын және бақылаусыз көшеде жүретін балаларды анықтау бойынша түнгі профилактикалық іс-шаралар тұрақты түрде жүргізілуде.

Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы тарапынан 2023-2024 жылдың оқу жылы қарсаңында оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында, Шымкент қаласы бойынша 150 мемлекеттік, жол бойында орналасқан 25 жекеменшік жалпы орта білім беру мекемелерінің алдындағы сызылған жаяу жүргіншілер өтпелерінің жол таңбаларын толығымен жаңартылды.

Сонымен қатар, 12 мектептің алдында орнатылған жасанды бұдырлық техникалық құралы жаңартылып, 5 мектептің алдына ең жоғарғы жылдамдықты шектеу 40 км/сағат, абайлаңыз балалар! жол белгілері орнатылды.

Бұдан бөлек мектептердің алдарындағы жолдардың 95 пайызға жуығына көше жарығы орнатылған.

Пилоттық жоба бойынша Қарабастау тұрғын алабындағы Қамбарұлы көшесінің бойында орналасқан №99 мектеп алдына «vision zero» жоғарылатылған жасанды жол кедергі орнатылды.

Төтенше жағдайлар департаментінің есебінде қаладағы 941 білім беру мекемесі тіркелген. Бұл мекемелерде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау бойынша жүргізілген бақылау мен қадағалау және субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылау ҚР Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүргізіледі.

Қаланың білім беру нысандарында өрт қауіпсіздігін алдын алу мәселелерін жүйелі түрде ұйымдастыру мақсатында ТЖД-да жалпы білім беретін мектептердің, орта кәсіптік оқу орындарының және мектепке дейінгі оқу орындарының оқытушыларын арнайы оқыту практикасын өткізіп отырады. Жыл сайын ТЖ департаментінде білім беру жүйесінің 100-ден аса қызметкері арнайы оқудан өтеді.

Өрт қауіпсіздігін сақтау бойынша 2023-2024 жылдары «Өрт қауіпсіздігі және улы газбен уланудың алдын алу» тақырыбында 12948 оқушыны қамтыған 594 нұсқама жүргізілді,1255 ата-ана қамтылған 28 жиналыс өткізілді, 663 оқушыға өрт сөндірушілердің күнделікті өмірімен техникаларын көрсете отырып, өрт сөндіру бөлімдерінде ашық есік күні ұйымдастырылды, 310 оқушы қамтитын 17 интерактивті сабақ өткізілді және мұғалімдермен оқушыларға 5 рет өрт-тактикалық оқу сабақтары өткізілді.

Департамент қызметкерлері өз бастамасымен өрт қауіпсіздігі тақырыптарында қызықты шығармашылық комикстер, мультфильм әзірлеп, балабақша бүлдіршіндеріне дейін қамтуға тырысуда.

Сондай-ақ, білім басқармасымен бірлесіп қаланың әр мектебінде «Жас құтқарушылар», Оқушылар сарайында «Қауіпсіздік әліппесі» үйірмелері құрылған.

2022 жылдан қазіргі уақытқа дейін білім беру объектілерінде өрт орын алмаған.

Балаларды тиімді тамақтанумен қамтамасыз ету басты бағыт болып табылады, өйткені балалардың денсаулық жағдайы оның тамақтануына тікелей байланысты. 6 жастан 18 жасқа дейінгі кезеңінде дененің қарқынды өсуі байқалады, бұл ақыл-ой мен физикалық белсенділіктің жоғарылауымен бірге жүреді.

Тамақтану рационы тиімді, теңдестірілген, әр түрлі болуы керек және баланың денесінің энергетикалық қажеттіліктерін қанағаттандыруы керек. Дұрыс өсу мен даму үшін әр оқушы мен балабақша тәрбиеленушісі белгілі бір өнімдер жиынтығын алуы керек, яғни «Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» және «Мектепке дейінгі ұйымдарға және сәбилер үйлеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларында көрсетілген өнімдердің белгілі бір жиынтығын алуы керек. Сонымен, рационда аталған өнімдер қамтылуы керек: сүт және сүт өнімдері, сүзбе, ірімшік, ет, балық, жұмыртқа, жарма және макарон өнімдері, өсімдік және жануар майлары, нан және нан өнімдері, көкөністер, жаңа піскен жемістер, табиғи шырындар.

Мектептердің медициналық пункттері ДСӘДМ-нің 05.08.2021 ж. №76 бұйрығына сәйкес шұғыл көмек көрсету үшін төсемдермен, ДСӘДМ диагностикасы мен емдеу хаттамаларына сәйкес, дәрілік препараттармен жарақтандырылған. ММБ және дезинфекциялық ерітінділер жеткілікті мөлшерде бар. Барлық мектептердің медпункттері компьютерлермен жабдықталған және медициналық ақпараттық жүйелермен біріктірілген.

Медициналық пункттердегі оқушыларға медициналық көмекті кеңейтілген немесе жалпы практикадағы орта медицина қызметкерлері, учаскелік медбике, сондай-ақ «Мектеп медицинасындағы мейірбике ісі» мамандығы бойынша оқыған медбикелер көрсетеді.

Оқушылардың денсаулығының қауіпсіздігін сақтау мақсатында мектеп медицина қызметкері келесі іс-шараларды өткізеді:

- профилактикалық медициналық тексерулерге арналған оқушылардың мақсатты топтарының тізімін жасайды;

- оқушылардың тиісті контингентін жоспарлы, маусымдық немесе эпидемиялық көрсеткіштер бойынша вакцинациялауды, егілгендерді бақылауды қамтамасыз етеді;

- салауатты өмір салты маманымен бірлесіп, МСАК ұйымдары салауатты өмірсалтын насихаттау және қалыптастыру бойынша іс-шараларды жүзеге асырады;

- білім беру ұйымдарының психологтарымен және әлеуметтік педагогтарымен бірлесіп психикалық денсаулықты қорғау, темекі өнімдерін тұтынудан, психоактивті заттарды медициналық емес пайдаланудан, құмар ойындарға патологиялық тартудан туындаған суицидтік мінез-құлық пен тәуелділіктің алдын алу жөніндегі жұмысқа қатысады;

- білім беру объектілеріне бекітілген санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес, тәрбиеленушілер мен оқушылардың отыруын бақылауды қамтамасыз етеді.

- шұғыл ауруханаға дейінгі медициналық көмек көрсетеді, тіркелген жері бойынша медициналық ұйымға жолдайды, жедел медициналық жәрдем бригадасын шақырады.

Оқушылардың өміріне қауіп төнген кезде медициналық көмек ата-аналарының (заңдыөкілдерінің) келісімінсіз көрсетіледі, кейіннен оларға көрсетілген медициналық көмек туралы міндетті түрде хабарланады.

Атап өтілгендей, медициналық пунктте мектеп дәрігерінің үнемі болуы талап етілмейді, тек оқушыларды кәсіби тексеру кезінде және түсіндіру жұмыстары кезінде болады.

Бұл ретте оқушылардың ауруы бойынша жоспарлы диспансерлеуді, емдеуді және оңалтуды олар тіркелген МСАК ұйымының жалпы практика дәрігерлері, учаскелік педиатрлар, бейінді мамандары, фельдшерлері мен медбикелері жүзеге асырады.

Отырарлық азамат керамикалық жәдігерлердің үлгісімен кәдесыйлар жасап, сатылымға шығаруда

Шәуілдір аулының тұрғыны Жанұзақ Ерімбетов көне кітаптар мен қолжазбаларды қалпына келтіреді. Ол ескі кітаптардың жыртылған, қырқылған парақтарын жамап, түгендеп береді. Сондай-ақ, ұстағанда үгітіліп тұратын беттерді де ешқандай аппаратсыз-ақ қалпына келтіре алады.

