2,5 % жеңілдетілген несие алуға – ден астам шымкенттік жастан өтінім түсті

Шыментте биыл 260-қа жуық жас жеңілдетілген несиеге қол жеткізіп, өз кәсібін дөңгелетуге мүмкіндік алады. Бұл игілікті істер Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жастардың кәсіпкерлігін дамыту үшін жылдық 2,5 пайыз жеңілдікпен микрокредит беру тапсырмасы аясында жүзеге асырылады.

Микрокредит «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ арқылы беріледі. Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы мен «Аграрлық несие корпрациясы» АҚ арасында келісімшарт жасалды. Жауапты басқарманың мәліметінше, бүгінгі таңда жеңілдетілген несие алуға 107 өтінім түскен. Соның ішінде, 56 құжат Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына комиссияның қарауына ұсынылды. Оның 23-і қаралып, 10 адам оң қортындысын алды.

22 мамырда Шымкент қаласы бойынша жастарға микрокредиттер беру мақсатында бизнес-жобаларды іріктеу үшін конкурс комиссиясының келесі отырысы өтеді.

Айта кетейік, жеңілдетілген несиені жаңадан кәсіп ашқысы келетін немесе кәсіпкерлікпен айналысатын 21 жастан 35 жасқа дейінгі азаматтар ала алады.

 

Айта кетейік, биыл Шымкент қаласы бойынша 260 жасқа микрокредит беру жоспарланып, бұл бағытқа 1,3 млрд теңге қаржы қаралып отыр. Жеңілдетілген несиені жаңадан кәсіп ашқысы келетін немесе кәсіпкерлікпен айналысатын 21 жастан 35 жасқа дейінгі азаматтар ала алады. Микрокредит «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ арқылы беріледі. Жастардың кәсібін қолдау бағытында жеңілдікпен қалада 2024 жылы 273 адам жас қамтылып, оған 1 млрд 365 миллион теңге, 2025 жылы 282 жас қамтылып, 1 миллиард 410 миллион теңге бөлінеді деп жоспарлануда. Несие алудың шарттары төмендегідей: - микрокредит мерзімі – 5 жылға дейін, мал шаруашылығы саласындағы жобалар үшін – 7 жылға дейін; - микрокредиттің ең жоғары сомасы – 5 миллион теңгеге дейін; - номиналды сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 2,5 пайыздан аспайды; - Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес, сенім білдірілген өкілге микрокредит алу үшін жүгінген сәтте дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелу мерзімі бес жылға дейінгі кәсіпкерлер; - Кепілдік қою талап етіледі. Сондай-ақ, несиені 1,5 жылдан соң төлеуге болады. Алайда осы уақыт аралығында олар өз кәсібін ашып, оны дамытуға тиіс. Кредит нақты бір салаға арналмаған. Кез-келген кәсіп ашқан жас кәсіпкер, оны жүргізуге көмек ретінде несиеге конкурсқа қатысса болады.


Түркістан: ТЖД қызметкерлеріне Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Тұжырымдама талаптары түсіндірілді

Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлеріне Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Түркістан облысы бойынша департаментінің Превенция басқармасының аса маңызды істер жөніндегі офицері Нұрбеков Нұрболат Молдалыұлы 2022 - 2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат Тұжырымдамасының талаптары мен Заңнамаға енгізілген жаңашылдықтар мен өзгерістер туралы баяндады.

Шардаралық «Жас құтқарушылар» кім мықтыны анықтады

Шардара ауданындағы білім беру ұйымдарында құрылған «Жас құтқарушы» клубтарының арасында ағымдағы жылдың 5 мамыр күні Шардара қаласының Орталық стадионында «Өрт эстафетасы», «Жауынгерлік киім кию», «Жәбірленушіге алғашқы медициналық көмек көрсету және тасымалдау», «Жауынгерлік қанат жаю» түрлерінен жарыс өткізілді.

Түркістан: дауылға қарсы жедел штаб демалыс күндері де күшейтілген режимде жұмыс істейді

Түркістан облысында қатты дауыл салдарынан бірнеше аудан, қалада қауіпті жағдай қалыптасқандықтан Түркістан облысы төтенше жағдайлар департаментінде жедел штаб құрылған болатын. Облыс әкімінің орынбасары Бейсен Тәжібаев штаб отырысын өткізіп, алдағы демалыс күндері қауіпсіздік шараларын күшейтуді, тәулік бойы кезекшілік ұйымдастыруды тапсырды.

Түркістан облысы: қос мереке қарсаңында төтеншеліктер де марапатталды

Түркістан облысы ТЖД салтанатты іс-шара өткізілді. Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының міндетін уақытша атқарушы азаматтық қорғау полковнигі Бақытжан Жақсылықұлы Запаров жеке құрамға ҚР Төтенше жағдайлар министрінің құттықтауын жеткізіп, төтенше жағдайларды жою және адамдарды құтқару жолында аянбай еңбек етіп, еліміздің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге үлкен үлес қосып жүрген өрт сөндірушілерге адал қызметтері үшін алғысын білдірді, мерекемен құттықтады.

Түркістан: жас құтқарушылар арасында жарыс өтті

Түркістан облысы Сайрам ауданы аумағында «Жас құтқарушы» үйірмелерінің жұмысын жандандыру мақсатында Оқу өңдірістік комбинатының КММ-нің алаңшасында өрт құтқару спорты бойынша жас құтқарушылар арасында жарыс өткізілді.

Шымкентте жұмыссыздарға жаңа мүмкіндіктер бар

Шымкентте мүгедектігі бар және пробация қызметі есебінде тұрған азаматтарға жұмыс орындарына квота белгілеу тұрақты түрде жүзеге асырылып келеді. Нәтижесінде 50 ұйымға 227 жұмыс орны бекітіліп, қазіргі таңда, 25 мекемеге 54 мүгедектігі бар адам жұмысқа орналасты.

Қала әкімінің тапсырмасымен 2022 жылы – ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған, пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін 19 мекемеге 53 жұмыс орны бекітілген. Ал пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар бойынша 20 мекемеге 56 жұмыс орны бекітілген. Бүгінгі таңда, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған – 2 азамат, пробация қызметінің есебінде тұрған – 13 азамат жұмысқа орналасты. Атап айтқанда, «Қуатжылуорталық-3» МКК-на 7- азамат, «Алтын Дән» ЖШС-не 3-азамат, «KAZPLAST» ЖШС-не 2-азамат және 1 азамат «Транстелеком» АҚ Шымкент қаласындағы «Шымкенттранстелеком» филиалына жұмысқа орналасты.

Аталмыш шаралардың басты мақсаты – мүгедектігі бар азаматтар мен бас бостандығынан айыру орындарынан босатылғандар, және пробация қызметі есебіндегі азаматтардың жұмысқа орналасуына қолдау көрсету.

Айта кетейік, Шымкент қаласы әкімдігінің «Халықты жұмыспен қамту» орталығы мен «Ten qogam» әлеуметтік қолдау мекемесі бірлесіп тұрақты түрде мүгедектігі бар азаматтар арасында бос жұмыс орындарының жәрмеңкесін өткізіп отырады.

Естеріңізге сала кетейік, күні кеше Шымкент қаласы әкімдігінің «Халықты жұмыспен қамту» орталығында «Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар мен Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру» тақырыбы аясында жиналыс өткізді.

Кездесу Шымкент қаласы прокуратурасы басқарма бастығы Ғалымжан Жаңабаевтың төрағалығымен және Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқарма басшысының орынбасары Мақсат Жолдасбековтың қатысуымен өтті. Сонымен қоса жиынға Әл-Фараби, Абай, Еңбекші және Тұран аудандарының прокуратура өкілдері және Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің мамандары қатысты.
Жиынға «Транстелеком» АҚ, «Жасыл Жер» ЖШС, «Азимут Энерджи Сервисиз», «Оңтүстік Құрылыс Сервис» ЖШС, «Лидер Инвест Строй» ЖШС, «Шымкентцемент» АҚ және басқа да жұмыс беруші мекемелер қатысты. 
Тараптар сотты болған азаматтардың жұмыспен қамтылу, жұмыс берушілердің бөлінген квотаны орындау жағдайын және осы сұрақтар аясындағы проблемалық сұрақтарды талқылады. Бас қосуға «Халықты жұмыспен қамту» орталығының 4 аудандық бөлімшесінің жауапты мамандары толық құраммен қатысқан болатын.

 

 

Халықаралық көрмеде Шымкент туризімінің әлеуеті таныстырылды

Астана қаласында 18 мамырда Qazaqstan Live Fest 2023 халықаралық көрмесі басталды. Бұл көрме Қазақстанның әр өңіріндегі туризм саласының қалай дамып келе жатқанын көрсетеді. Туристік әлеуеті жыл сайын артып келе жатқан Шымкент қаласынан көрмеде Visit Shymkent туристік ақпараттық орталығы, Amanat дизайнерлік киімдер бренді, Dora, Graf қонақ үйлері және «OCA travel», ShymTour туристік-компаниялары шаһардың әлеуетін таныстырды.

Көрме аясында туризм және қонақжайлылық мәселелеріне байланысты екі негізгі блоктан тұратын Travelhub Kazakhstan конференциясы өтті. Бұл іс-шара Шымкент қаласының еліміздегі ірі туристік орталықтардың бірі ретінде қалыптасуына септігін тигізіп, кең мүмкіндіктерге жол ашады.

Тілге тиек етейік, үшінші мегаполисте биыл 12 жаңа туристік нысан ашылады деп күтілуде. Айта кетейік, өткен жылы Шымкент қаласына 9 айдың ішінде 311 895 адам келген. Ал 2021 жылы бұл көрсеткіш 238 197 адамды құраған болатын. Алматы, Астана және Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Түркия, АҚШ, Корея және басқа да елдер мен қалалардан іскерлік, жеке және кәсіптік мақсатта Шымкентке келушілер саны басым. Аталған басқарма биыл туристер санын 400 мыңға жеткізуді жоспарлаған. Бұл ретте, сыртқы байланысты жандандырып, Шымкенттің туристік танымдылығын арттыру мақсатында биылға жоспарланған БАӘ-нің Бас консулдығының ашылуы, Литваның Каунас қаласымен бауырлас қарым-қатынас орнатуы да ықпал етпек. Еске сала кетейік, жазғы кезеңге Шымкенттен Қостанайға, Ақтөбеге, Семейге және Атырауға, сондай-ақ, грузиялық Кутаисиге дейінгі жазғы маусымдық маршруттар қалпына келтіріледі. Сонымен қатар Алматыға, Астанаға, Ақтауға және Шымкент-Дели-Шымкент жаңа бағыты бойынша тұрақты рейстер қазақстандықтарға қолжетімді бағамен мобильді болып қалуға мүмкіндік береді.
Айта кетейік, халықаралық көрме 20 мамырға дейін жалғасады.