Шымкент: Асар-2 шағынауданының көшелері асфальтталуда

Шымкент қаласының 2021-2025 жылдарға арналған даму жоспарына сәйкес мегаполистің ішкі орам көшелерін жөндеуден өткізуге басымдық берілген. Осыған орай, шағын аудандар мен тұрғын алаптар инфрақұрылыммен қамтылып, өз кезегінде жұмыстар жүйелі атқарылуда.

Бүгінгі күні Асар-2 шағын ауданы аумағындағы Күншоғыр көшелері орташа жөндеуден өтуде. Аталған шағын ауданның 4 көшесіне 2 қабат асфальт төселеді. Көшелердің жалпы ұзындығы - 1,2 шақырымды, ені 5 метрді қамтыса, жаяу жүргіншілерге арналған жолдың ені – 1,5 метрге жеткізілді.

Айта кетейік, Шымкент қаласы бойынша 2023 жылы орташа жөндеу жұмыстары 236,3 шақырымды құрайтын 297 көшеге жүргізілу жоспарлануда. Сондай-ақ, жолдардың жақсы және қанағаттанарлық деңгейі 2022 жылы 67,4% пайызды құрады. Ал 2023 жылы 71,2% пайызға жеткізу жоспарланып отыр.

Естеріңізге сала кетейік,2022 жылы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы тарапынан 190 нысанда жол-құрылыс жұмыстарын жүргізілді. Оның ішінде: 2 нысан жолайрықтың құрылысы (Рысқұлов-Қонаев, Бәйдібек би-Арғынбекова) 13 нысанда жаңа жолдардың құрылысы (Қонаев 1,2,3,5,6 кезеңдері, Оңтүстік,Шығыс айналма жолы, Самал-1,2,3 кезеңдері, Өтегенов көшесінің 1,2 кезеңі жол құрылыс жұмыстары), 5 нысанда қайта құру жұмыстары (А-2 2,4,7,8 кезеңдер, Адырбеков көшесі), 3 нысанда күрделі жөндеу (Ақжайық, қайтпас, Тассай «Алемтрансжол» шағын аудандарын және Қошқар-ата өзені арқылы өтетін 2 көпірді күрделі жөндеу).

Қаланың магистралды көшелері мен ішкі орам көшелеріне орташа жөндеу жұмыстары 308 көшеге жүргізілді.

Жылдың ірі нысандар бойынша Қонаев даңғылы 3 кезеңі, Қонаев-Рысқұлов жолайрығының құрылысын және Самал-1,2,3, шағын ауданындағы жол құрылыс жұмыстарды аяқтау жоспарланған еді.

Күрделі жөндеуден 3 нысанның құрылысы да 2022 жылы аяқталды.

Орташа жөндеу жұмыстары бойынша барлық нысанда жұмыстар толық көлемде аяқталды. Оның ішінде магистралды 10 көше (Республика, Рысқұлов, Иляев, Тәшенов, Ақназар хан, к. Цеткин, Жолан батыр, Дулати, Мангелдин, Тоқаев) бар.

Шымкент: Биыл Тұран шағынауданы табиғи газбен толық қамтылады

Шымкент қаласы Тұран ауданының аумағында орналасқан 6 нысанға газ құбырларын жүргізу жұмыстары межеге сай жүргізілуде. Олар Тассай, Тұран 3-ші кезек, Асар-2, Сауле шағын ауданы, Солтүстік саяжай, Бозарық аталатын нысандар.

Сонымен Тұран шағын ауданын газбен қамтамасыз ету мақсатында жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстарының 3-кезегі биыл аяқталатын болады. Мердігер мекеме 2022 жылдың мамыр айында ішкі орамдық жүйелердегі нысан құрылыстарын бастап, қазіргі күнге дейін жұмыстың 95 пайызын орындаған.

Жоба бойынша Тұран шағынауданында 2 554 тұрғын үй 2023 жылдың маусым айында табиғи газға қосылу мүмкіндігіне ие.

Нәтижесінде биыл Тұран ауданының табиғи газбен қамтылу көрсеткішін 94%-дан 96%-ға жеткізу күтілуде.

Айта кетейік, бүгінгі таңда қала тұрғындарын табиғи газбен қамту деңгейі 93 пайызды құрайды. Бұл көрсеткішті 2025 жылға қарай 100 пайызға жеткізу көзделуде. Ал биыл 94,7 пайызға жеткізіледі. Оған жаңадан іске қосылған №3 газ тарату стансасы толық мүмкіндік береді.

«ҚазТрансГаз» компаниясының өкілі Ж.Қуанышбековтың мәліметінше,  бүгінге дейін 5 мыңға жуық тұрғын техникалық шарт алып үлгерген, газға қосу жұмыстары күзге дейін жалғаспақ.

– Техникалық шарт тегін беріледі. Тұрғындар лицензиясы бар кез келген мекемемен келісімшартқа тұрып, монтаждау жұмыстарын жүргізуге құқылы. Ең басты талап – жер учаскесінің мемлекеттік актісі мен үйдің техникалық паспорты қажет. Өкінішке қарай, көптеген үйдің тиісті құжаттары жоқ. Сондықтан, тұрғындар арасында түсінбеушілік туындауда. Құжат дұрыс болмай, газды қоса алмаймыз. Өйткені қауіпсіздік – бірінші кезекте, – деді Жеңіс Бауыржанұлы.
Айта кету керек, бүгінгі таңда Батыс, Тассай, Арғымақ, Ақтас, Нұртас, Ақтас-2, Ақжар, Көкбұлақ, Тұран елді мекендерінде газ желісінің құрылысы жүруде. Келесі кезекте Сәуле, Ақтас (магистралка), Тұран, Асар-2, Солтүстік саяжай елді мекендері тұр.

 

Шымкентте мемлекеттік бағдарламамен 1200 отбасы баспаналы болды

Шымкентте өткен жылы тұрғын үйге мұқтаж 1641 азамат несиелік баспанаға қол жеткізген болатын. Ал биыл мегаполисте жыл басынан бері баспана кезегінде тұрған 1293 азаматқа жаңа пәтердің кілті табысталды. Қоныс тойын тойлаған шымкенттіктер пәтер құжатын ипотекалық негізде «Отбасы банк» арқылы рәсімдеді. Оның ішінде, 1047 пәтер «5-20-25» бағдарламасы, 246 пәтер «2-10-20 Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша берілді. Атап өтсек, бағдарламаға тұрғын үй кезегіне тіркелген «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған көпбалалы отбасылар, жетім және ата анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, ерекше бала тәрбиелеп отырған отбасылар, сонымен қатар 1 және 2 топ түгедектігі бар азаматтар қатыса алады. Елімізде тұрғын үймен қамтамасыз ететін мемлекеттік бағдарламалардың тиімділігі зор. Мәселен, «Бақытты отбасы» бағыты бойынша жылдық 2%-дан аспайтын сыйақы мөлшерлемесімен, бастапқы жарна 10 %-дан кем емес мөлшерде 20 жылға тұрғын үйді сатып алуға несие беру қарастырылған. Ал, «5-20-25», «Шаңырақ» пилоттық жобасы бағыты бойынша тұрғын үйге мұқтаж азаматтар тізімінде кезекке тіркелген кез келген азаматқа өтінім беруге мүмкіндік бар.

Осы тұста айта кетейік, Биылдан бастап Шымкент қаласында тұрғын үй кезегі бойынша арнайы санаттарға жатпайтын азаматтардың да баспанамен қамтылуына мүмкіндік қарастырылатын болады. Іске қосылатын «Қамқор» өңірлік бағдарламасы арқылы алғашқы кезеңде 150 адамды пәтермен қамту жоспарланып отыр. Биыл мегаполисте халықты баспанамен қамту жұмыстары қарқынды жүргізіледі. Көпбалалы аналар мен жетім балаларға, әлеуметтік осал топтағы азаматтарға, жастарға жыл соңына дейін 2 мың пәтер беру жоспарланып отыр.

