Көне тамыр. Жаңа тыныс. Жарқын болашақ. Бұл – Түркістан!
Тарихы терең, тағылымы мол, руханияты биік, келешегі кемел Түркістан – қазақ халқының ғана емес, күллі түркі дүниесінің жүрегіне айналған қасиетті мекен. Ғасырлар қойнауынан сыр шерткен көне шаһар бүгінгі таңда жаңа дәуірдің жарқын келбетін қалыптастырып, өткеннің өнегесін болашақтың бағдарына айналдырып келеді.