ШЫМКЕНТ: «БАҚЫТТЫ ОТБАСЫ- БАҚЫТТЫ ЖАН» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА СЕМИНАРЛАР ЖАЛҒАСА БЕРЕДІ

Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының тапсырысымен 2023 жылғы 1-ші тамыз және 30 қараша аралығында Шымкент қаласында «Бақытты отбасы-бақытты жан» жобасы аясында 10 семинар-кездесу өткізіледі. Алғашқы семинар 14 қыркүйекте өтті.

Жалпы бұл іс-шараның негізгі мақсаты – қоғамда отбасы институтын нығайту, шағын мемлекет құндылықтарын, дәстүрін сақтау қағидаларының үстемдік етуіне ықпал жасау. Бақытты отбасының әрбір мүшесінің, яғни ата-ананың құқығы, балалардың құқығының сақталуы, өзара сыйластық, тығыз қарым-қатынасты қалыптастыруда психологиялық тұстарды реттеу, тәжірибелі заңгерлер және отбасылық психологтардың қатысуымен мазмұнды іс-шаралар ұйымдастыру.

Әр іс-шараға 30 отбасы мүшелерін қатыстыстыра отырып, отбасыларға қажетті заңгерлік, психологиялық көмектер беру, сауалдарға жауап беру, отбасында туындайтын тұстарды жан-жақты қарастыру және оларды ұтымды мысалдармен, пікір алмасу арқылы бақытты отбасы мүшелерінің өмірлік ұстанымдарымен бөлісу, ортаға салу. Ал жоба аясындағы іс-шараларға көпке үлгі боларлық отбасыларды шақырылады.

Айта кету керек, Түркістан жерінде өткен Ұлттық Құрылтай отырысына қатысқан ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев отбасы мәселесіне тоқталған болатын.

-«Отбасындағы зорлық-зомбылық қоғамдағы келеңсіз және өзекті мәселе болып тұр. Мұндай заңсыз әрекет жасағандар міндетті түрде заң аясында тиісті жазасын алуы керек. Еліміздің болашағы отбасында қалыптасады. Ал отбасы бақытты болса, еліміздің келешегі де жарқын болады. Бала тәрбиесі – ең алдымен, ата-ананың міндеті. Алайда кейде ата-аналар дұрыс тәрбие берудің орнына өздері жағымсыз үлгі көрсетеді. Балалардың тәртібіне бейтарап, селқос қарайды, тіпті, жауапкершіліктің бәрін мектепке, мұғалімдерге жүктейді. Ата-аналар баланы, ең алдымен, мемлекет, Үкімет не қоғам үшін емес, өзі үшін дүниеге әкеледі. Әрбір ата-ана саналы ұрпақ өсіруге баса мән беруге тиіс», - деді Президент.

 

ШЫМКЕНТ: ЗЫЛИХА ЖАНТАСОВАНЫҢ «МЕЙІРІМ МҰНАРАСЫ» КІТАБЫНЫҢ ТҰСАУЫ КЕСІЛДІ

Шымкент қаласында ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің бастамасымен «Кітап Time – 2023» республикалық кітап фестивалі өтуде. Іс-шара аясында бүгін А.Пушкин атындағы қалалық әмбебап кітапхана алаңында кітап көрме-жәрмеңкесі, кітап сыйлау акциясы, жазушы З.Жантасованың «Мейірім мұнарасы» атты жаңа кітабының тұсаукесер рәсімі ұйымдастырылды.

Іс-шараға зиялы қауым өкілдері, ақын-жазушылар, мәдениет қайраткерлері мен қызметкерлері, кітапхана оқырмандары қатысты. Жазушы Момбек Әбдәкімұлы, жазушы-журналист Захардин Қыстаубайұлы жастардың кітап оқуға деген қызығушылығы артқанын атап өтті.

– Бұл кітап фестивалі осыдан 5-6 жыл бұрын басталған еді. Содан кейін біраз үзіліп қалды. Биыл міне, қайта жалғасын тауып отыр. Мен осы кітапханаға жиі келемін. Кітап оқитын жастар көп. Жастардың арасында 2-3 іс-шара ұйымдастырылып, әдебиет мәселелері, жаңа кітапт талқыланып жатады.

