Отырар ауданында «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында «Таза су айдындары» акциясы өткізілді
«Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында «Таза су айдындары» акциясы Сырдария өзені жағалауында ұйымдастырылып, кең көлемді тазалық жұмыстары жүргізілді. Аталған шараның басты мақсаты – су айдындарының тазалығын сақтау, қоршаған ортаны қорғау және тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру.