Жұма, 13 Қазан 2023 17:32

Түркістанда жалпыға бірдей сейсможаттығулар өткізілді

«Жер сілкінісі» бойынша сейсмикалық жаттығулар өткізу үшін Түркістан облысы аумағындағы 350 (319 «Марс-Арсенал», 31 «С-40») құлақтандыру жүйелері арқылы дабыл берілді. «Баршаның назарына!» құлақтандыру дабылы іске қосылып, облыс бойынша жалпыға бірдей сейсможаттығулар өткізілді.Мұндай оқу-жаттығу сауатты іс-әрекет жасау үшін тәжірибе жинауға септігін тигізбек. Сейсможаттығулар облыс әкімі аппаратының, басқармалар үйі және департаменттер үйі ғимаратында, Халықаралық қазақ-түрік университеті ғимаратында және де барлық мемлекеттік мекемелерде, білім ұяларында, көп қабатты тұрғын үйлерде ұйымдастырылды.

Сейсмикалық жаттығулар барысында Түркістан облысының Төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері қатысушыларға жойқын жер сілкінісі кезіндегі қауіпсіздік ережелері түсіндіріліп, қауіпсіз орындарды анықтау, эвакуациялау, зардап шеккендерге алғашқы медициналық және психологиялық көмек көрсету, авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу сияқты іс-шаралар көрсетілді. Жиналған қауымға мамандар дабыл іске қосылған кезде дүрбелеңге берілмей тыныштықты сақтауға шақырды. Сейсможаттығуды өткізуге көпшілік белсене қатысты.

Жалпы, жер сілкінген кезде әрбір адам жасырын жер тауып, басты қолмен жабу керек дейді мамандар. Бірінші қабаттан 20-40 секунді ішінде ғимараттан тез шығып, алдын ала дайындалған құжаттарды, ақшаны және қажетті заттарды өзімен бірге алу қажет. Сондай-ақ балаларға, қарттарға және мүмкіндігі шектеулі адамдарға көмек көрсетіп, ғимараттан шыққан кезде суды, газды жауып, үй-жайда электр қуатын сөндіруде мұқият қадағалауы тиіс. Үшінші және одан кейінгі жоғарғы қабаттарда қауіпсіз орындарға жиналып, есіктің ойықтарында, күрделі қабырғалардан пайда болған бұрышта, ішкі қабырғалардың бұрыштарына, үстелдің астына жасырыну адамды құлап жатқан заттар мен сынған бөлшектерден қорғайды. Мамандар терезе қасында тұрудан және шыныдан жасалған жиһаздардан аулақ болуға, жер сілкінісі тоқтаған соң ғимараттан тезірек шығуға шақырады.

Жер сілкінісі кезінде балконнан немесе терезелерден секіруге, лифтті қолдануға, терезелердің қасында тұру және шынымен жасалған жиһаздардың ішіне кіруге, ғимараттың ішінде бірнеше адам болып бір орынға жиналуға, сыртқа шыққанда ғимаратқа және талдарға жақын жүруге болмайды.

Айта кетейік, Түркістан облысында жалпы 1 893 нысанда, оның ішінде 650 мектепке дейінгі білім беру ошағында, 992 орта білім беру мекемесінде, 31 кәсіптік және 10 жоғарғы оқу орнында, 49 әкімшілік нысанында, 76 денсаулық сақтау нысанында, 3 химиялық қауіпті нысанда, 55 әлеуметтік сипаттағы нысанында, 27 жеке тұрғын үй секторында сейсмикалық жаттығулар өткізілді.

Жер сілкінісінің алғашқы дүмпуі кезінде газды, су мен электр қуатын сөндіріңіз. Егер жер сілкінісінің күші аз болса, онда оны тұрған жеріңізде күткен абзал. Одан едәуір күштірек жер сілкінісі кезінде (дүмпу күші бес және одан да жоғары баллды құраса), егер сіз ғимараттың екінші және одан жоғарғы қабаттарында  болсаңыз, ғимараттан шығыңыз. Ішкі қабырғаның, бұрыштың, есік жақтауының қауіпсіз жеріне тұрыңыз, ваннаға жата қалыңыз. Кереуеттің немесе стөлдің астына кіріңіз - олар сізді құлауы мүмкін заттардан және сынықтардан қорғайды. Терезе мен ауыр жиһаздан алыс тұрыңыз. Лифтіні пайдаланбаңыз. Егер сіз көшеде болсаңыз, ғимараттар мен электр беруші желіден ашық алаңға қарай алыстаңыз, үзілген электр сымдарына жақындамаңыз. Ғимарат жанынан жүгірмеңіз және оларға кірмеңіз. Егер сіз автомобильде болсаңыз, дүмпулер тоқтағанға дейін автомобильден шықпай ашық алаңда қала беріңіз.

