Іс-шара Ордабасы ауданы, Б.Исаханов елді мекенінің тұсындағы облыстық маңызы бар автомобиль жолдарының қиылысында өтті. Акцияда көлік жүргізушілеріне жол қауіпсіздігін және жолда жүру мәдениетін сақтау бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Түркістан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бас маманы Әлмұхаммет Сейдмұхтардың айтуынша, жол ережесін бұзуға алып келетін негізгі факторлар - көлік жүргізушілерінің жылдамдықты шамадан тыс асыруы, мас халде және ұялы телефонға қарап отырып көлік жүргізуі. Одан бөлек, қауіпсіздік белдіктерін тақпай жол жүру, қарама-қарсы жолаққа өту және ақаулы техникалық жағдайда автокөлікті басқару екендігін атап өтті. Айта кетерлігі, облыс аумағында биыл 8 айда 486 жол-көлік оқиғасы орын алған. Оның ішінде 609 адам зардап шегіп, 182 адам қаза тапқан.
«Бүгінгі өтіп жатқан «Жолдағы қабылдау» акциясының негізгі мақсаты - көлік жүргізушілерінің жол қауіпсіздігін және жолда жүру мәдениетін сақтау, жол-көлік оқиғаларының алдын алу. Бұндай іс шаралар жыл соңына дейін өңірдегі барлық аудандарда өз жалғасын табатын болады. Қазір облыстық маңызы бар автомобиль жолдарына зерделеу жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде облыс аумағындағы елді мекендер мен мектептердің алдына 54 дана «Сергек» камералары мен мектеп және балабақшалардың алдына 42 жерге жасанды жол кедергілері орнатылды. Сондай-ақ, тиісті жол таңбалары сызылды. Бұдан бөлек, облыстық маңызы бар автомобиль жолдарының бойына 1 532 дана жаңа жол белгілері, 30 дана жарықдиодты маркерлер орнатылды. Сонымен қатар, 1 579 дана ескірген жол белгілері жаңартылды»,- деді ол.
Биыл облыста автомобиль жолдарын күтіп ұстау жұмыстары есебінен облыстық маңызы бар жолдар бойында 17 230 шаршы метр шұңқырларды жамау жұмыстары жүргізілген. Айта кетсек, Түркістан облысы аумағындағы жалпы пайдаланымдағы жолдар мен елді мекен көшелерінің жалпы ұзындығы - 17 459,34 шақырымды құрайды. Оның ішінде республикалық маңызы бар жолдар – 723,1 шақырым, облыстық маңызы бар жолдар – 3 983,34 шақырым, аудандық маңызы бар жолдар – 1 727,2 шақырым, елді мекен көшелері - 11 025,7 шақырым.
Сондай-ақ, облыс әкімі Дархан Сатыбалды Түркістандағы маңызы бар жолдардың құрылысын бақылап, жүргізіліп жатқан жұмыстарды тексерді. Аймақ басшысы, алдымен, облыстық маңызы бар КХ-59 «Түркістан-Қарнақ» автожолында болып, 21 шақырымды құрайтын жолға жүргізіліп жатқан орташа жөндеу жұмыстарымен танысты. Жол жөндеу жұмыстары Түркістан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының тапсырысымен 2022 жылдың мамыр айында басталған. Екі жолақты жолдың құрылыс жұмыстарын 2023 жылдың қыркүйек айында аяқтау жоспарлануда. Қазіргі таңда 17,2 шақырым жолға ресайклерлеу, 15,5 шақырым жолға ірі түйіршікті және 13 шақырым жолға майда түйіршікті асфальт-бетонмен тегістеу қабатын салу жұмыстары жүргізіліп, жоспарланған 12 шақырым аяқжолдың 6,4 шақырымы салынды.
– Жыл өткен сайын Түркістанда халық саны көбейеді. Сондықтан жолдарды осы мәселені ескеріп, арнайы жоспармен, стратегиямен салу керек. Қаланың экономикалық-әлеуметтік дамуына оң әсер ететін, көлік кептелісінің алдын алатын, көліктік-логистикалық әлеуетін арттыратын бастамаларды жүзеге асырған жөн. Өндірісті, туризмді дамытуда да сапалы жолдың маңызы зор, – деді Дархан Сатыбалды.
Сонымен қатар Дархан Сатыбалды Түркістандағы Ә.Жангелдин көшесін реконструкциялау жұмыстарымен танысты. Ә.Жангелдин көшесі – төрт жолақты. Жалпықалалық магистралды жолдың ұзындығы 3,8 шақырымды құрайды. Құрылыс жұмыстарын 2023 жылдың соңына дейін аяқтау жоспарлануда. Атқарылып жатқан жұмыстарды тексерген облыс басшысы мердігер мекеме басшыларына жұмысты белгіленген стандарттарға сай, сапалы атқаруды тапсырды.
Түркістан облысында автомобиль жолдары мен елді мекен көшелерінің жалпы ұзындығы 18 118,0 шақырымды құрайды. 2018 жылы жолдардың құрылыс жұмыстарына бюджеттен 26 332,5 млн. теңге қаралып, 437 нысан немесе 1 421,4 шақырым жолдар мен көшелер, 10 көпір құрылыс-жөндеу жұмыстарымен қамтылуда.Биыл оның 417 нысаны немесе 994,7 шақырым пайдалануға берілетін болады. Бұл туралы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Нұрлан Байғұт Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз жиынында мәлімдеді.
