Жезқазған қаласының ардагерлері Түркістанның мәдениеті және руханиятымен танысты
Ұлытау облысы, Жезқазған қаласынан Ардагерлер кеңесінің төрағасы бастаған 15 ардагер Түркістан қаласына арнайы сапармен келді. Сапар барысында қонақтар Түркістан қаласының ардагерлерімен және ақсақалдарымен кездесіп, өзара пікір алмасты. Кездесуде аға буынның қоғамдық өмірдегі орны, жастар тәрбиесіне қосып отырған үлесі және ұлттық құндылықтарды дәріптеу бағытындағы жұмыстар сөз болды.