Super User

Super User

Түркістан: қазақ даласындағы тарихта есімі қалған аналар дәріптелді

Түркістан қаласындағы «Достық үйінде» облыстық әкімдіктің және Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасының ұйымдастыруымен «Қазақ даласындағы тарихта есімі қалған аналарымыздың келбеті және ұрпақ тәрбиесіндегі рөлі мен орны» тақырыбында ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Түркістан облысы: Созақта «Жасыл болашақ» экологиялық акциясы өтті

Аудан көлемінде Таза Қазақстан жалпыұлттық бағдарламасы аясында «Жасыл болашақ» экологиялық акциясы өтіп, ауқымды сенбілік жұмыстары ұйымдастырылды. Игі бастамаға барлық мекеме қызметкерлері, белсенді жастар мен ауыл тұрғындары белсене қатысып, туған жердің тазалығы мен көркеюіне өз үлестерін қосты.

Түркістан облысында «TAZA QAZAQSTAN» бағдарламасы аясында бір күнде 20 мың ағаш егілді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасы аясында Түркістан облысында экологиялық акция ұйымдастырылды. Аталған шара Түлкібас ауданындағы «Ақсу-Жабағылы» мемлекеттік табиғи қорығының 100 жылдығына орай қорық аумағында өтіп, «Taza Qazaqstan» экологиялық акциясы аясында Қазақстан Республикасы Президентімен телекөпір байланысы орнатылды.

Түркістан облысы: Арыста «Жасыл болашақ» ұранымен жалпықалалық сенбілік ұйымдастырылды

Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Арыс қаласының Стадион тұрғын ауданындағы қыр беткейінде «Жасыл болашақ» ұранымен жалпықалалық сенбілік ұйымдастырылды. Игі шараға қала әкімі Қайсар Маңқараевтың бастауымен ардагерлер, мемлекеттік қызметкерлер, теміржолшылар, депутаттар, түрлі мекеме ұжымдары, ерікті жастар және қала тұрғындары белсенді қатысты.

Осы RSS каналға жазылу