Өңірімізден шыққан қаламгерлердің шығармаларын насихаттау, кітап оқуға қызықтыруды мақсат еткен іс-шара жалғасын таба берсін, – деді жазушы Момбек Әбдәкімұлы.

Сонымен бірге, жазушы кітапханаға Шымкент қаласының энциклопедиясы, Шымкент қаласының тарихы, тағы басқа жаңа кітаптарын сыйға тартты.

Сондай-ақ, фестиваль аясында жазушы, филология ғылымдарының кандидаты Зылиха Жантасованың «Мейірім мұнарасы» кітабының тұсауы кесілді. Зылиха Тұрарқызы 50 жылдық мерейтойы қарсаңында төртінші кітабын оқырманға ұсынды.

Тұсаукесер жиынды ҚР мәдениет қайраткері Күлия Айдарбекова жүргізіп отырды. Күлия Смайылханқызы қаламгердің ғалымдығымен қатар, көркем әдеби шығармалар жазып жүргенін, ізденімпаздығына жан-жақты тоқталып өтті.

Жазушы Момбек Әбдәкімұлы, жазушы-журналист Захардин Қыстаубайұлы да З.Жантасованың қаламгерлік қырларына тоқталып, ізгі тілектерін жеткізді.

Отырар ауданы: Қоғам, Қарғалы ауыл округтерінің әкімдері биыл атқарған жұмыстарының есебін берді

Отырар аудандық қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтіп, күн тәртібінде Қоғам, Қарғалы ауыл округі әкімдерінің 2023 жылы атқарған жұмыстарының есебі және Түркістан облыстық мәслихатының 10.07.2023 жылғы №4/42-ҮІІІ шешімінің негізінде жүргізілетін өзгерістер жобасы талқыланды.

QAZINDUSTRY ӨНЕРКӘСІПТІК КӘСІПОРЫНДАРДЫҢ ШЫҒЫНДАРЫН ӨТЕЙДІ

Сіз өнеркәсіпті ынталандыру шараларын қолдана отырып, шығындарыңыздың бір бөлігін мемлекет есебінен өтей аласыз. Олар отандық өнімді ішкі нарыққа ілгерілетуге және еңбек өнімділігін арттыруға бағытталған.

Шығындарды өтеу арқылы кәсіпорындар өз қызметкерлерінің құзыретін арттыра алады, технологиялық процестерді жетілдіріп, цифрлық технологияларды енгізе алады. Сондай-ақ, өз өнімдері мен қызметтерін ішкі нарыққа шығара алады. Бұл шаралар Сіздің кәсіпорныңыздың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға және елішілік құндылықты арттыруға ықпал етеді.

Шығындарды «QazIndustry» Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ өтейді.

Бірінші. Өнеркәсіп кәсіпорындарының басшылары еңбек өнімділігін арттыруға бағытталған шығындарының бір бөлігін өтеу бойынша өтінім бере алады. Атап айтқанда, қызметкерлердің құзыретін арттыруға, технологиялық процестерді жетілдіруге, өндірісті ұйымдастырудың тиімділігін арттыруға, цифрлық технологияларды енгізуге жұмсалған шығындар. Мемлекет шығындардың бұл түрлері бойынша 40 % өтейді (30-дан 60 млн теңгеге дейін).

Екінші. Өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілері өз тауарларын, жұмыстары мен қызметтерін ішкі нарыққа ілгерілету бойынша шығындарды өтеуге өтінім бере алады. Бұл өнімнің сертификаттық және зертханалық сынақтарын, соның ішінде сертификаттарды тіркеу, сынақ нәтижелерін сараптауды жүргізуге кететін және аяқ киім өнімін таңбалауға. Бұл жағдайда мемлекет шығындардың 50% өтей алады (3000-нан 10 000 АЕК-тен аспайтын).