Оның сөзінше, 2016 жылы 14 917,2 млн. теңгеге 209 нысан немесе 536,3 шақырым жолдар мен көшелер қалпына келітірілген. 2017 жылы 16 296,2 млн. теңгеге 468 нысан немесе 1 305,4 шақырым жөнделген.– Биыл 2017 жылмен салыстырғанда қаржы көлемі 61,6 пайызға өсіп, нәтижесінде жөндеу жұмыстары жүргізілетін жолдың ұзындығы 8,9 пайызға артты. Яғни, қайта құру мен құрылыс жұмыстарында нысан саны екі есе артып, шақырым көрсеткіші 100 пайызға, шақырым ұзындығы 351 пайызға және бөлінген қаржы көлемі 73,3 пайызға өсім көрсетті. Күрделі жөндеу жұмыстарымен қамтылған шақырым ұзындығы 391,3 пайызға, бөлінген қаржы көлемі 282,3 пайызға өсім көрсетті, – деді басқарма басшысы.
Жалпы алғанда облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының жақсы және қанағатты жағдайдағы үлесі 2017 жылдың қорытындысымен 64,4 пайызға қол жеткізілді. Елбасының берген тапсырмасына сәйкес, жақсы және қанағатты жағдайдағы автомобиль жолдарының 2018 жылғы үлесі 64,7-ден 70,7-ге дейін көтерілді. Жоспарланған көрсеткіш толығымен орындалатын болады.Айта кетейік, облыс аумағындағы облыстық маңызы бар автомобиль жолдарының бойында 410 көпір бар. 2016 жылдың қорытындысымен 410 көпірдің 291-і қанағатты жағдайда болса, 2017 жылы бұл көрсеткіш 309-ға жетті немесе 75,4 пайызды құрады. Ал, биыл 316 көпір қанағатты жағдайға өтеді деген жоспар бар.
2022 жылы жергілікті маңызы бар жолдар мен елдімекен көшелерінің 2094,9 шақырымы құрылыс-жөндеу жұмыстарымен қамтылды. Жыл қортытындысымен 1 247,5 шақырым жол мен көше пайдалануға берілді. Ал Түркістан қаласының 39,3 шақырым көшесіне жөндеу жұмыстары жүргізілді. Жолдарды жөндеуде негізгі басымдық облыс орталығы мен үлкен елдімекендерді «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» дәлізімен қосатын және туристік бағыттағы жолдарға берілді. Ірі жобалардың бірі Түркістан-Шәуілдір бағытындағы ұзындығы 64 шақырымды құрайтын жолдың 35 шақырымында қайта құру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жалпы 16,2 шақырым жолдың бір бетіне 2 қабат асфальт жабындысы салынды. Түркістан қаласына Кентау қаласы жағынан кіреберіс 26 шақырым жолды қайта құру жұмыстары атқарылуда. Өткен жылы нысанға толық 2 қабат асфальт төсемі салынып, уақытша көлік қозғалысына берілді. Биыл қазан айында нысанды пайдалануға тапсыру жоспарлануда.
Сонымен қатар, Қасқасу және Біркөлік елдімекендеріндегі туристтік нысандарға баратын 18 шақырым жол толық жөндеуден өтіп, пайдалануға берілді. Отырар ескі қалашығына баратын 16,9 шақырым жол жөндеуден өтті. Сауран ауданын Түркістан қаласымен қосатын 97,8 шақырым жол жөнделіп жатыр. Оның 76,8 шақырымы толық пайдалануға берілді. Биыл қалған 21 шақырымы жөндеуден өтеді. Ал Түлкібас ауданының Келтемашат, Даубаба, Састөбе, Шұқырбұлақ, Майтөбе, Ынтымақ бағытындағы 70,5 шақырымды құрайтын жолдарға күрделі және орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Оның 37,6 шақырымы пайдалануға тапсырылса, биыл 32,9 шақырымына жұмыстар жалғасады.
Одан бөлек, Қазығұрт ауданындағы Тұрбат, Қақпақ, Қаржан, Жаңабазар елдімекендерін «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» көлік дәлізіне қосатын 62,7 шақырымдық күре жолдар орташа жөндеуден өткізілді. Оның 56,7 шақырымы пайдалануға тапсырылса, 6 шақырым жолдағы жұмыстар ағымдағы жылға өтпелі. Ордабасы ауданындағы Бадам, Шұбар, Қайнар, Ұялыжар, Теспе елдімекендерін «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» көлік дәлізімен жалғайтын 53,4 шақырым жолдарда асфальт жабындылары жаңартылды. Сайрам ауданындағы Таскешу елдімекені мен Созақ ауданындағы Таукент қалашығында жолаушыларға қызмет көрсету пункті ашылды. Сондай-ақ, тұрақты емес тасымалдау қызметіне 8 лицензия, шағын көлемді кеме жүргізушісіне 11 куәлік берілді.
«AQ-QARA.KZ» - ақпарат»