Super User

Super User

Түркістан қаласында тұрғындардың бос уақытын тиімді өткізуі мен жайлы демалысын қамтамасыз ету мақсатында жаңа жағажай ашылды

Түркістан қаласындағы Орталық Азияда теңдесі жоқ Есу арнасында суға шомылуға арналған жаңа жағажайдың ашылуы өтті. Іс-шараға Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Аманжол Бақытжанұлы қатысып, жаңа демалыс орны тұрғындардың бос уақытын тиімді өткізуі мен жайлы демалысын қамтамасыз ету мақсатында ашылғанын атап өтті.

Түркістанда Ұлттық мәдениетті насихаттауға бағытталған «Шәмші әндері» өнер фестивалі мәресіне жетті

Түркістан қаласындағы «Керуен сарай» туристік кешенінде қазақ музыкасының көрнекті өкілі, ән падишасы, Қазақстанның Халық әртісі Шәмші Қалдаяқовтың шығармашылығын ұлықтауға арналған «Шәмші әндері» өнер фестивалі өтті.

Түркістанда ойын алаңшалары мен жасыл желектерді күтіп ұстау жұмыстарына ерекше көңіл бөлініп келеді

Тұрғындарға қолайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыру бағытындағы абаттандыру жұмыстары тұрақты түрде жалғасуда. «Жасыл Түркістан» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері балалар ойын және спорт алаңшаларын күтіп-баптау, жөндеу және қайта қалпына келтіру жұмыстарын, сондай-ақ көше бойындағы ағаштарды санитарлық қырқу, қураған ағаштарды тазалау және газондарды шабу жұмыстарын күнделікті атқаруда.

Осы RSS каналға жазылу