Өтінімдер мен қоса берілетін құжаттар жыл бойы QazIndustry порталында www.qazindustry.gov.kz («бизнесті ынталандыру» бөлімі) онлайн түрде қабылданады.

Мемлекеттік ынталандыру шаралары туралы толығырақ ақпаратты 8 (7172) 79 33 90 (ішкі. 444). байланыс телефоны арқылы алуға болады.

Сонымен қатар, жеке кеңес алғысы келетіндер үшін QazIndustry аптаның әр бейсенбі күні Ашық есік күндерін онлайн және офлайн түрде өткізеді (ашық есік күндеріне қатысу шарттары туралы https://qazindustry.gov.kz/.../2625-den-otkrytykh-dverey... сілтемесі арқылы білуге болады).

Анықтама: Ағымдағы жылдың қаңтар-шілде айларында QazIndustry отандық кәсіпорындардың 186 млн теңгеден астам шығындарын өтеді. Мемлекеттік ынталандыру шараларының арқасында ондаған кәсіпорындар өз қызметкерлерінің құзыретін арттырып, өндіріс көлемдерін және өнім ассортиментін кеңейтіп экспортқа шығуда.

Сізде осы бірегей мүмкіндікті пайдаланып, бәсекеге қабілеттілігіңізді арттырыңыз!

 

 

ШЫМКЕНТТІКТЕР БІР ЖЫЛДА 500 МЫҢ ТОННА АЗЫҚ-ТҮЛІК ТҰТЫНАДЫ

Шымкент қаласының халқы бір жылда жалпы 500 мың тоннаға жуық әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын тұтынады. Оның ішінде, ұн, нан, күнбағыс майы және тауық жұмыртқасымен жергілікті өндірушілер толығымен 100% қамтамасыз етеді.

Сиыр еті бойынша қала өзін 34% қамтамасыз етіп, қосымша қажеттілік Түркістан облысынан тасымалданады, ал тауық еті бойынша қаланың қамту үлесі 20% құрап, қосымша қажеттілік АҚШ, Белоруссия мемлекеттерінен және Алматы қаласынан жеткізіледі.

Сүт өнімдерінің қамту үлесі орта есеппен 40-50% құрап, қосымша қажеттілік Солтүстік өңірлерден және Түркістан облысынан тасымалданады.

Көкөніс өнімдерінің негізгі тасымалданатын өңірлеріне келетін болсақ, картоп Павлодар облысы, Қырғызстан Республикасы, Ресей Федерациясынан, пияз Жамбыл облысы, Өзбекстан Республикасынан, сәбіз Павлодар, Жамбыл, Түркістан облысы, Ресей Федерациясынан, ал қырыққабат Түркістан облысы, Өзбекстан Республикасынан.

Бакалея өнімдері бойынша қарақұмық жармасы Шығыс Қазақстан облысы, Ресей федерациясы, күріш Қызылорда облысы, құмшекер Жамбыл облысы, Ресей федерациясы және ас тұзы Қызылорда облыстарының өндірушілеріне тікелей тәуелді болып келеді.

Аталған өнімдерді «Каис Инвест» ЖШС, «Ас-Ан» ЖШС,«Meir-Trade Dirstibution Company» ЖШС, ЖК «Сидельников» және «Прима Дистрибьюшн» ЖШС секілдіірі дистрибьютерлік желілер қамтамасыз етіп отыр.

Шымкент қаласында жыл басынан баға индексі 103,5 пайызды құрады.

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының баға өсімін алдын-алу шаралары:

- Айналым механизмі және форвардтық шарттар негізінде, халықтың қамту үлесін арттыру;

- Делдалдық қызметті шектеу шаралары;

- Тұрақты түрде азық-түлік жәрмеңкелерін өткізу;

- Айналым механизмі аясында кәсіпкерлік субъектілеріне қарыз қаражаттар беру.