Есте сақтаңыз: жер сілкінісі кезінде адам өлімінің сирек кездесетін себебі болып жер қабатының қозғалысы табылады.  Жер сілкінісінен кейін: Қажет жандарға медициналық көмек көрсетіңіз. Қатерге шалдыққандарды қоқыстан арылтыңыз, егер ол үшін қосымша жасақтауды талап етпесе. Радиоқабылдағышты қосыңыз. Мүмкіндігіңізше су құбыры мен газды тоқтатыңыз және энергия жабдықтаушыны сөндіріңіз. Ашық отты пайдаланбаңыз. Жер сілкінісі кезінде өзіңіз болған ғимараттан шығар алдында абай болыңыз. Радионы қосулы күйінде ұстаңыз, қызметтердің белгілерін тыңдаңыз.

Аяқасты ғимараттың толық немесе жекелеген құлауы - бұл ғимаратты жобалау кезінде кеткен қателіктер, құрылыс жұмыстарын жүргізген уақыттағы жобадан алшақтау,  ғимаратты немесе оның бөліктерін эксплуатациялау кезіндегі монтаж ережелерін бұзу салдарынан туындаған төтенше жағдайлар, сонымен қатар табиғи немесе техногенді төтенше жағдайлардың салдары. Құлауға  көп жағдайда террорлық акт салдары болып табылатын жарылыстар, тұрмыстық газ құбырларының қате эксплуатациялануы, отты қауіпті пайдалану, ғимарат ішінде жеңіл жанатын және жарылыс қауіпі бар заттарды сақтау да септігін тигізеді. Кенеттен құлау ғимараттың ұзақ уақыт бойында қатардан шығуына, өрттің тұтануына, коммуналдық-энергетикалық желілердің істен шығуына, қоқыстардың жиналуына, адамдардың жарақаттануы мен өліміне әкеліп соғады.

Ғимараттың кенеттен құлауы кезінде әрекет ету жоспарын алдын-ала ойластырыңыз және олармен өз отбасыңыздың барлық мұшелерін таныстырыңыз. Оларға кенеттен құлау жағдайында әрекет ету тәртібі мен алғашқы медициналық көмек көрсету ережелерін түсіндіріңіз. Міндетті түрде жинақталған медициналық қобдишаңыз бен өрт сөндіргішіңіз болсын және қолжетімді жерде сақтаңыз. Улыхимикаттары, оңай өртенуші сұйықтықтар мен өзге де қауіпті заттарды сенімді жерде ұстаңыз. Пәтерге газ баллондарын қажет болмаған жағдайда кіргізбеңіз. Электр қуаты көзінің орнын, газ бен су құбырларының магистральді батырмаларын, электр көзін, газ бен токты кенеттен тоқтата біліңіз.
Газдың аз мөлшерде болсын таралуы кезінде оның пәтерге кіруіне тосқауыл қойыңыз, ғимаратты тексеріңіз және телефон нөмірі арқылы "Қалалық газ" 104 қызметіне хабарлаңыз. Оттың ашық көздерін, электр сөндіргіштерді және электр тұрмыстық құралдарын газды толық желденуіне дейін пайдалануға қатаң тыйым салынады. Ғимараттың дәліздерін, саты алаңын, апатты және өрт жолдарын бөгде заттармен бекімеңіз. Ыңғайлы жерде құжаттарыңызды, ақшаларыңызды, қалта шамы мен қосалқы батареяларын ұстаңыз.

Ғимараттың кенеттен құлауы кезінде қалай әрекет ету керек дейтін сауалға келер болсақ, жарылысты естігенде немесе ғимарат өз тұрақтылығын жоғалтатынын байқағанда, құжаттарды, ақшаны және бірінші кезекте қажетті заттарды ала отырып, оны тез арада тастап кетуге тырысыңыз. Үй-жайдан шығып, баспалдақпен түсіп, лифтті пайдаланбаңыз, өйткені ол кез келген уақытта істен шығұы мүмкін. Эвакуация кезінде үрей, есіктердегі қысымның алдын алып, балконнан және терезеден бірінші қабаттан жоғары секіретіндерді, сондай-ақ әйнектелген терезелер арқылы тоқтатыңыз. Көшеде тұрып, ғимараттардың жанында тұрмаңыз, ашық кеңістікке өтіңіз. Егер сіз ғимаратта болсаңыз және одан кету мүмкіндігі болмаса, онда ең қауіпсіз орынды алыңыз: күрделі ішкі қабырғалардың ойықтары, күрделі ішкі қабырғалардың бұрыштары, каркас арқалықтарының астында. Егер балалар сізбен бірге болса, оларды өзіңізбен тосқауыл болып жабыңыз. Қажет болған жағдайда өзіңіздің шығу мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін пәтер есігін ашыңыз. Үрейленбеңіз және тыныштықты сақтаңыздар, қатысушыларға қолдау көрсетіңіз. Терезеден, электр құралдарынан алыс ұстаңыз, дереу суды, электрді және газды өшіріңіз. Егер өрт пайда болса, бірден оны өшіруге тырысыңыз. Телефонды тек құқықтық тәртіп органдарының өкілдерін (102 тел.), өрт сөндірушілерді (101 тел.), дәрігерлерді (103 тел.), құтқарушыларды (112 тел.) шақыру үшін пайдаланыңыз. Балконға шықпаңыз. Сіріңкені пайдаланбаңыз, себебі газдың шығу қаупі болуы мүмкін.

«AQ-QARA.KZ» - ақпарат

Оқылды 230 рет