Бейсенбі, 19 Қазан 2023 17:43

Түркістан қаласының қауіпсіздігі 812 бйнекамера арқылы бақылануда

«Қауіпсіз қала» жобасы аясында Түркістан қаласында 812 бейнебақылау камерасы іске қосылған. Бақылау камералары «Жеңіс» саябағы, «Алтын орда» автобекеті, «Керуен сарай» сауда кешені, «Қуаныш» базары бағыты бойынша, Тәуке хан даңғылы, С.Ерубаев, М.Тынышқұлов, Төле би, Нышанов көшелері, Түркістан теміржол станциясы аумағында орнатылған.

Қала тұрғындары мен қонақтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қаладағы қылмыстың алдын алу мақсатында орнатылған камералар 24/7 қағидасы бойынша жұмыс істейді. Бейненің сақталу уақыты – 30 күн. Бұдан бөлек, қаладағы қауіпсіздікті күшейту үшін 11 дана шұғыл жәрдем батырмасы орнатылған. Оқыс оқиғалар болған  жағдайда батырмаларды басу арқылы Түркістан облысы Ішкі істер департаментінің «Жедел басқару орталығының» қызметкерімен тікелей байланысып, көмекке жүгінуге болады.

Мұндай батырмалар Қожа Ахмет Ясауи кесенесі аумағы, «Гүлдер», «Жібек жолы», «Жеңіс» саябақтарында және кіші арбат пен «Керуен сарай» кешенінде іске қосылған. Айта кетейік, жыл басынан бері «SOS» шұғыл жәрдем батырмасы арқылы 5458 рет кіріс, 7103 рет шығыс қоңыраулары түскен. Қауіпсіздікті күшейту бағытындағы жұмыстар жалғасады. 

Мемлекет басшысы  Қасым-Жомарт Тоқаев. «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауында  заң үстемдігі мен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етпейінше әлеуметтік-экономикалық дамудың бірде-бір аспектісін табысты жүзеге асыру мүмкін еместігін айтқан еді. «Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы елдерінің тәжірибесі бойынша қылмыспен күрес саласын жаңғыртқан жөн. Бізге азаматтардың құқығын заманауи тұрғыдан қорғауды қамтамасыз ететін және жоғары халықаралық талаптарға жауап беретін үлгі керек. Қазақстанда өкілеттіктердің ара жігі нақты ажыратылған үш буынды модель құру керек деп санаймын. Тағы да қайталап айтамын, заңдылық пен әділеттілік сөзсіз қамтамасыз етілуге тиіс. Қылмыстық істегі қателік адам тағдырын өзгертетінін естен шығармау керек», – деп мәлімдеген болатын. 

Президент айтқандай қылмыспен күрес шаралары Түркістан қаласында да жоғары деңгейде атқарылып келеді. Мемлекет басшысының  Жарлығымен бекітілген он жобаның бірі – «Қауіпсіз ел» ұлттық жобасы. Мұндай жоба Түркістан қаласында да жүзеге асырылып келеді және шаһарда «Қауіпсіз қала» жобасы аясында қол­ға алынған жұмыстар  нәтижесіз емес. Бұл бағытта, әсіресе, түркістандық поли­ция қызметкерлеріне жүктелген жауап­кершілік аса зор. Себебі қауіпсіздік туралы сөз қозғалғанда, ең алдымен, қаланың тыныштығы мен қоғамдық тәртібін қа­дағалап жүрген тәртіп сақшыларына арқа сүйейтініміз анық.

Түркістан қаласының полиция басқармасында 500-ден аса қызметкер еңбек етеді. Оның ішінде 103 учаскелік полиция және 214 патрульдік инспектор қоғам тыныштығына үлес қосып келеді. Қалада қылмыстың азаюына соңғы жылдары жүзеге асырылып келе жатқан «Түркістан – қауіпсіз қала» бағдарламасы да өз септігін тигізуде. Сондай-ақ бүгінде тәртіп сақшылары өз қызметінде киелі қаланы қауіпсіз әрі ішімдіксіз, рухани қала ету бағытына басымдық беруде.

Түркістан қаласында қасақана кісі өлтіру, зорлау қылмысы, қарақшылық қылмысы, тонау қылмысы, ұрлық қылмысы, қорқытып алу қылмысы, отбасы-тұрмыстық қатынас аясында жасалған қылмыстар төмендегенін атап айтуға болады. Яғни, күнделікті учаскелік полиция инспекторларымен жүргізілген профилактикалық жұмыстардың барысында ҚР ӘҚБтК-нің 73 бабында (Отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер) көрсетілген құқық бұзушылықтарды жасаған үшін 402 (2021ж-288) тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Қорғау нұсқамасына 363 (2021ж-301) тұлға, сот арқылы ерекше талап қойылғандар 47 (2021ж-41) тұлға Басқарманың профилактикалық есебіне алынып, олармен бақылау жұмыстары жүргізілуде.

