Сауран ауданы: Майданталда жаңа футбол және балалар ойын алаңшалары ел игілігіне берілді

Сауран ауданына қарасты Майдантал елді мекенінде жаңа футбол алаңшасы мен балалар ойын алаңшасының ашылу салтанаты өтті. Іс-шараға аудан әкімі Мақсат Таңғатаров қатысып, тұрғындарды жаңа нысандардың пайдалануға берілуімен құттықтады. Жоба аясында аумағы 800 шаршы метрді құрайтын футбол алаңшасы және 150 шаршы метрлік балалар ойын алаңшасы салынды. Аталған нысандар ауыл тұрғындарының бос уақытын тиімді ұйымдастыруға, балалар мен жастардың спортпен тұрақты айналысуына мүмкіндік береді.

Түркістанда VIII Халық ойындары аясындағы 3×3 баскетбол жарысы аяқталды

Түркістан қаласында өтіп жатқан Қазақстан Республикасының VIII Халық ойындары аясындағы 3×3 баскетбол жарысы өз мәресіне жетті. Елдің түкпір-түкпірінен келген үздік командалар бірнеше күн бойы өзара бақ сынап, жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтады.

Түркістанда байдарка мен каноэ есуден Азия чемпионаты өтті

Түркістан қаласында байдарка мен каноэде есуден 18 бен 23 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы Азия чемпионаты және параканоэден Азия чемпионатының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Азияның үздік жас спортшыларын бір арнаға тоғыстырған дүбірлі дода Түркістандағы халықаралық стандарттарға сай салынған ескек есу арнасында ұйымдастырылды.

Сауран ауданы: Үшқайықта футбол алаңшасы және балалар ойын алаңшасы пайдалануға берілді

Сауран ауданына қарасты Үшқайық елді мекенінде жаңа футбол алаңшасы мен балалар ойын алаңшасының ашылу салтанаты өтті. Іс-шараға аудан әкімі Мақсат Таңғатаров қатысып, ауыл тұрғындарын жаңа нысандардың іске қосылуымен құттықтады.

Түркістан облысы: Мемлекеттік рәміздер күніне орай 10 мыңға жуық адам қатысқан жалпыхалықтық таңғы жаттығу өтті

Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің бастамасымен 4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне орай Түркістан қаласында жалпы халықтық таңғы жаттығу ұйымдастырылды.

Түркістанда байдарка мен каноэ есуден Азия чемпионаты салтанатты түрде ашылды

Түркістан қаласында байдарка мен каноэде есуден 18 бен 23 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы Азия чемпионаты және параканоэден Азия чемпионатының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Азияның үздік жас спортшыларын бір арнаға тоғыстырған дүбірлі дода Түркістандағы халықаралық стандарттарға сай салынған ескек есу арнасында ұйымдастырылды.

Түркістан қаласына Азияның 15 елінен 300-ге жуық спортшы келді

Түркістанда былтыр халықаралық талапқа сай ескек есу кешені ашылған болатын. Оған облыс әкімі Нұралхан Көшеров қатысып, су спортын дамытуға қолдау көрсетті. Ескек есу кешені әлемдік додалар өткізетін деңгейге жеткізілді. Міне, сол жұмыстар жемісін бере бастады. Түркістан қаласы 2026 жылдың 3-7 маусымы аралығында байдарка мен каноэде есуден U18 бен U23 жас санатындағы Азия чемпионатын және параканоэден Азия чемпионатын қабылдау мүмкіндігіне ие болды. Бүгінде тарихи шаһарға Қазақстаннан бөлек Азияның 14 мемлекетінен командалар келді. Бұл – Азияның 14 елінде Түркістан туралы айтылады деген сөз.