Super User

Super User

Шымкенттік Сенаторлар жастармен жүздесті

ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Нұрлан Бекназаров пен Дархан Сатыбалды Елбасының Жолдауына қолдау көрсетіп, талқылау мақсатында қала жастарымен кездесті. Басқосуда Мемлекет басшысының «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауының жастарға арналған басым бағыттары сөз болды. Жастар ресурстық орталығында өткен жиынға жоғары оқу орындарының студенттері мен арнаулы білім беретін мекеменің шәкірттері қатысты.

Түркістан облысы: жетісайлық шаруалар «Сыбаға» бағдарламасының тиімділігін көріп отыр

Солардың бірі - Мақталы ауыл округі Тың елді мекеніндегі «Муйтембайата» шаруа қожалығы. Бүгінде қожалық қорасында 100 бас бұқа бордақылануда. Мұнда негізінен ірі қара малдың етті қазақы ақбас және германдық тұқымдары жемге қойылған. Неміс бұқаларының ең ірісі кемінде 500, қазақы ақбас өгіздер 350 келіге дейін ет береді екен. 

Түркістан облысы: Жетісай ауданында 120 мың тонна мақта жиналды

Жетісай ауданында 120 мың тонна мақта жиналды. Өнімділік гектарынан 25 центнерден түсті. Десек те, ауданда мақта теру науқаны әлі де жалғасуда. Жетісайлық шаруалар енді бірер күнде бірінші терім жұмыстарын толығымен аяқтайды. Бүгін бұл туралы Жетісай ауданы әкімінің орынбасары Асан Маханбетов мәлім етті. 

Түркістан облысы: «Нұр Отан» партиясы Мақтаарал аудандық филиалының кезектен тыс конференциясы өтті

Мақтаарал ауданында «Нұр Отан» партиясы Мақтаарал аудандық филиалының кезектен тыс ХХХІІІ конференциясы өтті. Аудан әкімі Б.Асанов төрағалық еткен жиынға партия мүшелерімен қатар 2 кент пен ауылдық округ әкімдері, мекеме басшылары, бастауыш партия ұйымдарының делегаттары мен үкіметтік емес ұйым мүшелері, БАҚ өкілдері қатысты. 

Осы RSS каналға жазылу