Қазығұрт ауданында сейсмикалық жаттығу өткізілді

Төтенше жағдай орын алған кезде  әрбір адам өмірінің және материалдық шығындарына әкеп соғатындықтан, азаматтардың қауіпсіздігін сақтау үшін азаматтық қорғау қызметтерінің дайындықта боулын талап етеді. Осыған орай Қазығұрт аудандық төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссияның өкіміне сай аудан аумағында кешенді оқу-жаттығу жұмыстары жүргізілді.

Шымкент: «Шаңырақ» бағдарламасына өтінімдер қабылданады

 Бағдарламаға қатысуға өтініштерді қабылдау мерзімі 23.05.2023 жылдан бастап сағат 10:00-ден 31.05.2023 жылдың 19:00-ге дейін жүргізілетін болады. Конкурстық пәтерлер Тұран шағынауданында орналасқан 9 қабатты тұрғын үйлерде орналасқан 1,2 және 3 бөлмелі пәтерлер. «Шаңырақ» бағдарламасына тұрғын үй кезегінде тіркелген барлық санаттағы азаматтар қатыса алады. Бағдарлама бойынша 10% бастапқы жарнаны толтырып, жылына 5% мөлшермен 20 жылға несие алуға мүмкіндік бар. Сонымен қатар аталған бағыт шеңберінде тұрғын үй сатып алу барысында банк мақұлдауын алғаннан кейін ипотекалық тұрғын үй қарыздарының бастапқы жарнасының бір бөлігін жабу үшін өтінім жолдай алады.Айта кету керек, Шымкент қаласында бүгінгі таңда 44 мыңнан астам адам үй кезегінде тұр. Жоспар бойынша алдағы уақытта 676 жалдамалы пәтер тапсырылу күтілуде.  Оның ішінде көп балалы отбасылар, әлсіз топ мүшелері, ата-анасының  қамқорлығынсыз қалған балалар да бар. Мегаполис тұрғындарын баспанамен қамту мақсатында қала әкімінің тапсырмасына сәйкес  тұрғын үй құрылысын 1 млн шаршы метрге жеткізу көзделген.  Құзырлылар қалада әлеуметтік несиелік тұрғын үй санын көбейту мақсатында 2026 жылға дейін бюджет есебінен 1 миллион шаршы метрді құрайтын тұрғын үй салынатынын айтады. Қалада әлеуметтік тұрғын үйге сұраныс жоғары. 2022 жылы  198 623 адамды құрады. Оның ішінде 150 мың адам әлеуметтік несие алуға өтініш берген «Отбасы банк» салымшылары болса, 48 623-і әлеуметтік жалдамалы тұрғын үй алу үшін баспана кезегінде тұрған азаматтар. Алдағы 5 жылда осы санаттағы үйлердің шаршы метрін 1 миллионға, яғни, 38 264 пәтерге жеткізу көзделуде. 2022 жылы мемлекеттік бағдарлама есебінен 173 мың шаршы метрден астам баспана пайдалануға берілді. Ал 2021 жылы барлық қаржы көздерінің есебінен қалада 1 млн. шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген. Соның ішінде 140 мың шаршы метрі әлеуметтік үй еді.

Шымкент: ХІХ Азия ойындарына 55 спортшы қатысады

Шымкент спортшылары елімізде, әлемде болатын додаларда жоғары жетістікке жетуде дайындық жұмыстарын жалғастырып жатыр. Оның ішінде, 2024 жылы Парижде өтетін Олимпиада ойындарына лицензияларды жеңіп алу бойынша дайындық жұмыстары қарқын алған. Атап айтқанда, Қазақстан Республикасының Ұлттық құрама сапында 1111 спортшы және Шымкент қаласынының құрама командасы сапында 3813 спортшы техника-тактикалық дайындықтан оқу-жаттығу жиындарында жаттығуда. Оның ішінде, 2023 жылдың қыркүйек айында өтетін ХІХ Азия Ойындарына 55 спортшы қатысады. Шымкент спортшылары әлемдік деңгейдегі жарыстарда қаланың абыройын асқақатып жүр. Күні кеше Ташкентте өткен бокстан әлем чемпионатында Махмұд Сабырхан алтынды қанжығасына байлады.

