Super User

Super User

Созақ ауданының әкімі тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады

Аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков тұрғындарды жеке мәселелері бойынша кезекті рет қабылдап, азаматтардың өтініштері мен ұсыныстарын тыңдады. Жеке қабылдауға келген аудан тұрғындары тұрғын үймен қамтамасыз ету, жұмыспен қамту, әлеуметтік қолдау, жер қатынастары және өзге де өзекті мәселелер бойынша сауалдарын қойып, ұсыныс-пікірлерін жеткізді.

Шолаққорған ауылдық округінде 13 көшеге асфальт жабындысы төселуде

Созақ ауданында тұрғындардың жайлы қатынасын қамтамасыз ету мақсатында елді мекен ішілік жолдарды жөндеу жұмыстары қарқынды жалғасуда. Қазіргі таңда Шолаққорған ауылдық округінде жалпы ұзындығы 8,635 шақырымды құрайтын 13 көшеге асфальт жабындысын төсеу жұмыстары жүргізілуде. Бүгінде Жеткіншек мөлтек ауданындағы А.Төребеков, Атауы жоқ №1, С.Төлендіұлы және Атауы жоқ №2 көшелеріне асфальт төселіп жатыр.

Созақ ауданының орталығында кең көлемді тазалық жұмыстары ұйымдастырылды

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында аудан орталығында кезекті сенбілік ұйымдастырылып, тұрғындар қоршаған ортаны таза ұстау ісіне белсенді атсалысты.

Созақ ауданы: әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштер талқыланды

Созақ ауданының әкімі Мұхит Тұрысбековтің төрағалығымен ауданның әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштеріне арналған мәжіліс өтті. Жиын барысында аудан әкімдігінің экономика және қаржы бөлімінің басшысы Ербол Айдарбеков баяндама жасап, биылғы жылдың әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары мен негізгі индикаторлардың орындалу барысына тоқталды.

Осы RSS каналға жазылу