Созақ ауданында «Қос асылдың ізі» атты волейболдан республикалық турнир ұйымдастырылды
Созақ ауданына қарасты Құмкент ауылында елге еңбегімен еленіп, халқына адал қызмет еткен қос бірдей азамат – «Парасат» және ІІІ дәрежелі «Барыс» ордендерінің иегері Қайрат Шерәліұлы Беркінбаев пен ІІ дәрежелі «Айбын» орденінің иегері, полиция аға лейтенанты Тайыр Шералиевті еске алуға арналған «Қос асылдың ізі» атты волейболдан республикалық турнир ұйымдастырылды.