Мамандардың айтуынша қалада жасөспірімдермен жасалған қылмыстар төмендеген. Ағымдағы жылдың басынан бастап жасөспірімдермен жасалатын қылмыстарды алдын алу мақсатында, прокуратура, қалалық әкімшілік, білім бөлімімен бірлесіп, «Балалардың жол қауіпсіздігі», «Жасөспірім», «Абайлаңыз балалар», «Түнгі қаладағы балалар» атты рейдтік іс-шаралары өткізілген. Сондай-ақ түнгі рейдтік іс-шаралар күнделікті жүргізілуде.

Қала аумағында қылмыстың алдын алу, оның жолын болдырмау және «Түркістан – қауіпсіз қала» бағдарламасын жүзеге асыру барысында  Түркістан қалалық прокуратура және жергілікті әкімшілік қызметкерлерімен бірлесе, Түркістан қаласының «Ақсақалдар кеңесі», «Спорт шеберлері», «Құқық бұзушылыққа бейім оқушылар», «Бұрын сотты болғандар», «Кәсіпкерлер», «Автобус жүргізушілері», «6-шы Сектор», «қала белсенділерімен» және кездесулер өткізілді.

Түркістанды қауіпсіз қалаға айналдыру мақсатында, жыл басынан бері қала көлемінде, күнделікті рейідтік жұмыстардан белек, әр аптаның жұма және сенбі күндері Түркістан қалалық Полиция басқармасының қызметкерлерімен-«бір нүктелік» жедел профилактикалық рейдтік іс-шарасы 54 – рет өткізіліп, өз жалғасын табуда. Түркістан қаласы Полиция басқармасының жеке құрамымен қала көлемінде қылмыстық (Алаяқтық, интернет алаяқтық, ұрлық, тонау және т.б) қүқық бұзушылықтардың алдын алу бағытында билборттар, брошюралар, ескертпе парақтары таратылды, телеарна және әлеуметтік (фэйсбук, инстаграмм) желілері арқылы бейне роликтер кеңінен жариялымға шығуда.

Сонымен қатар, Түркістан қаласы аумағында 9 учаскелік әкімшілік аймаққа бөлінген, оның 8 учаскелік тірек пункті бар, яғни қосымша 8 учаскелік тірек пунктін салуға және барлық учаскелік тірек пунктеріне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізіп, стандартқа сәйкестендіруді қажет етеді. Қазіргі таңда, Түркістан қаласы бойынша 33 жалпы орта мектебі, Н.Назарбаев атындағы республикалық инновациялық және Түркістан облысына қарасты «Дарын» мектептептеріндегі бейнебақылау камералары Полиция Департаментінің Жедел басқару орталығына қосылған. Онымен қоса, 20 зияткерлік бастауыш мектептерінің бейне камераларын, жедел басқару орталығына «интеграциялау» қосылуын және барлық білім беру мекемелерін «Мамандандырылған күзет» қызметкерлерімен қамтамасыз ету жоспарланып отыр. Қала көлемінде соқыр аймақтарға (слепой зона) қосымша 700 дана «Сергек» бақылау бейнекамераларын орнату жоспарланған.

Осы орайда, полиция қызметкерлерімен жүргізілген профилактикалық іс- шаралар аясында, маскүнемдіктен зардап шегетін есепте тұрған тұлғаларға ғана емес, алкоголь өнімдерін сататын сауда орындарының қызметіне де бақылау жүйелі түрде күшейтілген. Алкогольдік өнімдердің кесірі қоғамдағы тыныштықты бұзумен ғана шектелмей, көлік құралдарын да алкогольдік масаң күйде басқарып, жол-көлік оқиғаларының өсуіне себеп болатыны айдан анық. ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабында көрсетілген (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және уытқұмарлық масаң күйде басқаруымен) дерек анықталып, әкімшілік хаттамалар толтырылып, он бес тәулікке әкімшілік қамаққа алуға және жеті жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыру жазасы тағайындалуда.

Учаскелік полиция инспекторлары, сектор жетекшілерімен бірлесіп, құқық бұзушылықтар бойынша түсіндіру және буклеттер тарату арқылы тұрғындар арасында профилактикалық жұмыстар жүргізілуде. Қабылданып жатқан шаралардың нәтижесінде, жалпы қылмыстар өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда төмендеген. Оның ішінде, қоғамдық орындарда жасалған қылмыстар, көшелерде жасалған қылмыстар, отбасы тұрмыстық қатынастарда жасалатын, соттылығы жойылмағандармен жасалған қылмыстар төмендеген. Жасөспірімдермен жасалған тұрақтанған.

Отбасы-тұрмыстық қатынаста жасалатын құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында, келіп түскен хабарламаларға талдау жасалып, олардың қайта жасалуын болдырмауға профилактикалық жұмыстар жүргізілуде. Атап айтар болсақ, ҚР ӘҚБтК-нің 73 бабымен (Отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер) былтыр 457 (2021ж-400) тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Жәбірленушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және профилактикалық жұмыстар жүргізу үшін 395 (2021ж-334) тұлға қорғау нұсқамасы шығарылып, 49 (2021ж-48) тұлға сот арқылы ерекше талап орнатылып профилактикалық есепке алынды.

«AQ-QARA.KZ» - ақпарат

Оқылды 209 рет