Бүгінгі таңда, қала спортшылары спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының чемпионаттары мен біріншіліктеріне қатысып, 316 алтын, 268 күміс, 284 қола медаль жеңіп алды. Ал жыл басынан бері өткен Азия чемпионаттарында қала спортшылары 17 алтын, 18 күміс және 17 қолаға қол жеткізсе, осы уақыт арасында Әлем чемпионаттарында 1 алтын, 1 қола медальге ие болды.

Естеріңізге сала кетейік, Шымкент қаласының спортшылары 2022 жылдың осы кезеңінде (1 тоқсан) халықаралық, республикалық спорттық іс-шараларда жоғары нәтижелерге қол жеткізген еді. ҚР чемпионаты, Азия және әлем чемпионаты, әлем кубоктарында жерлестеріміз үздіктер қатарынан көрінді. Атап айтқанда, ҚР чемпионатында 135 алтын, 125 күміс, 123 қола жүлде жеңіп алды. Әлем чемпионатында 1 алтын, 1 күміс, 1 қола, Азия чемпионатында 11 алтын, 3 күміс, 5 қола жүлдеге ие болды. Жыл басынан бері 2 ҚР еңбегі сіңген спорт шебері, 12 халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 52 ҚР спорт шебері және 59 спорт шеберіне үміткер спортшылар даярланды.Қала спортшылары көркем гимнастикадан СШ, СШҮ жастар арасындағы ҚР чемпионатында 5 алтын, садақ атудан ересектер мен жастар арасындағы ҚР чемпионатында 10 алтын, әмбебап жекпе-жектен жасөспірімдер арасындағы ел чемпионатында 11 алтын, комбат джиу-джитсудан ересектер және жасөспірімдер арасындағы ел біріншілігінде 10 алтын жүлдені қоржынға салды.

Сондай-ақ, есепті кезеңде шаһарда көркем гимнастикадан СШ, СШҮ жастар арасындағы ҚР чемпионаты, шорт-тректен, әмбебап жекпе-жектен, грек-рим, еркін және әйелдер күресінен, комбат джиу-джитсудан, пауэрлифтингтен жастар мен жасөспірімдер, ересектер арасында ел чемпионаттары ұйымдастырылды.

Түркістан: «Суға шомылу және өрт қауіпсіздігі» бойынша үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді

Түркістан қаласы Төтенше жағдайлар басқармасы ,МӨСБ-39, полиция қызметкерлері және сектор меңгерушілері бірлесіп Түркістан қаласының Яссы және Бірлік тұрғын үй алқаптарына «Суға шомылу және өрт қауіпсіздігі» бойынша үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.

Қарабастауда жүргізіліп жатқан су құбыры 50 пайызға дайын

Еңбекші ауданындағы Қарабастау тұрғын үй алабын ауыз сумен қамтуда құрылыс жұмыстары жүргізіледі. Бүгін қала әкімі Мұрат Әйтенов Қарабастаудағы су құбырларының құрылысымен танысты. Жалпы 2022 жылы аталған жобаны іске асыру мақсатында су құбыры желілері мен су қабылдау имараттарын қайта жаңғырту жұмыстарына жобалық сметалық құжаттама әзірленіп, сараптаманың оң қорытындысынан соң, мердігер мекемемен келісімшарт түзілген. Қазірмердігер мекеме құрылыстың 50 пайызын аяқтап, ұзындығы 50 шақырымды құрайтын су құбырын жүргізді. Атқарылған жұмыстарды бақылаған Мұрат Дүйсенбекұлы нысан құрылысының сапасына мән беруді және кестеге сәйкес дер шағында орындауды жауапты басшыларға мұқият тапсырды.

Қазіргі уақытта 81 елді мекеннің 78-і (1084,9 мың тұрғын) сапалы ауыз сумен қамтылса етілсе, Құрсай, Сайрам, Қайнарбұлақ елді мекендері кесте бойынша ауыз су тұтынып отыр.

Естеріңізге сала кетейік, бүгінде Шымкент қаласын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету үшін алты объектіде су құбырын тарту бойынша жұмыстар кезең-кезеңімен жүргізіліп жатыр.

Яғни, Қарабастаудан бөлек, Қаратөбе, Абдулабад, Тоғыс, Жұлдыз, Бадам-1, Жыланбұзған, Айнатас, Базаркақпа тұрғын алаптарында халықты ауыз сумен қамтамасыз ету үшін су құбыры желілерін салу жоспарлануда. Қазіргі уақытта 81 елді мекеннің 78-і (1084,9 мың тұрғын) сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілген, ал Құрсай, Сайрам, Қайнарбұлақ елді мекендері кесте бойынша ауыз су алады.

Биыл Шымкент қаласы бойынша ауыз сумен қамтамасыз ету көрсеткіші 98,5% - дан 100% - ға дейін өседі деп күтілуде.

 

Шымкент қаласын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету үшін алты объектіде су құбырын тарту бойынша жұмыстар кезең-кезеңімен жүргізілуде. Бұл-Құрсайдың 1,2-ші кезегі, Қайнарбұлақтың 1,2-ші кезегі, Еңбекші ауданының Сайрам 1,2-ші және 3-ші кезегі. Нәтижесінде 72 мыңнан астам тұрғын орталықтандырылған су құбыры жүйесіне қосылу мүмкіндігіне ие болады.

 

Шымкенттегі «Қатынкөпір» шағын ауданында 37 көшеге асфальт төселеді

Шымкент қалалық Абай ауданына қарасты Қатынкөпір шағын ауданында бүгінде 37 мыңнан аса халық тұрады. Шағын ауданның аумағында 5 302 жеке секторлы үй, 4 мектеп, 4 балабақша, 1 спорт алаңшасы орналасқан. Сондай-ақ, 1 интернет базалық станциясы орнатылған. Аталған аймақ 100% ауыз су, электр желісі және табиғи газбен қамтылған.

Айта кетейік, Қатынкөпір шағын ауданындағы 107 көшенің қазір 70-і асфальтталған болса, 37 көшеге шағал тас төселген. Шағын аудан көшелерін 2025 жылға дейін толық асфальттау жоспарлануда. Мәселен, былтыр Күмісқазық көшесі жөндеуден өтіп, Спатаев, Ирисмет Ата, А.Яссауи көшелері жарықтандырылды.

Келесі 2024 жылы 19 көшеге асфальт жұмыстары жүргізіледі деп күтілуде. Ал 2025 жылы 18 көшеге асфальт төселсе, Қатынкөпір шағын ауданының көшелерді асфальтпен қамтамасыз ету көрсеткіші 100 пайызға жетеді.

Сонымен Қатынкөпір шағын ауданында жөндеуден өтетін көшелер тізімі төмендегідей:

2024 жыл:

1.Құралбаев көшесі

2.Құрабаев көшесінің 1-ші тұйығы

3.Құралбаев көшесінің 2-ші тұйығы

4.Құралбаев көшесінің 3-ші тұйығы

5.Ақбақай көшесінің өткелі

6.Әзірбаев көшесінің өткелі

7.Жас гвардия көшесінің тұйығы

8.Арал көшесінің өткелі

9.Ирисмат ата көшесі

10.У.Юсупов көшесі

11.Қазақбаев көшесі

12.Хан тәңірі көшесінің тұйығы

13.Теміртау көшесі

14.Низами көшесінің тұйығы

15.Жангелдин көшесі

16.Тоқтаров көшесі

17.Дулатов өткелі көшесі

18.Қасқабаев көшесі (0,7 шқ)

19.Үржар көшесі

2025 жыл:

1.Сәтбаев көшесі

2.Юсупов көшесі

3.Қасқабаев көшесі (1,6 шқ)

4.Сейфуллин көшесі

5.Қабылбеков көшесі(0,7 шқ)

6.Сейфуллин көшесінің өткелі

7.Бабыр көшесінің өткелі

8.Балуан Шолақ көшесінің тұйығы

9.Қабылбеков көшесі (0,25 шқ)