“Жылдан жылға қалада халық саны артуына байланысты баспанаға мұқтаж азаматтар көбейіп келеді. Осыны ескере отырып, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын “Қамқор ” бағдарламасын іске қостық. Қала бюджетінің артуына орай, бұл бағдарламамен пәтерлі болатындар саны да жыл сайын көбейіп отыратын болады” – деді қала әкімі.




Түркістан облысы ТЖД бастығы Нұрғали ЖҮНІСОВ: «Жас құтқарушылардың қала, аудан деңгейіндегі жарыстары өткізілді»

Елімізде қызметі халық үшін аса қажетті, соған қарамастан еңбектері ауыр, жылдың төрт мезгілінде де тілсіз жау – отпен, ағын сумен, қыста боран, жазда дауылмен алысып жүретін, халықтың басына іс түссе бәрінен бұрын жететін мамандық иелері бар. Олар Төтенше жағдайлар қызметі.Ел тұрғындары үшін өткен барыс жылы ауыр болғаны сөзсіз. Әлеуметтік, эко­номикалық саладан бөлек, төтенше жағдай мәселесі ушыға түскен еді. Жағымды жаңалық көптеп орын алғанымен, техногенді апат салдарынан ел-халық едәуір зардап шекті. Кез келген қоршаған ортада табиғаттың тосын әрекетіне дайын болу керек. Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы, азаматтық қорғау полковнигі Нұрғали Сырлыбайұлы ЖҮНІСОВ мырзамен әңгімеміз осы төңіректе өрбіді.

Түркістан облысында су тасқыны бойынша жағдай тұрақты бақылауды

Қазіргі таңда Түркістан облысы аумағында су тасқынынан келер қауіп жоқ. Жағдай қалыпты, тұрақты бақылауда. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Нұрғали Жүнісов мәлімдеді.

Сайрамда өрт қауіпсіздігі және улы газдан уланудың алдын алу бойынша рейд жүргізілді

Сайрам ауданы Төтенше жағдайлар басқармасы қызметкерлері, № 6 ӨСБ –нің қызметкерлері, Ақбұлақ ауылы әкімдігінің қызметкерлері бірігіп, «Өрт қауіпсіздігі» және «Улы газдан уланудың алдын алу» бойынша рейдтік іс-шаралар жүргізді.

Түлкібастық төтеншеліктер мен өрт сөндірушілерге сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша тсүіндірме жүргізілді

"Аманат" партиясы Түлкібас аудандық филиалының төрағасы Қ. Еркебаев "Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жол бермеу" тақырыбында Түлкібас ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі мен №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлеріне түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Арыста өрт қауіпсіздігі шараларын сақтау бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді

Арыс ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері мен М. Ғабдуллин атындағы азаматтық қорғау академиясының 4 курс курсанттары: С.Байқозы, Е.Тоғанбай және Арыс қаласы «Ішкі саясат бөлімі» ММ-і «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің қатысуымен «Тұрғын үй секторында өрт қауіпсіздігі шараларын сақтау» бойынша қала тұрғындарының үй иелеріне барып, арнайы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Сарыағашта төтеншеліктер оқу-жаттығу өткізді

 

Түркістан облысы Сарыағаш ауданының төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері, №4 Ю.Гагарин атындағы жалпы орта білім беру мектеп ұжымы, аудандық медициналық және қоғамдық тәртіп сақшыларымен бірлесіп, Сарыағаш ауданының эвакуациялық комиссиясының төрағасы, аудан әкімінің орынбасары Н.Талипов қатысумен “Эвакуациялық қабылдау №7 пунктінде” зардап шеккен адамдарды қабылдау бойынша оқу-жаттығу өткізілді.