Шымкентте 4 миллионға жуық консультациялық-диагностикалық қызмет көрсетілді
Бүгінде компьютерлік және магниттік-резонанстық томография, зертханалық зерттеулер және бейінді мамандардың консультациялары халық арасында жоғары сұранысқа ие медициналық қызмет түрлері. Биылғы жылдың 5 айында Шымкент қаласында тұрғындарға МӘМС аясында 4 миллионға жуық консультациялық-диагностикалық қызмет көрсетілген.