10.Спатаев көшесі

11.Ақбақай көшесі

12.Әзірбаев көшесі

13.Сыпырған ата көшесі

14.Яссауи көшесі

15.Дәстүр көшесінің өткелі

16.Теміртау №1 көшесі

17.Теміртау №2 көшесі

18.Айтымбетұлы көшесі

Шымкенттегі Қаратау ауданында биыл 70 көшеге асфальт төселеді

Қаратау ауданында жол құрылысын дамыту мақсатында ауқымды жобалар қолға алынған. Былтыр ауданда 86 шақырым жол асфальталып, 40 шақырымына шағал тас төселген болса, биыл 2023 жылы 70 көше асфальтталады. Сондай-ақ, 38 көшеге шағал тас төселеді. Айта кетейік, аудан аумағындағы 2023 жылдың жол құрылысы жұмыстарына 2,2 млрд.теңге, аяқ жол салуға 200 млн.теңге қаралған.

Жалпы 2021-2025 жылдар аралығында Қаратау ауданы бойынша ұзындығы 441 шақырымды құрайтын 466 көше асфальтталады деп күтілуде.

Төменде Қаратау ауданы бойынша 2023 жылы жөнделетін көшелер тізімі:

БОЗАРЫҚ ТҰРҒЫН АЛАБЫ

Егемен Қазақстан көшесі

Наркеткен көшесі

Дударай көшесі

Алмас қылыш көшесі

Балқадиша көшесі

Айқаракөз көшесі

Өскен өңір көшесі

Ерлік тау көшесі

Көрімдік көшесі

Сұлусай көшесі

Бұгынай көшесі

Шідерті көшесі

Арғынаты көшесі

Бұрма көшесі

Қалқаман мамыр көшесі

Құдырет көшесі

САЙРАМ ТҰРҒЫН АЛАБЫ

Тассай бөлімшесі

Жаңақұрылыс

Атауы жоқ көше №111 мектепке дейінгі

Қырықмазар бөлімшесі Жаңақұрылыс

Жаңақұрылыс-2

ТАССАЙ ТҰРҒЫН АЛАБЫ

Атауы жоқ №1 көше

Атауы жоқ №2 көше

Сынтас көшесі

Науатас көшесі

Адалбақан көшесі

Ботай көшесі

Айқабақ көшесі

Құндызой көшесі

Алтыншоқы көшесі

Кертөбел көшесі

Орманды көшесі

Жарма көшесі

Атауы жоқ №3 көше

Мейрам көшесі

ҰЛАҒАТ ШАҒЫН АУДАНЫ

Марқакөл көшесі

Жүркенов көшесі

Атауы жоқ №, №2, №3 көшелері

Машат көшесі

Қаражол көшесі

ШАҒЫН АУДАНЫ

Қайтпас ш/а Ер Жәнібек көшесі

Азат ш/а Акдала көшесі

Саялы көшесі

Атауы жоқ №1,2,3 көшелері

Қайтпас ш/а Жұмабеков көшесі

Атауы жоқ №1,2,3,4,5,6 көшелері

ТҰРАН ШАҒЫН АУДАНЫ

Атауы жоқ Лексус орталығы артындағы көше

Е.Спатаев көшесі

ТАСКЕН ШАҒЫН АУДАНЫ

Самарқанд көшесі

Ақиқат көшесі

Байсай көшесі

Қызан көшесі

Сандуғаш көшесі

Атауы жоқ №1,2,3 көшелері

Әдемі көшесі

Төресай көшесі

Жүзімдік көшесі

Айнабекұлы көшесі

Кемел көшесі

Қырмызы көшесі

Балқаймақ көшесі.

 

Шымкенттік клуб – ҚР кубогының чемпионы

Футболдан әйелдер командалары арасындағы Қазақстан Республикасы Кубогының ойындары мәресіне жетті. Сәуірдің 20-26 күндері аралығында өткен доп додасында “БИИК-Шымкент” клубының футболшы қыздары жеңіске жетіп, ел кубогы жолындағы жарыстарда қатарынан 14 рет жеңімпаз атанып отыр. Айналмалы жүйе бойынша өткен жарысты қорытындылаған кездесуде жергілікті команда Ақмола облысының “Оқжетпес” клубының ойыншыларымен алаңға шығып, 3:0 есебімен айқын басымдықпен жеңіске жетті. Қала әкімі Мұрат Әйтенов футболға келіп, дүбірлі додада қаламыздың абыройын асқақтатқан спортшыларды арнайы құттықтады.

– Бұл жеңіс барша шымкенттіктер үшін үлкен қуаныш! Бүгінде ұлттық құрамада 7 футболшы қызымыз өнер көрсетеді. Еліміздің әйелдер ұлттық құрама командасы ФИФА рейтингісі бойынша 161 команданың ішінде 76 орында тұр. Бұл біз үшін үлкен мақтаныш, - деді М.Дүйсенбекұлы.

 “БИІК-Шымкент” клубының бас жаттықтырушысы Александр Семеновтың айтуынша, кубоктық бәсекенің кездесулерінің барысы алдағы кезде өтетін ел чемпионатында және 2023-2024 жылғы УЕФА чемпиондары лигасының ойындарында күш сынайтын команда құрамын анықтауға, олардың дайындығын жан-жақты пысықтауға мүмкіндік берді. «БИИК- Шымкент» командасы 2012 жылдан бері еліміздің атынан УЕФА чемпиондар лигасында өнер көрсетіп, үздік нәтижелерге қол жеткізіп келеді. УЕФА «Чемпиондар лигасы» ойындарында Германияның «Франкфурт», «Бавария», Испанияның «Барселона», Италияның «Верона», Францияның «ПСЖ» клубтарымен тең дәрежеде өнер көрсетуі - команданың әлемдік футболдағы мәртебесін арттыра түсті деуге болады.

Еске сала кетейік, Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауындағы бұқаралық спортты дамытуға бағытталған кешенді бағдарламасын жүзеге асыру тапсырмасына сәйкес, Шымкент қаласы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылған “Шымкент жастар лигасы” жобасы жалғасуда.



Шымкент: Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратының кәсіподақ ұйымы есеп берді

Шымкент қаласының Әл-Фараби ауданы әкімінің аппараты мемлекеттік мекемесі мен кәсіподақ комитеті арасында 2022-2026 жылдарға арналған ұжымдық шарт жасалып, Шымкент қаласының мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасынан қайта тіркеуден өтті.

Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратында штат бойынша 73-ті құрайды, оның ішінде мемлекеттік қызметшілер саны – 29, келісім-шарт негізіндегі қызметшілер саны – 44 және бастауыш кәсіподақ ұйымына ай сайын 70-80 мың теңге көлемінде қаржы түсіп отырған.

Яғни, мүшелік жарнаның 70%-і Әл-Фараби ауданы әкімі аппараты мемлекеттік мекемесі бастауыш кәсіподақ ұйымының кәсіподақ комитетіне беріледі, ал 30%-і қызмет көрсету мақсатында «Қызмет» салалық кәсіподағы қоғамдық бірлестігі Шымкент қалалық филиалында қалады.

Бастауыш кәсіподақ ұйымының жарғысына сәйкес кәсіподақ жарнасынан жиналған қаржы жалпы жиналыстарда қаралып, әр мәселені пысықтап, ол бойынша хаттама жасап, тиісті қаулы қабылдап, орынды жұмсап, актілері жасалып отырған.

Бастауыш кәсіподақ ұйымы атқарған жұмыстары мен жұмсалған қаржылар туралы аппараттың ұжымы алдында тұрақты есеп беріп отырады.

Есепті мерзім ішінде мекеменің 6 қызметшісіне әлеуметтік-материалдық көмек ретінде 314,0 мың теңге бөлініп, Түркістан облысының Сарыағаш ауданында орналасқан «Қазақстан KZ» емдеу шипажайына тегін жолдама берілген және бұл осы мемлекеттік органда алғаш рет қолға алынған үрдіс болған.

Оның бастамасы «Қызмет» салалық кәсіподағы қоғамдық бірлестігі Шымкент қалалық филиалынан 2 қызметкерге 30,0 мың теңге әлеуметтік-материалдық көмек беруден бастау алған.