Айналым механизмі және форвардтық шарттар негізінде түзілген өнім көлемдеріне жекелей келетін болсақ:

Күріш – 360 тонна, құмшекер – 2 340 тонна, қарақұмық жармасы – 370 тонна, рожки – 90 тонна, 1 сұрыпты ұн – 2 475 тонна, әлеуметтік нан – 3 270 дана, сиыр еті – 910 тонна, тауық еті – 770 тонна, 1 санатты жұмыртқа – 43,7 млн.дана, ас тұзы – 25 тонна, күнбағыс майы – 330 тонна, сары май – 70 тонна, сүт – 630 тонна, айран – 1 720 тонна, сүзбе – 140 тонна, картоп – 5 540 тонна, пияз – 1 300 тонна, сәбіз – 1 310 тонна, қырыққабат – 1 050 тонна.

Тиісті өнім көлемдері бекітілген сауда орындары арқылы белгіленген бағада сатылып келеді.

Бағаны қадағалау және делдалдық қызметті шектеу мақсатында, құзырлы мекемелермен арнайы комиссия құрылып, жыл басынан 72 комиссия отырысы өтіп, аптасына 2 реттен көшпелі жиналыстар ұйыдастырылып келеді.

Талдау нәтижесімен 70-ке жуық бұзушылық фактілер анықталып,түсіндірме жұмыстарының нәтижесінде кемшіліктер толығымен жойылған.

Сонымен қатар, кәсіпкерлік субъектілерге электрондық шот-фактуралар арқылы хронометраждық зерттеу жүргізіліп, шекті сауда үстемесін 15 пайыздан асырған 26 жеке кәсіпкер әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Апта сайын жергілікті тауар өндірушілерімен шаруа қожалықтарының және көтерме сауда қызметімен айналысатын кәсіпкерлердің қатысуымен қаланың 8 жерінде азық-түлік жәрмеңкелері ұйымдастырылып, күнделікті тұтынатын тауарлар нарықтан 10-15% төмен бағада сатылуда. Жыл басынан бері 300 жәрмеңке өткізілді.

ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 29 шілдедегі №280 бұйрығына 24.05.2023 жылы №201 бұйрықпен бірқатар өзгерістер мен толықтырулар енгізілген.

Қолданыстағы бұйрық негізінде, «Кәсіпкерлік субъектілеріне қарыз беру кезінде бюджеттік қаражаттың 70 (жетпіс) пайызы ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер мен қайта өңдеу кәсіпорындарына бағытталады».

Осы тармақтың бірінші бөлігіндегі талаптарды орындау үшін «Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер мен қайта өңдеу кәсіпорындарынан өтінімдер болмаған кезде, қарыз азық-түлік тауарларын өткізуді жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілеріне беріледі».

Сол себептен, жоғарыда аталған бұйрық талаптарына өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп, Шымкент қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 29 маусымдағы «Шымкент қаласы бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асырудың қағиадаларын бекіту туралы» №1485 қаулысы қабылданып, кәсіпкерлік субъектілеріне қарыз беру механизмі жаңа редакцияда тіркелген қаулы негізінде жұмыс істеуде.

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мақсатында, бюджеттен 8,7 млрд.теңге бөлініп, 200-ге жуық сауда орындарында бірінші қажетті азық-түлік тауарлары нарықтан төмен белгіленген бағада сатылып келеді.

Атап айтқанда, «Магнум» сауда желісінің саны – 31, «Грамад» сауда желісіның саны – 24, ет өнімдерін өндіретін шаруа қожалықтарының нүктесі – 10, ірі базар аумақтарында орналасқан көкөніс өнімдерін сататын жылжымалы сауда нүктесі – 6, халықтың тығыз орналасқан аймақтарындағы үй маңындағы кіші дүкендер – 129.

Басқарма және «Shymkent» ӘКК» АҚ тарапынан қарыз алушы кәсіпкерлік субъектілерінің қызметіне тұрақты түрде мониторинг жұмыстары жүргізіліп тұрады.

Жалпы қала бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тапшылығы жоқ, баға тұрақты бақылауда.