Super User

Super User

Шымкент қаласының әкімдігі тұрғындардың баспаналы болуына жағдай жасауда

Қазіргі таңда Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымовтың қолдауымен шымкенттіктердің баспаналы болуға мүмкіндігі жоғарылай түсті. Таяуда ғана соның дәлелі ретінде Шымкент қаласының әкімдігі мен «Баспана» ипотекалық компаниясы АҚ арасында жасалған меморандум түзілген болатын. Ол меморандумға сәйкес бұдан былай бюджеттік салада істейтін әлеуметтік қызметкерлерге «7-20-25» бағдарламасы арқылы берілетін баспана құнының бастапқы 20% жарнасының жартысына әкімдік тарапынан қайтарымды негізде субсидия берілмек.

Түркістан облысы: "Нұр Отан" партиясы Кентау қалалық филиалының конференциясы өтті

Ш.Қалдаяқов атындағы мәдениет сарайының кіші мәжіліс залында "Нұр Отан" партиясы Кентау қалалық филиалының ХХХV конференциясы өтті. Конференцияның күн тәртібінде Қазақстан Республикасының Президенті, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауын талқылау, «Нұр Отан» партиясы Кентау қалалық филиалы Саяси кеңесінің 2017-2018 жылдары атқарған жұмыстары туралы есебі, «Нұр Отан» партиясы Кентау қалалық филиалының Саяси кеңесін сайлау туралы, «Нұр Отан» партиясы Түркістан облыстық филиалының XXХV конференциясына делегаттар сайлау туралы мәселелер қойылды. 

Түркістан облысы: Келес ауданында пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтар жұмыссыз қалмайды

Келес ауданы әкімдігінің мәжіліс залында Келес ауданы әкімдігі жанындағы қылмыстық жазаларды және өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындайтын мекемелер мен органдардың қызметіне жәрдемдесу, сондай-ақ қылмыстық жазаларын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру бойынша консультациялық-кеңесші органының отырысы өтті. 

Осы RSS каналға жазылу