Сонымен бірге, 2022 жылы «7 мамыр - «Отан қорғаушылар» күніне орай, мерекелік дастархан жасау үшін 75920 теңгесін жаратып, қызметкерлерге мерекелік көңіл-күй сыйлаған іс-шара өткізген.

Сондай-ақ, «Отбасы күні» мерекесіне орай ұжымның үлгілі отбасылары марапатталып, сый-құрмет көрсетілген.

Кәсіподақ ұйымының 644,0 мың теңге қаржысына 2023 жылдың жаңа жылдық іс-шарасын ұйымдастырған.

Жыл басында «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» атты аязды күндері қар тазалап жүрген коммуналдық қызметкерлерге ыстық тамақ тарату акциясын 4 күн бойы өткізіп, күндігіне 120 қызметкерлерді ыстық тамақпен тамақтануға көмектескен. Акция аясында тұрғындарды өз ауласын қардан тазалауға шақырып, сенбілік жұмыстарын белсене атқарған.

Ұжымда қызметін адал және үлгілі атқарып жүрген қызметшілердің ерен еңбектері еленіп, бірқатар марапаттаулар тапсырылып, сый-құрмет көрсетілген.

2023 жылдың мамыр айында 383000 мың теңге қаржыға «ТИМБИЛДИНГ» шарасы ұйымдастырылған.

Ия, Шымкент қаласының Әл-Фараби ауданы әкімі аппараты мемлекеттік мекемесі бастауыш кәсіподақ ұйымының кәсіподақ комитеті ашықтық пен әділдікті ту етіп, осындай игі істерді атқарып, көшбасшы кәсіподақ ұйымына айналып отыр.

Шымкентте 4 айда 18 мыңнан астам жас ана бала туғаны үшін бір ретік және оның бір жасқа дейінгі күтіміне тиісті жәрдемақысын алған

 

«Азаматтарға арналған үкімет» Шымкент қалалық филиалының өкілдері «отбасылық» ең танымал ТОП-3 қызмет бойынша ақпаратты ұсынды. Олар – баланың туылуын тіркеу, жүктілік пен босануға байланысты табысынан айырылғаны үшін әлеуметтік төлем тағайындау, баланың туылуына және оның бір жасқа дейінгі күтіміне жәрдемақы тағайындау қызметтері.

Биылғы жылдың 4 айында Шымкенттегі халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы сәбидің 3 мыңнан астам туу туралы куәлігі берілген, 18 мыңнан астам жас ана бала туғаны үшін бір ретік және оның бір жасқа толғанға дейінгі күтіміне тиісті жәрдемақыларды алған, ал 7 мыңнан астам әйелге жүктілігі мен босануына байланысты табысынан айырылғаны үшін әлеуметтік төлем тағайындалған.

Аталған қызметтерді халыққа қызмет көрсету орталықтарында ғана емес, сонымен қатар SMS көмегімен де ресімдеуге болады, ол үшін мобильді азаматтар базасында тіркелу қажет.

Баланың туылуына байланысты проактивті қызмет түрі – жас аналар үшін жақсы мүмкіндік. Бала дүниеге келгеннен кейін ата-анаға бірден құттықтау SMS-хабарламасы, сондай-ақ сәбидің тууын тіркеу бойынша мемлекеттік қызметті алу туралы ұсыныс келеді. Электрондық үкіметтің порталы барлық ақпаратты мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен алады, ал жетіспейтін ақпарат қызмет алушыдан SMS хабарлама арқылы сұратылады. Осылайша, жыл басынан бері 9 мыңнан астам шымкенттік отбасы баланың туылуына қатысты қызметтерді проактивті түрде алған.

Айта кетейік, жас аналар баланың тууы және оның күтімі бойынша жәрдемақысын тұрғылықты жеріне қарамастан, елдің кез келген ХҚКО-сында рәсімдей алады. Сонымен қатар, қызметі тегін банк қосымшалары арқылы тапсыруға болады. Бұл қызметті кез келген уақытта рәсімдеуге болады, бірақ бала туғаннан кейін бір жыл ішінде өтініш білдіру қажет.