Созақ ауданы: жауын-шашынға қатысты жағдай тұрақты бақылауда
«Қазгидромет» ұсынған болжамға сәйкес алдағы күндері жауын-шашынның мол түсуі күтілуіне байланысты Созақ ауданында алдын алу және дайындық шаралары толық қамтамасыз етілді.
«Қазгидромет» ұсынған болжамға сәйкес алдағы күндері жауын-шашынның мол түсуі күтілуіне байланысты Созақ ауданында алдын алу және дайындық шаралары толық қамтамасыз етілді.
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында Созақ ауданында елді мекендердің санитарлық тазалығын қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар жалғасуда.
Созақ өңірінде Астана күні мерекесі қарсаңында тұрғындардың қуанышын еселеген ерекше сәт орын алды. Аудан орталығындағы Жеткіншек мөлтек ауданында 25 отбасыға жаңа пәтердің кілті табысталды. Әлеуметтік осал санаттағы азаматтар мен көпбалалы отбасылардың бірі ұзақ күткен кезектің өтеуін көрсе, енді бірі балаларының болашағына берік тұғыр болатын жаңа шаңыраққа қол жеткізді.
Созақ ауданы әкімінің тапсырмасына сәйкес аудан әкімінің орынбасары Серік Маманов Тайқоңыр елді мекеніне арнайы барып, тұрғындармен кездесті. Ашық форматта өткен кездесуде елді мекен тұрғындарын толғандырған инфрақұрылымдық мәселелер жан-жақты талқыланып, шешу жолдары нақтыланды.