Super User

Super User

Созақ ауданында өрт қауіпсіздігі бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Өрт қауіпсіздігін сақтау және төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Іс-шара барысында Созақ ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі, Шолаққорған ауылдық округі әкімі аппараты және аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің мамандары асханалар, кәсіпкерлік нысандар мен жанармай құю бекеттерін аралап, өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталу барысына назар аударды.

Созақ ауданында Қазақстан полициясы күніне арналған салтанатты жиын өтті

Аудандық орталық кітапханада Қазақстан полициясы күніне арналған салтанатты жиын өтті. Іс-шара аясында құқық қорғау саласының ардагерлері мен қызметкерлері бас қосып, «Созақ сақшылары» атты жаңа кітаптың тұсаукесер рәсімі ұйымдастырылды.

Созақ ауданында кәсіпкерлерге арналған көшпелі консультациялық кездесу өтті

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Қайыпбек Қанат Әбдіразақұлының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Кәсіпкерлік субъектілерін мемлекеттік қолдау шараларының қолжетімділігін арттыруға бағытталған «Мобильді фронт-офис» жобасы аясында көшпелі консультациялық кездесу ұйымдастырылды.

Созақ ауданында медицина қызметкерлерінің мерейі ұлықталды

Аудандық «Мыңжылқы» мәдениет сарайында Медицина қызметкерлері күніне арналған салтанатты жиын өтіп, адам жанының арашасы болған ақ халатты абзал жандарға құрмет көрсетілді. Мерекелік шараға аудан әкімінің орынбасары Алтын Ешанқұлова, аудандық мәслихат төрағасы Ордабек Жәмиев, Созақ аудандық орталық ауруханасының басшысы Нұрлан Бердимуратов, медицина саласының ардагерлері мен қызметкерлері қатысты.

Осы RSS каналға жазылу